Жеткіншектер-балалықтан өтіп, бірақ, әлі үлкендердің қатарына қосылған жоқ. Сол үшін оларға өте ерекше психодиагностикалық әдістерді қолдану керек, олардың балалық және үлкендік қасиеттерді ескеру керек.
Өзінің интелектуалдық даму жағынан жеткіншектер үлкендермен қатар болады. Сондықтан олардың тану процестерін зерттеген кезде, үлкендерге арналған тесттерді қолдануға болады, бірақ ғылыми терминдер мен ұғымдарды қолдануда абай болу керек. Тұлға мен тұлғааралық қатынастарға келетін болсақ, бұл жерде көптеген шектеулер бар, оларды орындау керек. Жеткіншектер-жартылай балалар, сол үшін оларға тесттің жартылай балалық және жартылай үлкендердің түрлерін қолдану керек. Ол түрдің негізгісі болып ойын түрі болып есептелінеді, ал тапсырмалары балада қызығушылық тудыру керек.
Тәуелсіздікке құштарлық тест барысында көп дербестікті талап етеді. Көп тесттер тапсырмалардың стандарттық шешулері бар, бірақ олардан ауытқулар да болуы мүмкін. Үлкендер жағынан жеткіншектің стандарттық емес шешілерін қолдауы оның интеллектуалдық дамуының деңгейін толық көрсететін мәліметтерді алуға көмектеседі. Керісінше, қызығушылықтың жоқтығы, тест тапсырмаларды шешкісі келмегендігі, бұның бәрі ой дамуының деңгейі төмен екен деген қате пікірге келуді көздейді.
Жеткіншектердің психодиагностикасына қолданылатын әдістемелерге әлеуметтік нормалардың тұжырымдамаларды, кейбір арнайы ғылыми ұғымдарды кіргізуге болады. Көбінесе, ондай ұғымдарды қарапайым сөздермен ауыстыруға тура келеді, өйткені, көп жеткіншектер арнайы ұғымдарды түсінбей қалуы мүмкін.
Мысалдар өмірден алынған және балаға таныс адамдарға қатысты болу керек: ата-аналардан, құрдастардан, мұғалімдерден, кітап және фильм кейіпкерлерден.
Бала эксперттік және лидерлік іс-әрекетте өз-өзін көрсете білу керек, сол кезде ол өзінің білімі мен қабілеттерін толық іске асыра алады. Жеткіншектерді тек зерттелетіндердің рөлінде ғана емес, экспериментатор ретінде тестке қатысу керек. Егер зерттеуші баланы тесттің құрастыруына және бағалауына (егер мүмкін болса), тестті өткізу үшін қолайлы жағдай жасаса, оның нәтижелерін өндесе, бұл нәрсе әрине, баланың тестке қатысуын өте қызықтырады.
Ерте ержетуі-бұл барлық салаларда: финанстық өзін-өзі қамтамасыз етуінде, моральдық ойлаудағы тәуелсіздік, саяси көзқарастар мен әрекеттерде әлеуметтік-психологиялық тәуелсіздігінің орнатылуының бастамасы.
Ерте ержетуі-адама психологиясының өзгеше бетбұрылысы. Өмірдегі, баланың түсініксіз өмірдегі қарама-қайшылықтарды сезінуі: мораль нормалары мен адамдардың, олардың іс-әрекеттердің, идеалмен іс жүзіндегі, қабілеттерімен, мүмкіншіліктері; әлеуметтік құндылықтармен өмірдің іс-жүзіндегі нәрселермен.
