Рудольф Штейнердің Вальдорф мектебінің тәжірибесінен алынғандар энциклопедиялық білімдерді оқытпау, көркемөнер- эстетикалық талғамдарды дамытуға ден қою.
Р.Ш. Вальдорф адамды терең тану, мақсаты- ізгі адамдарды тәрбиелеу деді. Мұндай тәрбиенің басты бағыты- эмоционалдық эстетикалық тәрбие. Бірінші орында қиял мен фантазияны дамыту. Сол арқылы баланы қатігездікке қарсы тұрғызу. Адамды қоршаған өмір оқытылып, асторномия космосты танытты.
Бұл педагогиканың аты алғашқы ашылған мектеппен байланысты. 1919 жылы Рудольф Штейнер\ 1861-1925\, Вальдорф- Астория \Германия\ темекі фабрикасының жанынан мектеп ашты.
Штейнердің міндеті өсіп келе жатқан адамның өмірлік циклдарын теориялық негіздеу.
Баланың ауысуы мен жыныстық жетілуі баланың жасын кезеңдерге бөлуге негіз болады. Штейнер баланың жасын үш кезеңге бөледі. Әрбір кезең жеті жылдан тұрады. Алғащқы жеті жыл мектепке дейінгі кезең. Бұл кезде балаға негізінен дене тәрбиесі беріледі. Оқыту репродуктивті түрде жүреді.
Екінші кезең (7- 14 жас) дене тәрбиесіне баса назар аударылмайды баланың ақыл- ойының дасуына нақтылық, образдар әсер етеді. Осы кезеңнің бір маңызды ерекшелігі- баланың есте сақтау қабілетінің жедел дамуы. Бұл кезеңде мұғалім баланы құштеп оқытпау керек., қайта баланың оқу материалын өзі қабылдауына жағдай жасаған дұрыс. Сондықтан тәрбиеші баланың ұстазы, нағыз шебер адам болу керек. Ол тек жақсылық, әсемдік, шындық туралы балаға айтып қана қоймай, өзі оған үлгі болуы тиіс. Бала тәрбиешінің істегенін істейді.
Үшінші кезең (14- 21 жас) баланың рухани өмірінің дасуы»Астральдық» дене. Бала ақылды бола бастайды. Табиғат пен өмір құбылыстарына өзі баға береді. Тәрбиеші одан бір адым кейін шегінеді.Енді ол- ақылшы ұстаз. Жас адам ересектердің қамқорлығынан босайды.
Барлық кезеңдерде тәрбиеші баланы табиғатты сүйуге, қорғауға, онда жүмыс істеуге үйретеді. Оқыту баланың әртүрлі іс- әрекетті арқылы жүзеег асады. Іс- әрекет оқушыға білім және тәрбие береді.Мектепте педагогикалық процестегі аптасына бір рет талқылайды. Мектеп архитектурасына үлкен мән береді.Дәстүрлі бұрыш, квадрат, тік бұрышты бөлменің орнына дөңгелек түрінде, табиғат аясында салынған ғимараттар болады.
Пәндер әр цикл бойынша күніне 2 сағат оқылады. Бұған саз, өнер, шет тілі, еңбек кірмейді. Оқытуда экскурсия практикалық сабақ, тәжірибе жасау кең қолданылады.