Әлемдік ғылымда этнопсихолгия XX ғасырда қарқынды дами бастады. Зерттеулердің нәтижесінде тіпті екі этнопсихология пайда болды:
- Этнопсихологиялық, көбінесе оны психологиялық антропология деп аталған.
- Салыстырмалы-мәдени психология немесе кросс-мәдени психология деген терминмен байланысты.
Кросс-мәдени зерттеуді ең алғаш 1901-1905 жылдары американдық ғалым К. Риберс жүргізді. Ол Мюррей аралының тұрғындары, сонымен қатар үнділер, европалықтарға қарағанда иллюзияға аз берілетінін эксперименталды түрде көрсетіп берген. Бұл зерттеу өзіне көптеген ғалымдардың назарын аудартты. Осы зерттеуден соң, осыған ұқсас көп түрлі психологиялық феномендерді зерттеу бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Осы зерттеулерге ортақ нәрсе тек құрылымның алғашқы схемасы болды, адекватты түрде қойылған міндетке сәйкес психологияның арасындағы қандайда бәр әдістеме таңдалып алынады, осы әдістеме бойынша екі немесе оданда көп этникалық топ зерттеушілерге салыстырмалы зерттеу жүргізілді.
Кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеудің қарапайымдылығы, жүргізу жеңілділігіне қарамастан біршама қиындықтар кездеседі.
Біріншіден, психологтың алдында үнемі әдістеме нәтижелерінің салыстырмалығы туралы сұрақ тұрады. Сондықтан барлық әдістемелер сол ұлттың ұлттық-психологиялық ерекшеліктеріне бейімделген болуы керек.
Екіншіден, әртүрлі этникалық қауымдастықтың өкілдерінің қатынасы бірдей болғандықтан, белгілі бір халық үшін экспериметтік арнайы порцедурасын өңдеу қажет.
Үшіншіден, зерттеуші өзінің және бөтен елдің мәдениетін обьективті түрде қарсы қоя ала ма? Немесе өзі жатпайтын этникалық топтарды ғана зерттеуге құқығы бар ма деген сұрақ үнемі туып отырады.
Кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеу психологияның басқа салаларының арасындағы әдістемелердің орнына қандай да бір әмбебап әдістерді құру қажеттілігін көрсетеді. Бірақта белгілі бір шектерге қарамастан кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеу бір этномәдениеттің, бір ұлттың, бір этникалық қауымдастықтың ішінен тыс жаңа принципті нәтижелер береді.
М. Мидтің көрсетуінше, мәселені шеше отырып, мәдени-антропологтар мен психологтар оған әртүрлі концептуалды схемамен, тұжырыммен қарады.
Етіс ықпалға сүйенетін психологияның антропология пәні психологиялық ауыспалылар, яғни этникалық жалпылық деңгейінде адамның ішкі әлемі мен этномәдени ауыспалылар арасындағы жүйелік байланыс болып табылады. Осы берген тұжырымына қарап, мәдениет еш нәрсемен салыстырылмайды екен, салыстыру зерттеудің соңынан жүреді.
Қазіргі уақытта этнопсихологиядағы жетістіктер осы ықпалмен байланысты. Санасыз түрде зерттеушінің өз мәдениетін салыстыру үшін стандарт болғандықтан үнемі қауіп төніп тұрады, оның жеткілікті мөлшерде кемшіліктері де болады.
Етіс және etic ықпалдарының арасындағы айырмашылықты бірнеше түрде нақтылап көрсету үшін әртүрлі мәліметтердегі каузалды атрибуция зерттеулерінің нәтижелерін қарастырамыз. Берілген жағдайда әртүрлі мәдениет өкілдері жасаған сәттілік пен сәтсіздік себептерін қалай түсіндіретіні зерттелді. Еtіс зерттеуді жүргізгенде, американдықтар жетістікке жетудің себебі: қабілетте десе, үнділер әділетте деп есептеген. Американдық психолог Б. Вайнердің теориясын қолдануға болады, ол сәттілік және сәтсіздіктің кез-келген себебінің негізіндегі әмбебап үш факторды бөліп көрсеткен. Вайнер моделін қолдана отырып, біз индия мен АҚШ-тан алынған нәтижелерді салыстыру мүмкіндігіне ие боламыз. Американдықтар мен үнділердің каузалды атрибуцияларында радикалды айырмашылық жоқ, қабілет пен әдептілік ішкі себеп екенін анықтаймыз.
Нәтижені бұлай өңдеу үшін etic ықпал қолданылады, ол «салыстырмалы-мәдени психология» деп аталатын «психологиялық этнопсихологияға» тән.
Салыстырмалы-мәдени психология немесе кросс-мәдени этнопсихологияның пәні әртүрлі мәдениеттер және этникасыз қоғамдағы психологиялық ауыспалылардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеу болып табылады.