Ерте ержетуі-бұл адамның басқалары үшін жауапкершілікті сезіну, өзі үшін жауапкершілікті сезукезеңі. Бұл үлкендердің қиын өміріне адаптациясының бастамасы. Бұның бәрі жасөспірімдерге үлкендерге арналған тестті толық қолдануға болатының білдіреді. Бірақ үлкендер үшін актуальды проблемалар жасөспірімдер үшін түсініксіз болауы мүмкін. Сондықтан әдістемелердің керекті кешенін тапқан кезде жасөспірімдердің жан-жақты психодиагностикасына арналған, дәл солардың жасына актуальды нәрселерге көңіл бөлу керек. Мысалыға, олар үшін терең өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзінің ішкі нәзік сезімдердің қарым қатынастардың анализіне талпыну – бұл психологиялық проблемалар жасөспірімдер үшін ең маңызды нәрселер болып есептелінеді; екінші жағынан – бұндай сұрақтар, өмірдің мағынасы мен мақсаты, жалғыздық, өмірдің түрі мен кәсіби жетістіктер жасөспірімдерден гөрі, үлкендерді көбірек ойландырады.
Сондықтан, ерте ержетудің психодиагностикасындағы кейбір шектеулер тек тұлға мен тұлғааралық қатынастардың салаларымен байланысты тесттерге қатысты. Олардың интеллектуалдық, тану процестеріне ешқандай қатысы жоқ, бұларды зерттеу үшін ерте ержетуде ешқандай шектеулерсіз үлкендерге арналған әдістемелері мен тесттер қолданатын еді. Сол үшін интеллект тесттерде ең төмен жас шектеуі 16-17 жас деп белгіленген.
Бозбалалар мен бойжеткендердің психодиагностикасын бағалаған кезде, олардың жеке мәліметтерді үлкендерге арналған нормалармен емес, тесттен өткізілетін жасөспірімдермен жасты адамдарды сипаттайтын нормалармен салыстыру керек. 16-17 жасар балалар әлі үлкендерге толық жатқызу қиын. Балаларға үйреншікті жағдайларда тест өткізілу керек. Олар-мектептегі дәрістер, психологиядан дәрістер болуы мүмкін. Психодиагностика әдістемелерімен практикалық танысуы бағдарламаға кіреді, сол үшін тест процедурасы оған оңай енеді.
- Жеткіншектер мен психологтың жүргізілетін жұмысы.
Жеткіншектермен жүргізілетін жұмысы осы кезеңге тән проблемаларға негізделген. Жеткіншектер кезеңі деп 11-ден 16-ға дейінгі балалардың даму кезеңін айтамыз. Бұл кезеңде өте күшті психофизиологиялық дамуы және баланың әлеуметтік белсенділігінің қайта құруы өтеді. Баланың өмірлік іс-әрекеттеріндегі барлық салалардағы күшті өзгерістер бұл кезеңді «өтпелі» етеді. Бұл жас қиыншылықтармен, ұйымдармен, кризистермен өте бай. Бұл кезеңде іс-әрекеттің тұрақты түрі, мінезінің қасиеттері, эмоциялық реакцияның әдістері құралады. Бұл кезеңде балалық көзқарас жоғалып, психологиялық дискомфорт пайда болады.
Жеткіншектер кезеңін өте жиі дамудағы диспропорция кезеңі деп атайды. Бұл кезде өзі-өзіне көңіл бөлу көбейеді, өзінің физикалық ерекшеліктеріне, айналадағылардың пікіріне реакциясы ұлғаяды, өкпелегіштігі көбейеді. Физикалық кемшіліктер жиі үлкейтіліп көрінеді.
Жеткіншектердің психофизиологиялық дамуының негізгі моменті болып жыныстық даму, жыныстық идентификация болады. Олар дискомфортты төмендегі нәрселерден сезінеді:
— эмоциялық сфераның тұрақсыздығынан ;
— ситуациялық күдіктіктің жоғары деңгейінен ;
— жоғары жүйке іс-әрекетінің ерекшеліктерінен .
