1.Ресейдегі психиакалық этнографияны құрудағы орыс географиялық қоғамның (ОГҚ) рөлі (Н.И.Надеждин,К.Д.Кавелин).
2.Орыс революционер-демократтары «орыс рухының» өзіндік ерекшелігі туралы (В.Г.Белинский,А.И.герцен, Н.А. Добролюбобь, Д.И.Писарев, Н.Г. Чернишевский). А.А.Потебняның 1835-1920) этнописихологияның дамуына қосқан үлесі («ой және тіл»).
- Д.И. Овсянико- Куликовскийдің (1853-1920) этнопсихологияның дамуына қосқан үлесі («Ұлттық психология»). Г.Г.Шпет этнопсихология пәні туралы.
Лекцияның мақсаты: Ресейдегі халықтардың рухани өмірлерінің ұлттық және ұлтаралық аспектісі жөніндегі ғылыми – теориялық мағлұматтармен танысу.
Лекцияның мәтіні:
Ресейдегі ең үлкен қызығушылық мемлекеттердегі халықтардың рухани өмірлерінің ұлттық және ұлтаралық аспектісі болды.
Ресейде этнопсихология ғылым ретінде шетелдегі М. Лацарус, Х. Штейнталь және В.Вундтың «халықтар психологиясы» теориясынан 10 жыл бұрын пайда болған. ХІХ аяғы мен ХХ ғасырдың басында этнопсихологиялық зерттеулер кең түрде болды. Батыста бұл бастау ХХ ғасырдың 30-40 жылдарына жатқызылады. Ресейде этнопсихология білмінің ең маңызды бөлімі болып саналады. Көп халықты мемлекеттің дәстүрлі, психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге себеп болды. Этнопсихологиялық зерттеулердің практикалық мәнділігіне мемлекеттік ағартушылар Иван ІY, Петр І, Екатерина ІІ, П.А. Столыпин, орыс оқымыстылары мен публицистер М.В. Ломоносов, В.Н. Татищев, Н.Я. Данилевский, В.Г Белинский, А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевский, жазушылар А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Н.А. Некрасов, Л.Н. Толстой және басқалар аса назар аударды. Олар тұрмыста, салт-дәстүрлерде кездесетін әр ұлт өкілдерінің психологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөліп, өз ойларын ұлт-аралық қатынастарды сипаттауға қолданды.
Филосов және публицист Н.Г. Чернышевский ( 1828-1889) ойынша, «әрбір халықта өз патриотизм психологиясы бар. Олар ұлт өкілдерінің нақты бір іс-әрекетінде көрінеді. Чернышевский халықтардың рухани өміріндегі ұлттық және әлеуметтік қатынастардың терең талдамын берген. Сондай-ақ, Чернышевский этнопсихология теориясын өңдеуге өз үлесін қосты. Оның ойынша, әрбір халық ақыл-ой, адамгершілік даму деңгейлері бойынша ұқсас адамдар бірлестігін құрайды. Ұлттық мінез, қандай да бір ұлт өкілінде көрінетін әр-түрлі қасиеттердің қорытынды суммасы, ал оның нәтижесі күнделікті болмыстағы тарихи дамуы мен формасы. Чернышевский ұлттық мінез құрылымына тілдің әр-түрлілігімен байланысты адамдардың ақыл-ой және адамгершілік ерекшеліктерін қосу керек дейді.
ХІХ ғасырдың 60 жылдарында публицист және социолог Н.Я. Данилевский (1822-1885) адамдардың этностық ерекшеліктерін анықтау мен жіктеуге арналған тұрғының өзіндік концепциясын батыс оқымыстыларына ұсынған еңбегі «Ресей және Европа» деп аталады. Оның ойынша, тарихи даму жолында пайда болған адамзат цивилизациясының он тарихи мәдени типі бар. Олар бір-бірінен үш негізгі сипатпен ерекшеленеді: 1) этнопсихологиялық ( Данилевский тілінде халықтардың психикалық құрылымында көрінеді.); 2) адамдарды нақты бір этникалық қауымдастықтарға біріктіретін тәрбиенің тарихи қалыптасқан формалары мен амалдарының айырмашылықтары; 3) Рухани бастаудағы айырмашылықтар ( психиканың діни ерекшеліктері).
