Практикалық психодиагностика-психологтардың кәсіби іс-әрекетінің өте қиын және жауапты саласы. Ол сәйкес білімді, кәсіби шеберлікті қажет етеді, ол адамның тағдырына әсер етуі мүмкін. Оның негізінде медициналық немесе сот-психологиялық диагноз қойылады, оның негізінде жұмысқа іріктелу жүргізіледі. Осыған байланысты психодиагностикаға және психодиагносттарға бірқатар әлеуметтік – этикалық талаптар қойылады. Оның жартысы практикалық психологтың этикалық кодексіне енгізілген. («білім алу психологиясы», 28-парау), қалғандары қосымша талқылауды қажет етеді. Оның ішінде – психодиагностика құпияларын сақтау, психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі, зерттеу нәтижелерінің ашықтығы, қорытындылардың объективтігі және ұсынылатын нұсқаулардың тиімділігі.
Құпия сақтау принципі. Зерттелетін адамның рұқсатынсыз зерттеу нәтижелерін жарияламау. Біріншіден, бұл нәрсе кәмелет жасқа жеткендерге қатысты. Егер кәмелет жасқа толмағандар туралы айтатын болсақ, онда олардың ата-аналарының немесе басқа олардың орнындағы адамдардың рұқсаты керек. Егер зерттеу эксперимент ретінде өткізілсе, онда аты жөндері өзгертіліп жазылу керек.
Ғылыми негізделу принципі психодиагностиканың валидты болуын, сенімді нәтижелерді талап етеді.
Зерттелетіндерге зардап келтірмеу принципі. Психодиагностикадан өтетін адамға нәтижелер ешқандай зиян келтірмеу керек. Бұл принцип нәтижелердің ашықтығы принципімен қатар қолданылады.
Қорытындылар объективтігі принципі нәтижелер ғылыми негізделгендігін талап етеді, яғни тест нәтижелерінен шығу керек, ол тесттерде мықты, сенімді және валидтық әдістемелер қолдануы керек, тест өткізетін адамдарға тәуелді болмауы керек.
Ұсынылатын нұсқаулардың тиімділік принципі. Нұсқаулар міндетті түрде зерттелетінге пайдалы болу керек. Пайдасы жоқ тест нәтижелерінен ешқандай нұсқау ұсынуға болмайды.
Психодиагностикамен айналысатын адамдарға ерекше кәсіби талаптар қойылу керек. Мыналар негізгілері:жақсы теориялық дайындық, психодиагностикалық әдістемелерді өте жақсы білу сәйкес әдістемелердің практикалық қолданудың жеткілікті тәжірибенің бары.
Әр психодиагностикалық әдістеме бос жерден пайда болмайды, ол сол объектің психологиялық теорияның негізінде пайда болып, дамиды. Мысалы интелект тесттері өзінің шығу табиғатына, құрылымы, маңызы туралы ғылыми анықтамаларына негізделеді. Тұлға тесттері тұлғаның белгілі бір теориясынан жығады. Әр сәйкес теорияны біліп, зерттелетін объект туралы қорытынды жасауға болады. Мысалы, бір қасиеттің психодиагностикасын жүргізіп, екінші қасиет туралы нәтижелер алуға болады. Мысалы Фрейдтің психоанализіне сүйенетін тақырыптық апперцептивтік тест тұлға тестінің нәтижелерін интерпретациялап және ғылыми негізделген қортындыларды алуды көздейді.
Кез келген психодиагностикалық әдістемелік дұрыс қолдануға байланысты теорияны білу міндетті болады. Онсыз психодиагностика анализде қате жіберуі мүмкін.
Бірде бір психологиялық тестті зерттеуші бәрін түсініп тексермейінше қолдануға болмайды. Тест қандай болмасын жақсы болғанымен міндетті түрде жағдайды, зерттелетіндердің жеке ерекшеліктерін, басқа психодиагностикаға релевантты факторларды ескеру керек.
Сәйкес психодиагностикалық әдістемелердің практикалық қолданудың жеткілікті тәжірибесі аз маңызы жоқ. Бұл нәрсе жобалы және басқа, контент-анализ қолданатын интуитивтік немесе стандарттық процедураларын және нәтижелер интерпретацияларын қолданылатын әдістемелерге қатысты. Бұндай психодиагностикалық әдістемелерді қолдану тәжірибесі үздіксіз болу керек, өйткені ұзақ үзілістер керекті білімді жоғалтуға, жұмыстың санасының төмендеуіне әкеліп соғады.
Психодиагносттың білімі, дипломы міндетті түрде тұру керек пе ? Кейбір жағдайларда, мысалы, сот-медициналық немесе психодиагностикалық экспертиза өткізу керек, жұмысқа қабылдаған кезде, қиын психологиялық тесттерді қолдану кезінде дипломдағы білім міндетті түрде керек. Ал егер мектепте, басқа мекемелерде жай, қарапайым психодиагностикалық тест өткізу үшін психологияның өзінше алған білімі жетеді. Жоғары кәсіби дайындық барлық мемлекеттік білім алу мекемелерде (практикалық психологтарды дайындайтын) мүлдем ойдағыдай емес. Мысалы, қанағаттанарлық деңгейде психодиагностикамен кез келген жоғары педагогикалық, медициналық, әлеуметтік білімі бар адамдар шұғылданулары мүмкін.
- Моральдық-этикалық нормалар.
Төменде берілген моральдық-этикалық нормалармен танысыңыз.
- Адамды өзінің рұқсатынсыз ешқандай психодиагностикалық зерттеуден өткізуге болмайды, тек заңға негізделген жағдайда ғана соттың немесе медициналық практикада.
- Тест өткізу алдында зерттелетін адамға зерттеу процесінде ол өзі туралы кейбір мәліметтерді еркінен тыс беретінін ескерту керек.
- Әр адам (егер заңмен негізделмеген болса) тест нәтижелерін білуге және қай жерде, қашан қолданылатынын білуге құқығы бар.
- Тест нәтижелері тестті жүргізетін адамдармен беріледі. Кәмелет жасқа толмаған балалардың ата-аналары тест нәтижелерін білуге құқылы.
- Егер тест жұмысқа алу үшін жүргізілсе, онда адам тек нәтижелерін ғана емес, оның әрі қарай не мақсатта қолданылатыны туралы құқылы.
- Іс жүзінде психолог тесттерді дұрыс қолдану жауапкершілігі психологтарға жүктеледі.
Көп елдерде психологиялық тесттерді таратуға және қолдануға мемлекеттік, заңда тіркелген шектеулер бар. Олар міндетті нормалардан тұрады:
- Кәсіби іріктелуге және экспертизаға қолданатын психологиялық тесттің кәсібін БАҚ-та (бұқаралық ақпарат құралдарында) шығаруға тыйым салынған, өйткені кәсібі жоқ адамдар қолданылуы мүмкін.
- Психологиялық тестті қолданылатын және психологиялық тестілеумен нұғылданатын психологтар жоғары психологиялық білім туралы дипломы және психологиялық ғылым кандидаты деген ғылыми дәрежесі болу керек, ал басқа адамдар – осы әрекетпен шұғылдануға рұқсат беретін лицензиялары болу керек.