Ең информативті диагностикалық әдістемелер төмендегілер болуы мүмкін:
— жүйке жүйесінің қасиеттерін анықтаудың аппаратуралық әдістер;
— «Жүйке жүйесінің қасиеттерінің көрсеткіштер анамистикалық схемасы» сұраулығы ;
— Аизенк сұраулығы (жеткіншектер үшін вариант)
— В.М.Русалов темпераменті құрылымының сұраулығы (балалар үшін вариант)
— МТК (мінезбен темпераменттің қасиеттері) сұраулығы;
— темпинг тест (жүйке жүйесінің қасиеттерін Я.Стрелец темпераментінің құрылымының психо-мото-сұраулығы бойынша анықтау)
— САН сұраулығы (эмоционалдық жағдайлардың бағалау) жеткіншектің тану қабілеттерінің даму ерекшеліктері мектептегі оқудың қиындықтардың себепкері болады : оқудан қалып кетуі, адекваттық емес іс-әрекет. Жақсы оқу мотивацияға тәуелді, тұлғалық стимулдан іс жүзінде жеткіншек оқудың ешқандай қажеттілігін сезінбейді және керісінше, оқуға өте табан тіреседі.
Жеткіншектік тану сферасының ерекшеліктерін зерттеу.
Тану жадымен байланысты ең маңызды тану процесі: материалды қабылдап және оның ерекшеліктерін сақтау.
Қабылдауды зерттеу әдістемелері:
— «компастар» әдістемесі (кеңістік қасиеттерді қабылдау);
— «сағат» әдістемесі;
— уақытты қабылдауды зерттеу әдістемесі.
Жеткіншек кезеңінде зейін еркін болады және оқытушының өзінмен толық ұйымдастырылып, бақылануы мүмкін.
Зейіннің жеке толқуы жеке – психологиялық ерекшеліктерге негізделген болуы мүмкін (ашуланшақтығы, тез шаршауы, соматикалық аурулардан кейін зейіннің төмендеуі), оқуға қызығушылықтың төмендеуі.
Зейіннің зерттеу әдістемелері:
— «корректуралық проба» әдістемесі;
— «қара-қызыл таблица» әдістемесі;
— Мюнстенберг әдістемесі;
— «сандарды орналастыру» әдістемесі;
— «сандарды табу» әдістемесі;
— «сандарды басқа нәрсеге зейінді аударумен табу» әдістемесі.
Ерекшеліктер қатарына жадының функциялауындағы жеке айырмашылықтары жатады. Жеткіншекті рационалдық еске сақтау әдістеріне тиімді үйрету үшін, жадының басымды типін және еске сақтаудың жекеерекшеліктерін білу керек.
Жадыны зерттеу әдістемесі:
— кезекті еске сақтаудың әдісі (Л.С.Выготский бойынша);
— пиктограмма әдісі (А.Р.Лурия бойынша);
— «сандарды есте сақтау» әдісі;
— «бейнелерді сақтау» әдісі;
— екеулік қайта бейнелеу әдісі.
Жадының ойлау іс-әрекетімен байланысы, интелектуалдық процестерімен жеткіншектер жасында өзіндік маңызға ие болады.
Ойлауды зерттеу әдістемелері:
— Векслер әдістемесі (балалар варианты) ;
— ШТУР;
— «Қиын ассоцициялары» әдістемесі;
— «Равен матрицалары» әдістемесі;
— «Ұғымдар қатынасының анализі» әдістемесі;
— «Жалпы ұғымдарды анықтау» әдістемесі;
— «Сандық қатынастар» әдістемесі;
— «Интеллектуалдық лабилдың» әдістемесі;
Жеткіншектің сөйлеу дамуының ерекшеліктерін білу қажет.
Сөйлеу дамуының зерттеу әдістемелері:
— вербальдық қайта бейнелеудің өнімділіктің бағалау әдістемесі ;
— мақал – мәтелдердің түсіндірмесі.
Оқу мотивацияның зерттеуі:
— оқу мотивацияның зерттеу әдістемесі;
— мақұлдау мотивациясы — Марлоу-Краун шкаласы;
— бақылау локализацияның шкаласы және т.б.
