Біз жоғарыда негізгі этностық белгілер ретінде тіл, халқтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр, дағды т.б. атап көрсеттік. Осылар арқылы бір халық екіншілерінен ажыратылады. Олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады, ұлттың негізгі белгілері баии түседі. Бұл құндылықтардың көпшілігі бұзылды, орыстандырылды. Ұлттық өнерді, киімдерді, үй жиһаздарын музейден көқретін болдық. Ұлттық камзол, көйлек киген,
орамал тартқан тамаша қазақтың қыз-келіншектерін ескінің қалдығын насихаттаушылар деп түсіндік. Қазақтың ұлттық ойындары да ұмытыла бастады, олар арақ-шарап ішіп, аяғы төбелеске айналатын жиындармен алмастырылды. Қыз ұзату, келін түсіру, дәстүрлері мазмұнын өзгерте бастады. Қазақтың қараша үйлері, ат-тұрмандарына көшпелі халықтың дәстүрі деген баға беріле бастады. Үлкенге құрмет, екі қолын беріп амандасу, жол беру т.б. әдептер өзінің ұлттық мазмұнын жоя бастады. Дінге деген көзқарас өзгерді, түгелдей атеистерге айналдық.
Дегенмен, ұлтаралық қарым-қатынастың қайсібір жағымды жақтарын да атап айтқан жөн. Кеңеси өкіметі тұсында Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналды. Республикада 130 ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрды, қазір де солай. Ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамай, қазақтар мен басқа да өкілдері Қазақстан халқын құрап отыр.
Ұлт саясатының жақы нәтижесін берген бір саласы – халыққа білім беру саласы. Халықтың блімділігі жағыфнан біз бірқтиар дамыған елдерден кем емеспіз. Сауатсыздық деген атымен жорйылды. Жаппай жалпыға бірдей орта білім беруге көшкенбіз. Әрбір үш жарым адамның бірінің жоғары және ортиа арнаулы білімі болды. Жоғары потенциалды ғылымның берік негізі қаланды.
Қарым-қатынас барысында өзін-өзі, өзгені білу және тану механизмдеріне идентификация, эмпатия, аттракция, рефлексия жатады.
Идентификация — өзгенің орнына өзін қойып, оның ішкі дүниесін түсіну, өзгені тану тәсілі, өзін өзгеге ұқсату. Идентификациялану барысында өзгенің құндылықтары, мінез-құлықтары, әдеттері өз бойына сіңіріледі. Идентификация, әсіресе, жасөспірімдерге тән құбылыс. Өздері идеал, кумир ретінде таңдаған кісі (олардың ойы бойынша) не істесе, бұлар да өз іс-әрекетін соған ұқсатуға тырысады. «Оның орнында болсам, мен не істер едім?» сұрағына жауап іздейді. Кішкентай қыз ойнағанда өзін мамасына теңестіреді, анасы қалай сөйлесе, сондай дауыс ырғағымен бұл да қуыршағымен сөйлеседі. «Болмасаң да ұқсап бақ» деген мақал соның дәлелі болар.
Эмпатия – эмоциялық түсіну, өзгенің ішкі жағдайын өз сезімдері арқылы қабылдап білу. Эмпатияның негізінде жатқан жәйт — өзгенің ішінде не болып жатқанын, ол не сезіп тұрғанын, дүниені қалай бағалайтынын дұрыс елестетіп білу. Эмпатиясы жоғары дамыған адамның айырмашылығы – бір оқиғаны әр адам әртүрлі қабылдайтынын, солай қабылдауға мүмкіндігі, құқығы бар екенін мойындауында. Эмпатия, ортақтасу серігімен эмпатиялық қарым-қатынас құру – педагогтардың, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің маңызды кәсіби қасиетінің бірі. Эмпатиялық қабілеттерді дамыту адами ортақтасумен тікелей шұғылданатын мамандардың басты міндеті болып табылады. Бұндай қабілеттер психологиялық машықтар арқылы шынығады.
Аттракция — өзгені танып білудің ерекше түрі, ол өзгеге қатысты тұрақты жылы сезім қалыптастыруға негізделген. Ортақтасу серігін жақсы түсінуге, оған қарай достық не сүйіспеншілік сезімдеріне негізделген қарым-қатынас себепкер болуы даусыз.
Әлеуметтік рефлекция – қарым-қатынас барысында өзін-өзі тану механизмі. Ортақтасу серігі мені танып-білу туралы білім, өзге адам мені қалай қабылдайтынын («сен мені қалай білетініңді мен білемін») елестету қабілеті әлеуметтік рефлекция деп аталады. Басқа адамдармен неғұрлым байланыстары көп болса, басқалар туралы елес мол болса, өзіне басқалар қалай қарайтынын талдай алса, соғұрлым адам өзін терең танып біледі. Өзгелерге өзін аша білу — өзіндік танудың шарты. Ортақтасу барысында басқаларға өзіміздің ішкі дүниемізді айқара ашқан кезде өзіміз де өз жанымыздың байлығына сүңгиміз. Сондықтан, «өзіңді білу үшін өзгеге ашыл» ережесін пайдалануға болады.
Тұлғалық атрибуция — әр оқиғаның себепшісін, әр жағдайда нақты кінәлі адамды іздеп табатындардың тәсілі. Мысалы, балгерлер «жаныңда бір сары кісі жүр екен, содан сақтан» дейді. Кеңес өкіметі «халық жауларын» іздеп құртуды көздеген. Мұғалім бүкіл сыныптың олқылығын старостыға жүктеп қоюға дайын тұрады.
