Егер де іштей жеке тұлға ортаға мәнді тәуелді болса, әлеуметтік педагогикада суреттелетін және түсіндірелетін адамдардың қарым- қатынасмен және өзара іс- әрекетімен байланысты оның мінез- құлқының түрлеріне жатады.
Әлеуметтенуді қоғамдық тәжірибені индивидтің меңгеру және белсенді өндіру үрдісі, соның нәтижесінде ол жеке тұлға болып қалыптасады және өмірге қажетті білімді, дағдыны меңгереді, демек, белгілі міндеттерді шешу барысындағы олармен қарым- қатынас және іс- әрекетжасау қабілеттілігі деп түйеді.
Әлеуметтену- бұл адамның қоғамдық өмірдің тәжірибесін меңгерудің жан- жақты үрдісі. Әлеуметтену адамның әртүрлі адамдармен өзара тиімді қарым- қатынасқа қажетті азаматтық қатынастардың мәдениетін, әлеуметтік нормаларды меңгеруін қамтиды. Сонымен қатар ол адамның қоршаған әлеуметтік шындықты белсенді танып білуін, дара және топтық жұмыстың дағдыларын меңгеруді, ол үшін қажетті қабілеттерді дамытуды қажет етеді.
Әлеуметтену ұғымы адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеру нәтижесі, сонымен қатар қызметі болып табылады. Жеке тұлға әлеуметтенудің негізгі қайнар көздеріне жанұя, мектеп, қоғамдық институттар мен ұйымдар, баспасөз, радио, теледидар жатады. Әлеуметтену үрдісі негізінен бір- бірімен қарым- қатынас арқылы іске асады.
Әлеуметтенудің жеке, бірақ өте қажетті қызметі- ұқсас. (ИДЕНТИФИКАЦИЯ) Балалар өсу және дамумен қатар ата- аналарға, жора- жолдастарына, қоршаған ортадағы адамдарға тән әртүрлі ережелерді, қатынастарды және көптеген тәрбиелейді. Сол адамдардан олардың көзқарасын және өмір тәжірибесін қабылдайды.
Кейбір жүргізілген эксперименттерде белгілі бір адамдар мен балаларды идентификациялауға мүмкіншілік жасайтын тетіктер мен шарттар ашып көрсетілді. Мысалы: идентификацияның нысаны көп жағдайда үлкендер болатындығы, оларға негізінен балалар көп еліктейтіндігі атап көрсетілді.
Отбасында ана ықпалды болған жағдайда, қыз балалар негізінен әкесіне емес, анасындай болуға еліктейді; ал ер балаларда ерлердің тәрбиелік қасиеттерін алудақайшы келетін дамудың белгігі қиындықтары пайда болуы мүмкін.Аләкенің беделі басым болса, керісінше, қыздар көп жағдайда өздерінің әкелеріне ұқсауға ұмтылады. Сонымен қатар бір уақытта қыз балалардың бойларында анасына тән көптеген мәнез белгілері қалыптасады.
Әлеуметтенудің басқа да факторлары- еліктеу, сендіру, әлеуметтік фацилитация, басқаның айтқанына көнгіштік.
Еліктеу- бұл басқа адамдардың тәжірибесін жеке тұлғаның саналы немесе санасыз қайта жаңғыртуы, оның ішінде мұның қозғалысы, қылығы, сырт пішіні және іс- әрекеті.
Еліктеу тетігі туа біткен болып табылады. Еліктеу қозғалысының әртүрлі түрлерін жоғары сатыдағы жануарларда, алдымен адам тәріздес маймылдарда аңғаруға болады. Адамдарға бөбектік және мектепке дейін жас кезеңдерінде ерекше анық байқалады. Ерексек адамдарда басқалармен салыстырғанда дамуда қосымша рол атқарады.
Сендірудің үрдіс- ретінде қарастыра отырып, оның нәтижесінде адамның қатынас жасайтын басқа жолдармен ішкі тәжірибесін, ойларын, сезімдерін, психикалық жағдайларын санасыз қайта жаңғырту іске асады. Сендір арқылы басқа адамдардың көңіл- күйін білеміз.