Жеткіншектің психикалық дамуының мазмұны болып оның сана сезімінің дамуы болады. Жеткіншектің тұлғасын сипаттайтын қасиеттердің бірі болып өзін-өзі бағалау тұрақтылығының пайда болуы және «Мен» бейнесі.
Жеткіншектің сана сезімінің мазмұны болып оның физикалық «Мен» бейнесі болады — өзінің денесін «еркектік», «нәзіктік» (қыздарда) эталондар көзқарасынан салыстыру, бағалау.
Физикалық даму ерекшеліктері жеткіншектің өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі сыйлау төмендейді және айналадағылардың оны нашар бағалау алдында қорқынышқа әкеліп соғады. Сырт көрінісінің кемшіліктері жеткіншекке өте ауыр болады, ол өзін басқалардан кем деп санайды.
Жеткіншектер өзінің құрдастарының пікіріне жиі сүйенеді. Өзінің идеалдарымен өмір сүруі әр түрлі конфликттерге (ата-анамен) әкеліп соғады. Биологиялық дамуының шапшаңдығына байланысты және өзіндікке талпынуына байланысты жеткіншектерде құрдастарымен қарым-қатынастарда қиыншылықтар тудырады.
Өкпелегіштік, негативизм, агресивтік өз-өзіне сенімсіздікке эмоционалдық реакциялары болып табылады. Көптеген жеткіншектерге мінезінің акцентуациясы анықталады – баланың әлсіз жақтарын (невроз, делинквенттік іс-қимыл, алкогольге, есірткіге құмарлық) тудыратын мінезінің кейбір қасиеттерін белгілейді.
Тұлғаның даму ерекшеліктерін және оның қасиеттерін зерттеу әдістемелері:
— Кеттелл сұраулығы;
— Бриендік тұлғаның анкетасы (БТА);
— К.Леонгардтың мінездік сұраулығы;
— Тейлор ұйымдар бағалау шкаласы;
— Спилберг;
— Депрессия шкаласы;
— «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі;
— «Өмірде жоқ жануар» әдістемесі;
— «ДДИ» әдістемесі;
— Субъективтік бақылаудың деңгейін зерттеу әдістемесі;
— Өзін-өзі бағалауды зерттеу әдістемесі (Будасси, Дембо-Рубинштейн және т.б. бойынша)
— Талап деңгейінің зерттеу әдістемесі;
— Конфликттік ситуацияларға реакциялау әдістемесі (К.Томмас);
— Q – іріктеу әдістемесі;
Микротоптық деңгей қасиеттерін зерттеу әдістемелері:
— социометрия;
— референтометрия;
— Тимоти-Лири бойынша тұлғааралық қатынастардың диагностикасының әдістемесі;
— репертуарлық торлар;
— ГОЛ.
Жеткіншектің даму ситуациялары (биологиялық, психикалық, тұлға-мінездік ерекшеліктер) кризистерге, конфликттерге, әлеументтік ортаға адаптациялау қиыншылықтарға әкеліп соғады. Осы жаңа кезеңді ойдағыдай аттай алмаған жеткіншек, «қиын» деген статус алады. Бұл, біріншіден, әлеуметтік емес іс-әрекеті бар жеткіншектерге қатысты. Жеткіншекте физикалық әлсіздік, мінез дамуының ерекшеліктері, коммуникациялық қабілеттерінің жоқтығы, эмоциялық ержетпеу, айналадағы әлеуметтік ортаның нашарлығы. Жеткіншектерде белгілі бір әрекеттік реакциялар пайда болады, олар арнайы кешенді құрады. Ол эмансипация реакциясы ретінде анықталады, әрекеттің бұл түрі арқасында ол үлкендердің бақылауынан босатылып кеткісі келеді.
Бұл реакцияның анықтауы ең жоғары дәрежесі-қаңғыру:
— құрдастарымен топталу реакциясы, өзінің жеке субмәдениетінің қалыптасуы.
— хобби, жеткіншектің қызығушылығы мен үйірлілігі.