Данилевский мәдени-тарихи типтердің бірі славяндар деп бөліп, негізгі сипаттамаларын қарастырған. Ол славяндарды европалық типтермен салыстырады. Ресейдегі этнопсихологияның дамуына ерекше үлес қосқандардың қатарына Н.И. Надеждинді, К.Д. Кавелинді және К.М. Бэрді жатқызуға болады.
Этнограф, тарихшы және әдебиетші Н.И. Надеждин (1804-1856) көптеген славян халықтарының этникалық сипаттарын берген еңбектерін ( Великая Россия, Венеды, Венды, Весь) жариялайды. Ол этностардың арасындағы айырмашылық табиғи жағдайлардың бірдей болмағанынан дейді. «Тропикалық ыстық күн, арабтың терісін күйдіре отырып, оның бойындағы қанды қайнатып, жалынды фантазиясын тұтатып, құлшындырды. Ал, атлантида суығы, лапландықтың шашын ағарғанша қатырып, қанын бірге қатырған, ақыл-ойы мен жүрегін де мұздатты. Биікте орналасқан тау адамдары қарапайым дала адамдарына қарағанда намысты болып келеді. Мұхит тұрғындары жер тұрғындарына қарағанда белсендірек, шапшаң және батыр. Табиғат әдемі және бай болған сайын, тайпа тұрғындары еріншек, құлшыныстары төмен, сезімдері жоғары керісінше, тіршілік үшін алысатын, жанталастырған жерде халық еңбексүйгіш, белсенді, шығармашыл».
Ресей оқымыстысының бұл позициясы Ресейдің басқа ғалым-де, Шетел ғалымдарымен да мойындалған. Шынымен-дағы, табиғи климат факторлары адамдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктеріне әсер етеді, бірақ оларды абсалюттеуге болмайды.. өйткені, ол жалғыз емес, әлеуметтік саяси, экономикалық, және этнос дамуының мәдени жағдайлары әсер етеді.
Құқықтанушы және публицист К.Д. Кавелин (1818-1885) ұлттық психологияны тануға жеке психикалық сипаттамаларды олардың өзара байланысында тану керек деді. «Халық» — деді ол, жеке адам секілді, біртұтас органикалық жан. Егер оның жеке адамгершілігін, дәстүрін, түсінігін зерттей бастасаңыз, бір орында қалуыңыз мүмкін. Оларды өзара байланыстырып қарау керек. Толық халық организмі болу керек. Сонда ғана, бір халықты екіншіден айрықшалайтын айырмашылықты байқауға болады.
Кавелин әртүрлі қауымдастық өкілдерінің этникалық мінездемелерін ертедегі ескерткіштер, сенімдер, дәстүрлер арқылы зерттеу қажет дейді. Бірақ, ол кісі салыстырмалы әдісті бағалаған жоқ. Мысалы, орыс ұлтының кейбір салттарын еврейлерге, гректерге, индустарға ұқсастықтарын салыстырып, ұғым беруге қарсы болды.
Петербург Ғылым академиясының негізгі мүшесі К.М. Бэр (1792-1876) 1846 жылы наурыз айында орыс географиялық қоғамында «Ресейдегі және жалпы этнографиялық зерттеулер туралы» тақырыбында баяндама жасады. Бұл баяндама көптеген халық өкілдерінің этнопсихологиялық және этнографиялық сипаттамаларын зерттеу үшін бағдарлама болды. Оның ойынша, мұндағы басты міндет-халықтың әр-түрлі өмір сүру тәсілдерін, ақыл-ой ерекшеліктерін, дәстүрін тану болды.