Жағдайлық атрибуция – нақты адамды емес, жағдайды кінәлайтындардың тәсілі. Мысалы, «газ жоқ болғандықтан, тамақ піскен жоқ»,
Стимулдық атрибуция – адамның өзін, заттың өзін кінәлайтындардың тәсілі. Күзе құлап сынды – күзе өзі кінәлі. Әйелін күйеуі ұрса — әйелдің өзі кінәлі. Мысалы, жетістіктердің себептері деп адам өзін санаса, ұтылыстың, жеңілістің себебін жағдайға сілтей салады. Емтиханды жақсы тапсырса – һзі «кінәлі», ал тапсыра алмаса – не мұғалім, не жаман жағдай «кінәлі».
Кей кезде психологиялық проекция жала жабу мен қарсы келумен көрінеді. Топаралық деңгейде екі негізгі атрибутивті процесс жүреді.
- каузальды атрибуция, яғни басқа адамның мотиві мен қимыл әрекетінің қабылдау себептерінің процесінде адамның интерпретациясын көрсетеді.
Каузальды атрибуция зерттеулері көрсеткендей: — адамдар бір-бірін тани отырып іштей бақыланып алынған мәліметтермен тоқталмай сонымен қатар олардың мінез-құлық себептерін анықтауға тырысады.
- бақылау процесінде алынған ақпарат негізінде басқа адамдар жайлы жақсы нәтижелер алу үшін жеткіліксіз болғандықтан, бақылаушы олардың мінез-құлқы жайлы мүмкін болатын себептерді алады және оларға қосымша жазып береді.
- Бұндай себепті интерпритация бақылаушының өзінің әрекетіне және қылықтарына оның басқа адамдармен қарым-қатынасына әсер етеді.
Этномәдени бағыттылық. Этностық білімдерінің негізінде 6–7 жаста балада өзіне, өзге адамдарға, қоршаған дүниеге, мәдениет құндылықтарына ерекше (жартылай ұғынылмаған және ұғынылған) қатынасы – эмоциялық–бағалау сезімі пайда болып, этностық автотаптаурындар қалыптасады.
Ұлтық–мәдениетке сәйкес түсініп, әрекет ету. Баланың этностық–танымдық, эмоциялық–мотивациялық және сезімдік сферасының дамуы оның өз шамасына лайық дүниені түйсінуі мен этностық дүниетанымын қалыптастырады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жастың соңында өзін әрекет субьектісі ретінде саналы ұғынаты бала, ұлттық тәлім–тәрбие арқылы белгілі бір ұлттық мінез–құлық нормалары мен ережелерін орындаушы субьект ретінде де түсіне алады. Екінші кезекте ол өзін этносаралық қарым–қатынас субьектісі (әлеуметтік субьект) ретінде де саналы ұғына бастайды. Өзінің осы этностық әлеуметік Менін түсіну және осының негізінде пайда болатын ішкі бағдары этностық дүниетанымға сәйкес қажеттіліктер мен ұмтылыстарды тудырады.
Ұлттық тәлім–тәрбие беру арқылы 6–7 жастағы балалардың этностық өзіндік санасын қалыптастыру әдістемесі өзара байланысты үш сатыдан тұрады.
1–сатыда шындықтың ұлттық саласына эмоциялық–мотвациялық қатынасты құру арқылы ұлттық мәдениетпен сәйкестену механизмі іске асырылады. Осыныңарқасында:
а) балалардың «ұлт», «ұлтқа қатыстылық» туралы түсініктері қалыптасады;
б) іс–әрекет пен мінез–құлықтықтың адамгершілік–моралдық нормалар мен ережелерге сәйкес келуін қамтамассыз ететін ұлттық дәстүрлердің мәні мен мазмұны ашылады.
2–сатыда ұлттық мәдениетке эмоциялық–бағалау сезімін қалыптастыру арқылы белгілі бір мәдениет өкілі ретіндегі өзінің бірегейлігіне, өзіндік құндылығына оң қатынасы өндіріледі.
а) өзінің ұлттық мәдениеті мен құндылықтарын қабылдауы мен жағымды әсер алуы, мақтан тұтуы мен сүйіспеншілік сезімі оянады;
б) өзге ұлт мәдениетіне толеранттық сезімі тәрбиеледі.
3–сатыда таңдаудың еркіндігі жаңдайында ұлттық салт–дәстүр тұрғысынан әрекет етуге ішкі қажеттілігі қалыптастырылады. Осының нәтижесінде:
а) балада жалпы ұлттық құндылықтарға бағытталудың адекваты мотивтерінің және екінші сатыда пайда болған жаңа құрылымдар: өз ұлтының құндылықтарын өзіне жақын қабылдау, жағымды әсер алу, сүйіспеншілік сезімдерінің негізінде ұлтішілдік және ұлтаралық қарым–қатынастарда нақты ұлт өкілі ретінде әрекет ету қажеттілігі қалыптасады.
б) ұлттық қатынастарға дұрыс бағыттана алу қабілеті рефлексияны – қамтамассыз ету арқылы «ұлт», «ұлттық» бұл кеңістіктен және уақыттан тыс өмір сүретін абстрактылы адамдар емес, ұлттық мәдениетті (эмоциялық ассоциациялар тілді және тілдік шығармашылықты, дағдылар мен әдеттерді еңбек іс–әрекеті мен көркемдік кәсіп, балаларды тәрбиелеу дәстүрлері) нағыз алып жүрушілер екендігі туралы дүниетанымы (этностық дүниетанымы) дамиды. Осының негізінде олардың өзіндік санасында аса маңызды бағдар – өзімен тепе–тең ретінде адамның адамға қатынасы қалыптасып, балалар оң ұлтаралық қатынасқа бағытталады.