Мамандықты талдау процесінде жеткіншек белгілі бір қиындықтарға кездеседі. Жеткіншектің мамандық таңдауы шешім қабылдаудың бірнеше этаптарынан тұрады. Шешім қабылдаудың бірқатар іздеу стильдерін бар : имппульстік шешім, салмақты шешім, байқап шешім қабылдау, инерттік шешімдер.
Осы деңгейдегі қасиеттерді зерттеу әдістемелері:
— «қызығушылық картасы» әдістемесі;
— ДДО әдістемесі (Климов);
- «Жетістікке жету қажеттілігі» әдістемесі.
Психологиялық анализдің қажеттілігін ескеріп, тұлғаның адаптациялық мүмкіншіліктерін бағалау керек. Әлеуметтік жұмыс бойынша маманның кәсіби маңызды қасиеттерді зерттеуге ерекше көңіл бөлу керек, әсіресе: эмпатикалық ерекшеліктеріне, коммуникативтік қабілеттеріне, төмен конфликттікке.
1 дәріс. «Жетістікке жету» әдістемесі.
Теоретикалық негіздеу. Әдістеме Ю.М.Орловпен құрастырған. Ф.Хоппе ұғымдан жетістікке жету қажеттілігі туралы түсінік бастама алады. «Мен» — деңгейі. Адам санасезімінің неғұрлым жоғары деңгейде жоғары талап деңгейі көмегімен ұстап тұру талпынуы. Кештеу бұл ұғым «жетістікке жету мотивіне» айналды. Х.Хенхаузен оны өзінің қабілеттерін жоғарылату талпынысы етіп анықтаған.
Мақсаты. Кез келген іс-әрекетте жетістікке жетудің адамның қажеттілігінің анықтау дәрежесін шығару.
Нұсқау. Ұсынылатын әдістеме тест-сұраулық түрінде болады, 23 бөлімдерден тұрады. Зерттелетін адам «ия», «жоқ» деп жауап беру керек.
Тест материалы.
- Өмірдегі жетістік бір жағдайға, есептен гөрі тәуелді.
- Егер мен ұнататын істен айырылсам, өмірдің мәні жоғалады.
- Кез келген істі орындау барысы қызықтырады, нәтиже емес.
- Адамдар, менің ойымша, жұмыстағы кемшіліктерден жақындармен нашар қатынастардан гөрі көп зардап шегеді.
- Көп адамдар, менің пікірімше, алыс мақсаттармен, жақын емес, өмір сүреді.
- Менің өмірімде басқа нәрседен жетістіктер көбірек болды.
- Әрекеттік адамдардан гөрі, эмоционалдық адамдарды ұнатамын.
- Қарапайым жұмыстың өзінде оның кейбір элементтерін жетілдіргім келеді.
- Жетістікке жетемін деп, қорқудыда ойламаймын.
- Менің жақындарым мені жалқау деп ойлайды.
- Менің төмендеуімде жағдай кінәлі, өзім емес.
- Менің ата-анам мені өте қатал бақылайды.
- Менде қабілеттіліктерден шыдамым басым.
- Жалқаулығым қойған мақсаттардан айнытады.
- Өзім-өзіме сенімді адаммын.
- Жетістікке жету үшін қауіп-қатерге ұшырауымда мүмкін.
- Мен еңбекқор емеспін.
- Барлық нәрсе ойдағыдай болса, менің кұшім көбееді.
- Мен журналист болғанда, оқиғалар туралы емес, адамдардың ойлап тапқан жаңалықтар туралы жазар едім.
- Менің жақындарым жоспарларымды қолдамайды.
- Менің құрдастарымнан гөрі, өмірге деген талаптарым төмен.
- Қабілеттіліктерден табандылық менде көбірек.
- Күнделікті істерден босасам, мен одан көп жетістікке жетер едім.
