Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолдасымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді.Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөніндегі менктеппен тығыз байланыста болуды өте жақсы көреді. Өйткені , бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі- бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- ананың борышы.
Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипатттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мыналар жатады:
- Отбасының этикалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
- Тіршілік әрекетінің және орталық жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджетті, жалпы материалдық әл- ауқаты, селолық және қалалық отбасы.
- Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстық жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музика аспаптарын пайдалана білу.т.б.
- Ішкі үйелмендік қатынастар микроклиматының сипаттамасы, отбасында көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, үйелмен мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.
Отбасының өзіне тән ерекше функциялары бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттік шаруашылық функциясы, отбасы мүшелерінің өзара және туған- туысқандарымен қатынас жасау функциясы.
Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі- сол тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастырының өмірмен, сол сәттегі адамның көңіл- күйімен, материалдық, әлеуметтік жағдайымен ұштаспай қарқаусыздануынан болып отыр.
- Отбасындағы өктемдік баланың өзіне- өзі басқарудың, билеуден айырады. Ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш- жігері төмендейді, сезімді мақұлдайды.
- Баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік ата- ананың баласына деген сүйіспеншілігі. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді.
- Отбасында бірыңғай талаптың болмауын, ересектер арсындағы алауыздықты пайдаланып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өс еді.
- Ата- ана баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысады, оған бөгет жасайды. Ол баланың қалыптасыуна кері әсер етіп, бөгет жасайды.
- Ата- ана баласының іс- әрекетіне немқұрайды қарап, жауыпсыздық танытса, бала оны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алады.
Ата- ана абыройы дегеніміз- бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір формасы- педагогикалық насихат, яғни ана- аналарға педадагогикалық білімді насихаттаудағы маңызы өте зор.
Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуде болымды әсер етеді.
Мектептің ата- аналар комитеті мұғалімдерге, ата- аналарға көмектеседі, балалардың демалысын, қиын отбасыларды шефке алады, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстары ұйымдастыруға қатысады. Аат- аналар жиналыстарын, олардың конференцияларын пікірталастарды, балалр мерекелерін өткізудің дайындық жұмыстарына қатысады.
Мектептің, отбасының, бүкіл халықтық және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарында түсеге халық шаруашылығының салаларында еңбеке тәрбиелеу.
Мектеп мемлекеттік мекеме, оның бойына жас ұрпақты әр кезде өзгеріп отыратын жағдайлар мен құбылыстарды ажырата білетін, жасампаз шығармашылық тұғысынан әр құбылысқа баға бере қарайтын, мамандық иелері, қоғам мен заман талабына сай талаптарды көре біліп, іс жүзінде асыратын мамандар жұмыс істейді. Олай болса мектеп өзіне бөлініп берілген шағын ауданда, ауылды жерде т.б. мемлекетатынан іс- әрекет жасай отырып негізгі заңда жазылған білім беру саласындағы қағидаларды , ата- аналармен, әрбір отбасыымен бірлесе отырып, ынтымақтастықтың бірнеше түрі бар. Ата- аналарды педагогика- психологиялық білім негіздерімен қаруландырып отыру мектептің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Ата- аналарға педагогикалық білім беру үшін ата- аналар конференциясын, әңгімелер, сұрақ- жауап, консультациялар өткізеді.
Ата- аналар педагогикалық мәдениетін көтерудің жоғары түрі халық университеті. Университет арқылы ата- ана психология- педагогикалық білім алып, тәрбие мен оқыту теориясы және тәжірибе салаында білім алып, тәрбие мен оқыту теориясы және тәжірибе саласында білім жинақтайды. Бұл сабақтардың тиімділігін арттыру үшін конференциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, концультациялар, экскурссиялар пайдаланады. Ата- аналар рефераттар жазып өткізеді.
Бүгінгі таңда нарықтық экономикаға өтумен байланысты бұл салада ойланып істейтін шаралар көп. Егер нағыз қоғамға пайдалы адамдар тәрбиелеп шығару қажет деп тауып, білімнің маңызын көтеру қажет болса, мемлекет тарапынан істелетін шаралардың бірі болады, сөйтіп, оны шешудің экономикалық кілтінің табылары анық.
Бала тәрбиесіне байланысты ұсынылатын әдебиеттер тізімі ата- аналарға әрбір сынып арқылы жүйеленіп берілуі тиіс.
Университетте өтетін сабақтар бағдарламалар мен оқу жоспары, сабақ кестесі бойынша белгілі бір жүйемен жүргізеді. Сынып ата- аналары жиналысында ата- аналар комитеті, олардың төрағасы сайланады. Бүгінгі өзгерістерге байланысты бұлардың өзіндік ерекшеліктері қалыптасады.