Ғылыми әдебиеттерде – принцияптер астарында нәтижелі теориялық ережелер жатыр. Олар нақты әлеуметтік, әлеуметтік – психологиялық және этнопсихологиялық зерттеулер жүргізгенді әдіснамалық функциялар атқрылады.
Этнопсихологияда принциптер барлық психикалық процестер, қасиетер этностық ұйымның күйлерін түсіндіруге жалпы әдіс – амалдарды анықтайды.
Этнопсихология принциптері. Ғылыми әдебиеттерде – принциптер астарында нәтижелі теориялық ережелер жатыр. Олар нақты әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және этнопсихологиялық зерттеулер жүргізгенде әдіснамалық функциялар атқарады.
Этнопсихологияда принциптер барлық психикалық процестер, қасиеттер, этностық ұйымның күйлерін түсіндіруге жалпы әдіс-амалдарды анықтайды.
Олар функциялану, заңдылығын ашуға, қоғамдық психологияның құрылу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған. Этнопсихологиялық зерттеу принциптері мәселелерін өңдеуде Б.Ф. Поршнев үлкен үлес қосты. Ол «Әлеуметтік-этностық психология» атты еңбегінде негізгі принциптерді анықтады. Ол психологияның барлық негізгі принциптері, сана сезім және іс-әрекетке байланысты принциптер, даму принципі, бірігу принциптері бүтіндей аппаратқа және этностық психологияға кіру керек.
Принциптердің ішіндегі ең негізі – детерминизм принципі. Онда әр әрекетте өзара әрекеттесу бар «сыртқы себептер ішкі шарттар салдары арқылы әсер етеді».
Ол этнопсихологиялық көріністердің әлеуметтік және басқа да факторлармен негіздену себебін ашып көрсетеді. Бұл дегеніміз біріншіден этностық ұйымның құрылуы өмірлік бейнелердің атап айтар, экономиканың, мәдениеттің ғылыми-техникалық прогресстің, халықтың саяси және идеологиялық өмірі әсерінен жүреді.
Екіншісі – ғылым психологияда этностың ұйым өміріне жату бейнесі және өмір бейнесіне соңғысының әсері, қажеттіліктер мен қондырғылар арқылы іске асады. Сондықтан, нақты этнопсихологиялық көріністі зерттеу үшін, біріншіден олардың пайда болуының ұлттық психологиялық себептері мен шарттарын түсіну қажет.
Сана-сезім мен іс-әрекет бірігу принципі. Ол этнопсихологияны іс-әрекет түрі заңдылығына байланысты этнопсихологиялық феномендердің көріну заңдылығын дұрыс түсіндірумен қаруландырады.
Поршнева Б.Ф. пікірі бойынша тарихи принцип этнопсихологияның тап-түбір принципімен танылған. Ол психикалық прцесстердің ғылыми психологияның этностың ұйым күйінің терең өзгермілілігін білдіреді. Берілген пікірлерді көптеген зерттеулер ұстанады. Тарихи принцип ғылыми психологияның этностық ұйымы генезисіне енуге көмектеседі және оның даму заңдылығын ашуға және оның өзгеру тенденциясын көруге мүмкіндік береді.
Тарихи және онтогенездік принцип бірлігі ол сөйлеу, вербаольді қарым-қатынас негізінде іске асынылады.
Тұлға тұрғысынан қарау принципі біріншіден нақты тұлға, екіншіден этностық ұйымның нақты өкілі, оларға сезіну, ойлау, бағалы бағыт алу тән. Бұл принцип әр адам психологиясында тұлғаның және ұлттық ерекшелік байқалады.
Этнопсихология білімдердің пәнаралық саласы ретінде
Этнопсихология ең тығыз бейнеде этнологиямен және этнографиямен байланысты. Этнология – халық туралы ғылым, американдық ғылымда осылай атау қабылданған. (грек. Этнос – халық, графо – жазамын ).