Әлеуметтік педагогикада басқаның айтқанына көнгіштік (конформизм) сияқты әлеуметтену тетігіне ерекше мән берілді. Конформизм дегеніміз адам мінез- құлқының бір түрі Конформизм- басқаның айтқанына көнгіштік, қоршаған ортадағы адамдармен қарым- құатынастың өзіне артық қиындық туғызбау үшін басқаның айтқанына көну.
Әлеуметтік жұмыстың негізгі функцияларына мыналар жатады: әлеуметтік диагностика болжау ескерту- сақтандыру, құық қорғау, әлеуметтік- педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік медининалық. Қарым- қатынас, тұрмыстық, адамгершілік, ұйымдасытуршылық функциялары.
Егер әлеуметтік қызметкер тиісті кең ауқымды білімді және іскерлікті иемденсе, онда ол осы айтылған міндеттерді және функцияларды жүзеге асыра алады.
Кәсіби құндылықтар әлеуметтік қызметкерді өз қызметінде жауапкершілікті сақтап, белгілі бір міндеттерді орындауға бағдарлайды. Әлеуметтік қызметкер адамдардың қайғы- қасіретімен және мәселелерімен жұмыс істейді. Сондықтан бұл мамандықта аса маңызды болып адами құндылықтарды этикалық, сексуалдық, саяси, тілдік, діни, әлеуметтік- экономикалық белгілеріне, мінез- құлқына, жағдайына, статусына және өзге ерекшеліктеріне қарамастан құрметтеу қарасырылады.
Егер біз әлеуметтік жұмыс құндылыцқтарды, міндеттерді, мақсаттарының әрқайсысын жеке қарасытырсақ, онда олардың ешқайсысы тек осы кәсіпке ғана тән емес екеіне көзіміз жетеді. Алайда олардың осындай тамаша үйлесімділігі әлеуметтік жұмысты өзге мамандықтардан ерекшелеп тұр. Бірге қарастырған бұл құныдлықтар жүйелі әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік саясат институтымен тығыз байланыстылығын көрсетеді.
Егер кәсіби мінез- құлықтың операциялы құныдықтары ретінде бірнеше қасиеттерді алсақ. Онда идеялды әлеуметтік жұмыскер- бұл қайырымды, ашық, қамқор, жауапты, клиент, арқылы берілген мәліметтерді құпиялылығына жауапты адам. Өзіндік таңдау құқығы- бұл да әлеуметтік қызметкердің ниструменталды құндылықтарына мысал бола алады.
Әлеуметтік қызметкерді кәсіби қызметті қандайда бір мәселені шешуде үш образбен сипатталып, әлеуметтік жұмыс маманның кәсіби бейнесін береді.
- Тәрбиелік- мұғалім, кеңесші, эксперт ролінде.
- Фасилитативтік- қиындықтың және мәселенің алдын алудағы дем беруші және көмек көрсетуші, қолдаушы және келістіруші рролінде. Әлеуметтік қызметкер клиенттің мінез- құлқын түсіндіреді, клиенттің болашақтағы әреукетінің жоспарын ұсынады және талқылайды, ішкі ресурстарды табуға көмектеседі.
- Қорғпаушылық- нақты клиент және клиенттер тобының және де өзінің құқын өз беттерінше қорғай алатын адамдардан көмекші атынанқорғаушы ролінде. Мұндай түрдегі қызмет өзіне жеке адамдарға дәлелдерін ұсыну, құжаттық және заңдылық материалдарын таңдауда көмек көсетуді қосады.
Әлеуметтік жұмыстың әрбір клиентпен тәжірибесінің жүйеліліігн атап өту маңызды. Әлеуметтік жұмыстың негізгі жүйелі компоненттері- бұл әлеуметтік қызметкер өзгеріс агенті ретінде; әсер ету объектілері; ынтымақтастық жүйесін басқару және қалыптастыру қажеттілігімен кездеседі. Ынтымақтастық жүйесінің көлемі және құрылымы жағдайдан жағдайға ерекшеленуі мүмкін.