Нәтижелерді өңдеу. Әр жауап үшін 1-ұпай қойылады:
«ия» -2,6-8, 14, 16, 18, 19, 21-23 бөліктер бойынша.
«жоқ» -1, 3-5, 9-13, 15, 17, 20 бөліктер бойынша.
Жетістіктерге қажеттілік (ЖҚ) «ия» мен «жоқ» жауаптарының қосындысын тең. Бағалау шкаласы 0-ден 23-ке дейін.
Нәтижелердің интерпретациясы. Неғұрлым көп ұпай жинаса, соғұрлым онда ЖҚ көп.
2 дәріс. Жұмыспен қанағаттанудың бағасы.
Теоретикалық негіздеу. Бұл әдістеме В.А.Разоновамен құрылған. Жұмыскердің тиімділігі көбінесе жұмысымен қанағаттануға тәуелді. Егер жұмыс істеуге жақсы жағдай жасалған болса, бастықпен, әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болса, айлығының деңгейі кәсіби өсуінің перспективасы бар болса, онда жұмыскер өзінің жұмысына қанағаттанып жүреді.
Мақсаты. Еңбек жағдайымен, іс-әрекеттің мазмұнымен, бастықтармен әріптестермен жақсы қарым-қатынасымен және басқа факторлармен қанағаттануды зерттеу.
Нұсқау. Зерттеу жеке және топта өткізілуі мүмкін.
Зерттелетіндерге анкетаны береді (табл.35), оларда 14 тұжырымдамалар, жауаптық 5 варианты (бағалау шкаласы 1-5 ұпай)
Әр тұжырымдаманы бағалау керек, оны шеңберге аласыз.
1 ұпай — өте қанағаттанарлы
2 ұпай — қанағаттанарлы
3 ұпай — онша емес
4 ұпай — қанағаттанарлықсыз
5 ұпай — өте қанағ-сыз.
Тест материалы.
Тұжырымдама | өте қанағат | қанағат | Онша емес | қанағ-сыз | өте-қанағ-сыз |
1. Мекемемен қанағат—тануыңыз
2. Физикалық жағдайлар—мен қанағаттануыңыз 3. Жұмыспен қанағат—тануыңыз 4. Жұмыскерлердің бірлі—гімен қанағаттануыңыз 5. Бастықтың стилімен қанағаттануыңыз 6. Бастығыңыздың кәсіби біліктілігімен қанағат—тануыңыз 7. Еңбек жалақысымен қанағаттануыңыз 8. Басқа мекемелермен салыстырғанда еңбек жа—лақымен қанағаттануыңыз 9. Кәсіби жоғарлауымен қанағаттануыңыз 10. Жоғарлау мүмкінші—ліктермен қанағаттануыңыз 11. Өз тәжірибеңізді және қабілеттеріңізді қолдану—ыңызбен қанағаттануыңыз 12. Интеллектіңізге талап—тарымен қанағаттануыңыз 13. Жұмыс күнінің ұзақ—тығымен қанағаттануыңыз 14. Жұмыспен сол дәрежеде қанағат—тануыңыз, басқа жұмыс іздеуге ықпал ететін.
|
Нәтижелерді өңдеу: Анкетадағы ұпайлар қосылады. Егер бір топ жұмыскерлерді зерттеген болса, онда топ бойынша орта бағалар анализдер өткізіледі, бағалау төменгі шкала бойынша: 5-20-«өте қанағат»; 21-32 ұпай – «қанағат»; 33-44 ұпай-«онша емес қанағ-сыз»; 45-60 ұпай-«қанағ-сыз»; 60-тан жоғары – «өте қанағ-сыз».
Нәтижелерді интерпретациялау. Зерттеу нәтижелері бойынша 14-тен 70 ұпайға дейін алуға болады. Егер адам 40 немес одан көп ұпай жинаса, онда ол жұмысымен қанағаттанбағандығын көрсетеді. Егер жұмыскер аз ұпай алса, онда оның қанағаттанбауы жоғары болады.