Этнография – халықтар туралы сипаттайтын ғылым. СССР де «этнография» термині қабылданған. Ол эмперикалық сияқты, халықтар туралы ғылымның теоретикалық бір бөлігі ретінде енгізілген. Этнология этнопсихологияның бір саласы болып табылады. Бұл ғылымдардың ұқсастығы сонша көп авторлар этнопсихологияны этнологияның бір бөлімі деп есептейді. Бұл ғылымдарға ортақ болып зерттеу объектісі – халықтар олардың генезисі, дамуы, өзара әсері т.б. табылады. Алайда: этнопсихологияның өзінің ерекше зерттеу пәні бар: бұл – халықтардың психологиялық ерекшеліктері – олардың психологиялық қоймасы, мінез-құлқы, өзіндік санасы, және басқа құбылыстардың бірқатары. Сондықтан да этнопсихология өзінің этнологиямен тығыз байланысына қарамастан, ерекше психологиялық ғылым болып табылады. Ол өз табиғатында білімнің пәнаралық аумағы, жалпы және әлеуметтік психологияға, антропологияға, лингвистикаға, тарихқа және т.б. ғылымдарға сүйенеді.
Әлеуметтік психологияның негізін қалаушылар Лацарус пен Штейнталь өздерінің алғашқы «Халықтар психологиясы және тіл білімі» журналында жарияланған мақалаларында – ақ этнопсихологиялық мәселелерді қамтыды.
Этнопсихологиялық сұрақтар атақты англиялық психолог Фредерико Бартлеттің жұмыстарында да қарастырылған.
1960ж. Бастап тарихи және мәдени контекстегі психологиялық мәселелерді қарастыру тенденцмясы күшейе түсті.
Антропология – этнопсихологияның осы ғылым базасында қарастырылған негізгі негізгі ғылым болып табылады. Бұл ғылым екі үлкен бөлімге бөлінеді: физикалық және мәдени антропология.
1960 ж. Бастап этнопсихологияның басқа пәндермен байланысы «Обозрение психологии народов» журналында кең талқыланды.
Этнопсихологияның негізгі категориялары.
Бүгінгі күнгі этнопсихологияның даму деңгейі толық категориялы аппаратты детерминациялау мүмкін емес, яғни ғылымның өзі құрылу стадиясында болғандықтан жүргізілмейді. Сондықтан этнопсихологиялық білімнің одан әрі дамуы этнопсихологиялық зерттеулердің актуализациясы бұл жаңа ғылымның аппаратын дамыту мен кеңейтуге мүмкіндік береді.
Теориялық түсініктеме негізінде этнопсихология категориясының мәселесінде этнопсихологияның толық категориялық аппараты қиын көп деңгейлі жүйені құрайды.
Бірінші деңгейлі жүйе оның пайда болу түсінігімен байланысты. Бұл этнос, ұлт, этностық топ тұлға деген түсініктер.
Екінші деңгей психологиялық, философиялық, әлеуметтік, мәдениеттану әдебиеттерінде жеткілікті деңгейде зерттелген.
«Этнос» категориясы негіз болғандықтан, ғылымда көп уақытқа дейін екі түсінік беріп келді. Нақты ғылымда біреуі ғана қаралды, оны Ю.В.Бролеев қарастыра отырып, этнос-әлеуметтік мәдени көрініс деп айтты. Оның ойынша этнос – белгілі территориядағы тарихи құрастырылған адам жиынтығы, яғни жалпы соған байланысты тіл ерекшелігі, мәдениеті мен психикасы сонымен қатар өзінің бірлігі мен басқаларға ұқсамайтын, саналы фиксацияланған түсінік деп айтты.
Л.Н.Гумилев биологиялық бірлік ретіндегі «биосфера феномені» деп түсіндірді. Оның ойынша этностар – биосфера шекарасы мен әлеуметсферасында жатқан арнайы жер биосферасын құруды көздеген құрылым. Этнос түсінігіне нақты дәлел жоқ. Тіл, пайда болу, салт, материалды мәдениет, идеология, ылғи анықтау болып тұра алмайды.