ХХ ғас. психолог Г.И. Челпанов жинаған материалдарды әлеуметтік психология үшін жоғары бағалай отырып былай деді: Ресейде өте бай этнографиялық материал жиналды, бірақ батыс ғылымдарының орыс тілін білмеуі себебінен топ, ұжым психологиясы мақсаттарында қолданыла алған жоқ. Герберт, Спенсер орыс тілін білмеу оған әлеуметтік психология мақсатында орыс этнографиялық материалдарын меңгеру кедергі келтіргеніне өкініш білдіреді. 1911 жылы Вундт қолданылмаған материалдардың көлемін көріп, өкінішін білдірді,-дейді.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап, Ресей қоғамының алдында өздерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін суреттеу сұрағы тұрды. Сол себептен, «Орыс жаны мен Орыс мінезі» зерттеулері пайда бола бастады. Ең алғашқы еңбектер орыс адамының жағымсыз, кері сипаттарына арналды, соның ішінде мыналарды атауға болады: логикасыздық, жүйесіздік, ойлаудың төменділігі, еркін және шығармашылық ойлауға қажеттіліктің болмауы, импульсивтілік, жалқаулық; Ғалымдар орыс ұлттық мінезінің әлсіз жақтарымен қатар, жағымды жақтарын да көрсетті. Олар сезім, моральдік дамуына, орыс халқының религиясына аса назар аударды. Өйткені, осы феномендер, олардың дүниетанымының негізін қалады. Жағымды мінез сипаттарына мыналар жатқызылады: мейірбандылық, жүректілік, ашықтық, т.с.с.
Орыс адамының психологиясын зерттеуге В.С. Соловьев, Н.А. Бердяев, В.О, Ключевский өз үлестерін қосты.
Филосов В.С. Соловьев (1853-1900) орыс адамының ұлттық мінезін түсіну үшін, басқа этникалық қауымдастықтың өкілдерінің мотивациясынан толығымен айрықшалайтын идеалдары мен құнды бағдарларын зерттеу керек. Оның ойынша, орыс халқының идеалы- басқа ұлттар үшін батырлықтың, күштің белгісі — билік емес; байлық, материалды жоғарлау емес( ағылшындар), әдемілік пен шулы атақ емес француздарға тән). Орыстар үшін ескі қала дәстүріне беріліп, өзіндік тұрмыстағы халық болудың өзі маңызды емес. Бұл мінез ағылшындарға тән, ал Ресейде ескілікке сенушілерде ғана кездеседі. Орыстарға «Адамгершілік – діни идеал» тән, оның ойынша, мұндай идеал тек Ресейге ғана емес, өйткені бұл дүниетаным негізінде жатқан құндылықтар мысалы индеецтерге де тән екен. Ұлттық идеал мен мінез ерекшеліктерін анықтауға арналған Соловьев тәсілі өте қарапайым. Оның логикасы мынада: егер қандай да бір халық өз ұлтын мақтағысы келсе, өзіне жақын болғаннан кейін, өзіне маңызды және мәнді болғаннан соң мақтайды, яғни, ұлттың ең негізгі қоғамдағы идеалдары мен құндылықтарын көрсетеді.
Философ және тарихшы Н.Б. Бердяев (1874-1948) орыс ұлты психологиясын түсіндіруге өте көп көңіл бөлді.
«Ресей жандары» ( Бердяев терминологиясы) ерекшелігі әр-түрлі көрінеді. Біріншіден, орыс халқы әлемдегі ең саясатсыз, әлемдегі мемлекетсіз халықтардың бірі.
Бірақ сол кезде, 1917 жылға дейін Ресейде халыққа рухани ерік беретін ең мықты мемлекеттік бюрократиялық машиналар пайда бола бастады. Бердяев, орыс ұлтының басқа халықтарға қатынасын ерекше көрсетті: орыс жаны іштей көп ұлтты, тіпті, күшті, жоғары ұлтты, («Россия самая нешовинистеческая страна в мире, миссия которой освобождать других».)
Орыс жанының тағы бір ерекше жағы Бердяев «тұрмыстық еркіндіктерді» атады ( өмір сүруге талпыныс, жеу, жерлерді бөлу, купецтер, чиновниктер туралы).