Мәдениеттің, әсіресе тәуелсіз деп есептелетін «обьективті» әдістер қолданылады, зерттеушілер үлкен субьективті қателерден қашуға көптеген мәдени антрополгтар салыстырмалы-мәдени зерттеулерге белсенсіз қарайды. Олардың есептеуінше, әрбір мәдениетте тұйық, әмбебап желі бар, салыстыру үшін адекватты көрсеткіштер алу мүмкін емес дейді.
Психологиялық антропология психологиялық ұғымдар мен әдістерді қолданады.
Салыстырмалы-мәдени зерттеу психологияның әртүрлі салаларында қолданылады, жалпы психология әртүрлі халықтардың ойлауын, есте сақтауын, қабылдау ерекшеліктерін зерттейді, индустриалды психология-басқару мен еңбектің ұйымдасу мәселелерін, жасерекшелік психология-балаларды тәрбиелеу мәселесін зерттейді.
Қоныс аударушылардың өзгерістерге дайындығы өте үлкен мағына береді. Визитерлер өзгерістерді тез қабылдайды, өйткені бейімделуге түрткілері бар. Шетелдік студенттерің түрткілері нақты бағдарлы мақсаттарына негізделген – диплом алу, олардың болашақ өміріне өте қажет. Бұл мақсаттарына жету үшін студенттер әртүрлі қиыншылықтарға барады және тіршілік ету ортасына бейімделеді. Тағы бір дайындық өз еркімен қоныс аударушылар, олар басқа бөтен топқа қосылуға ұмытылады. Сонымен қоса түрткінің аз болуынан бейімделу процесі қоныс аударушыларға әлдеқайда қиынырақ болады. Қоныс аударушыларға түйісу тәжірибесі қолайлы болып табылады – тарихымен танысу, мәдениетімен елдің өмір сүру шарттарымен таныс болу. Бейімделудің ең жақсы бір қадамы ол тілдік білім, ол тек қана әлсіздік пен тәуелділікті емес иеленушінің алдында сыйлауды құрмет етеді.
Бейімделу басқа мәдениетсіз ортаға келгенде «экзотикамен» танысуға – этикамен, тамақпен, иістермен мүмкіндік береді.
Бейімделу процесіне әсер ететін тағы бір фактор сол жердің адамдарымен жақсы қарым-қатынаста болу. Визитшілер сол жердің адамдарымен дос болып жаңа мәдениеттің ережелерін біле отырып, өздерін қалай ұстау керек жайлы көп ақпарат жинап алады.
Бейімделуге әсер ететін топтық факторларды, өзара әрекет ететін мәдениеттердің мінездемелері:
- Мәдениеттер арасындағы айырмашылықтар және ұқсастық кезеңдері:
Көптеген зерттеушілердің нәтижесі бойынша, мәдениетті шоктың кезеңі, мәдениет ара қашықтығымен өзара байланысты. И. Бабикердің көзқарасы боынша мәдениеттердің ұқсастықтары, мәдениет арақашықтық дистанциясы, соның ішінде тіл, дін, жанұя құрылымы, білім деңгейі, материалды жабдықталған, климат, тамақ, киім т.б.
Обьективті мәдениет аралығына тағы да факторлар әсер етеді:
- Қақтығыстардың болмауы – жауынгер, геноцид және т.б. – екі елдің арасындағы тарих.
- Келген елдің мәдениет ерекшеліктерімен танысу кезеңі, басқа тілді жетік білу. Біз араласатын адам бізге жақын болады.
- Статустардың тепе-теңдігі мен теңсіздігі немесе ерекшеліктері, мәдениет аралық байланыстарда жалпы мақсаттарынан айырылмау.
Бейімделу поцестері өте жақсы болады, егерде мәдениеттер бір-бірімен жақын болса. Бейімделудің қиын болуы мүмкін, қарама-қайшы жағдайлар болған кезде: адам шатаса бастайды, егерде оның бұрыңғы мәдениеті мен ұқсас болған кезде.
- Визитимділер мен көшіп-қонушылар жататын мәдениет ерекшеліктері. Тез бейімделе алатын салт-дәстүр және мінез-құлықтар – Корея, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері. Мысалы: Жапондықтардың қиыншылықтары Европада тұратын шетел адамдары арасында өз-өзін өлтіру статистикалары бар. Европада Союзында сұрақтама жүргізілген кезде мемлекет аз болғанмен, тұрғындары көп тіл біледі, мәдениет аралық бейімделуге жақын. Люксембургтің 42% халық, 1% ғана француздар, ағылшындар мен немістер төрт тілді де түсіндіріп бере алады.