Ұлттық психологиялық ерекшелік түсінігі. Этнопсихологиялық сөздікте ұлттық психологиялық ерекшелік әлеуметтік-психологиялық көрініс ретінде анықтайды, яғни әртүрлі қоғамдағы сананың болуы.
Крыско Ресей халқының көп деңгейлі формасын көрсетуде және зерттеуде, олардың арасында мотивациялық-фонды интелектуалды-танымдық, эмоциональды-еріктік, коммуникативті-қимыл әрекеттік деп қарады.
Сонымен, мотивациялық-фонды ұлттық психологиялық ерекшелік нақты этностың қоғамдағы адамдардың іс-әрекет күшінің мінездемесінің ерекшелігін айқындайды, мотивациялық анықтайды және жұмыс қабілеттілігін ашады.
Интелектуалды-танымдық ерекшелік ұлттық психиканы тасымалдаушылардағы өзіндік қабылдау мен ойлауды танымдық және интелектуалды сапада специфика түрінде алмастырып, қоршаған шындықты өз ойымен қабылдап, бағалау мен түзету жүргізіу.
Эмоциональды-еріктік ұлттық психологиялық ерекшелігі нақты көрсетілген эмоционалды және еріктік сапалардың өзіндік функциялануының сезім динамикасында көрсете отырып, сезім ерекшелігін, сонымен қатар тұрақты және созылмалы еріктік күшпен көрсетіледі.
Коммуникативті-қимыл әрекет ұлттық-психологиялық ерекшелігі мағлұматтың және тұлғааралық қарым-қатынас спецификасын анықтай отырып, сол немесе басқа эт,ностық қоғамның адамдары арасындағы байланысын көрсетеді.
Этнопсихологияның маңызды категориясының бірі болып этностың өзіндік сана негізі дәстүрлі түрде этностық сананы екі деңгейде қарастырады: топтық деңгейінде және жеке деңгейінде көрінеді. Бірақ практика жүзінде нақты адамдарды құрайтын этностық топ.
Б.Ф.Старойвонтованың көзқарасы бойынша этностық өзіндік сананы «Адамның өзін этносқа көбірек қою». Оның ойынша, этностық өзіндік сана дәстүрлі-күнделікті қимыл таптаурын функциясын орындаудың кеш құрылымы, яғни олар көптеген қоғам қатысушыларын күнделікті өмірге қосу.
Т.У.Солдатованың айтуынша этностық өзіндік сана бұл — әлем қабылдаудың спецификалық жүйесі. Бұл белгілі әлеуметтік топтың «тномәдени шындыққа қатынасы, бұл өз халқына жататынын сезіну, өз халқының қызығын көру, мәдениет, тіл, территориясын елеу.
Этностық өзіндік сананың нақты түсінігін толықтырған Қ.Б.Жарықбаевтың айтуынша ұлттық өзіндік сана — өз түсінігіне жоғарыда аталғандарды көрсететін этнопсихологиялық феномен, сонымен қатар сол немесе басқа этностың дәстүрі, салты мен өмірлік бейнесі екенін айтты.
Қазіргі уақытта этнопсихология жақсы даму этабынан өтуде. Қазіргі кездегі авторлар өткен совет танымдылығының территориясының ерекшелігін зерттеудің стимулдау ерекшелігін этносаралық қатынастағы динамиканы, этностық идентификациялық трансформациясын және басқа да әлеуметтік-психологиялық мәселелерді зерттеуге көңіл бөлуде.
Сондықтан бүгінгі таңда этнопсихология саласының алдында «этностық негіздің жеке тұлға өмірі жайлы және бүкіл ел алдында өзіндік рөлін іздестіру мәселесі тұр».