Тарихшы В.О. Ключевский ( 1841-1911) орыс адамының психологиясын табиғи, әлеуметтік, экономикалық жағдайларды ескермей, зерттеп, түсінуге болмайды дейді. Даму процесіндегі бұл факторлар ресейліктердің орыс ұлттық мінездеріне қарама-қайшы, сондай-ақ бірін-бірі толтыратын, жалғастыратын қасиеттер тудырды деді: тәуекел сезімі, бақытты сынауға бейімділік, сәттілікке үмітшілік, қырағылық, есептескіштік, өз күшіне сенуге іскерлік, мінез-құлықтың тұрақсыздығы.
Ресейдегі этнопсихологияның дамуына тіл білімі мен ұлттық фольклор теориясын өңдеу филолог-славист А.А. Потебня ( 1835-1891) өз үлесін қосты. Басқа зерттеушілердің бағытынан айырмашылығы, ол ойлаудың этнопсихологиялық ерекшелігінің қалыптасу механизмдерін түсіндіруге және ашуға талпынды. Оның негізгі еңбектері «Ой және тіл», сонымен қатар мақалалар «Халықтар тілі » және «Национализм туралы» интелектуалды танымдық, ұлттық психологиялық ерекшеліктерінің көрінуін және табиғатын түсінуге рұқсат беретін өте терең идеялар мен бақылаулардан тұрады.
Потебня ойынша, әр-бір этносқа тән белгі-тіл. Әлемдегі барлық тілдерді екі қасиет біріктіреді- бөлінулері мен ойды көрсетуге қызмет жасайтын символдардың барлық жүйесі. Ал, басқа сипаттары этностардың өзіндік бейнесі болып саналады, араларындағы ең бастысы – тілге айналған ойлау жүйесі. Потебня, тіл-дайын ойды білдірудің құралы емес деді. Егер тіл болса, онда қандай тілді қолдану маңызды болмас еді, оларды өзара ауыстыруға жеңіл болар еді. Бірақ, олай емес, өйткені тіл функциясы- дайын ойды білдіру емес, оны жасау болып табылады.
Өз ережесін дамыта отырып, Потебня маңызды қорытындыларға келеді:
Өз тілін жоғалтқан халық ұлтсыздықпен теңеседі.
Әр-түрлі ұлт өкілдері адекватты өзара түсінушілікке әрқашан қол жеткізе алмайды, өйткені этникааралық қатынастардың ерекшеліктері мен механизмдері әр-түрлі болып келеді.
Білім беру мен мәдениет әр-ұлт өкілдерінің этностық ерекшеліктерін дамытып, күшейтеді.
Этнопсихология психологиялық білімнің бөлімі болғандықтан, тұлғалық даму мен халықтық дамудың өзара қатынасын зерттей отырып, ұлттық ерекшеліктерінің анықтау мүмкіншілігін көрсетуге халық өмірінің жалпы заңдарының әсері ретінде тілдердің құрылымын көрсетуге болады.
Ол сол кезде В.Вундт және Г.Лебон берген, қолданған түсінік аппаратын сынайды «халық жаны», «халық сезімі», «халық рухы» туралы айта отырып, ол субъективизм көрсетті дейді. Бехтеревтің көзқарасы бойынша, адамдардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу мәселесімен, ерекше ғылым- «Ұжымдық рефлексология» айналысу керек дейді.
Этнопсихологияға және этнопсихологиялық зерттеулерге қызығушылық 1917ж Революциядан кейін де тоқтаған жоқ. Л.С. Выготский (1896-1934) — психолог, Ресей психологиясындағы мәдени тарихи мектептің негізін қалаушы. Ол адамның психикалық қызметі мәдени — тарихи дамуда еңбек қаруының әсерінен қалыптасып, ішкі мазмұнының құрылымын білдіреді. Этнопсихологияның негізгі әдісі ретінде ол инструменталды әдісті атады. Оның мәні – адамның мінез-құлқын тарихи, әлеуметтік – мәдени ұлттық даму тенденциялармен өзара байланыстыра отырып зерттеу. Этнопсихологияның объектісіне Выготский «халықтар психологиясын» жатқызды.