Тұлғалық психодиагностиканың қасиеттері. Тұлғалық қасиеттердің кең тараған әдістемелері

Жобалық әдістемелерінің саны өте көп және күннен күнге өсіп келе жатыр. Жобалау әдістемелері туралы әдебиеттердің саны 4000–нан да асып кетті. Индивидтің фантазиясын ояту үшін қысқа , жалпы нұсқаулар ғана беріледі. Сол үшін тест стимулдары нақты емес. Осыған ұқсас тапсырмалардан тұратын гипотеза индивидтың тест материалын немесе жағдай « құрылымын » қабылдау мен интерпретация әдісі оның психикасының функцияларының негізгі «фундаментальдық» аспектерін кескіндейді. Яғни тест материалы экран ретінде жұмыс істеу керек.

Жобалық әдістемелер жасырын тесттің әдістемелері болып саналады,өйткені зерттелетін адам психологиялық интерпретацияның түрі туралы сирек күдіктенеді.

Жобалық әдістемелер тұлғаны бағалауға терең қараумен сипатталады. Зейін тұлғаның бөлек қасиеттерін өлшеуде емес, жалпы суреттемесіне бағытталған. Жобалық әдістемелер тұлғаның жасырын жақтарын ашудағы тиімді процедуралар ретінде қарастырылады. Неғұрлым тест құрылымға аз негізделсе, соғұрлым ол жасырын материалға сезімді болады.

Жобалық әдістемелер клиникалық жағдайларда пайда болып, клиенттің құралы болып есептелінеді. Олардың кейбіреулері психикалық ауруларға қолданылған терапевтикалық әдістерден дамыған ( мысалы өнер шығармаларымен емдеу ). Жобалық әдістемелердің теориялық құрылысына психоанаметикалық концепциялардың ықпалы бар.

Жобалық әдістемелерге тән терең көзқарасына байланысты тек эмоциялардың , мотивациялық және тұлғааралық мінездемелер емес, тәртіптің кейбір интеллектуалдық аспекттері қарастырылады. Соңғысына жалпы интеллектуалдық деңгейді, стиль мен ерекшеліктілігін жатқызуға болады.

  1. Тақырыптық апперцепциялық тест ( ТАТ )

ТАТ жобалық әдістемелер тобына жатады. Олар әлеуметтік ортада және қарым-қатынастарда көрінетін тұлғаның ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады. Бұлар :

а) тұлғаның позициясының ерекшеліктері (әрекеттік , ?)

б) интерперсональдық байланыстардың ерекшеліктері ( симпатия, антипатия, үйреншікті )

в) басым тенденциялары ;

г) іс-әрекет әдістері ( іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері , практикалық ойлаудың ерекшеліктері , өмірлік есептерді шығару әдістері ).

д) тұлғаның динамикалық жағы ( іс-әрекеттің ритмі , эмоциялық лабильдік , реактивтік ).

Толық тест зерттелетін адамға ұсынылатын ситуациялық суреттердің бірнешеуінен тұрады (6 – 30- ға дейін). Тест үшін арнайы , салынған ситуациялар 2 негізді талаптарға сай келетін , суреттер алынған.

Егер заттар мен адамдар анық салынбаған болса, бұл ситуациялардың композициялары да дәл сол уақытты объективті анық емес болады. Бұл суреттерді өзінше қабылдағанды талап етеді. Зерттелетін адам әр қабылдауға өзінің білімін, жеке тәжірибесін, өзінің іс-әрекет әдістерін, өзінің бағаларын қолданады.

Әр суретті еркін әңгіме ретінде көрсету керек :

а) дәл осы кезде, оның ойынша, суреттегі нәрсені сипаттау .

б) осы жағдайдың тууына не себеп болды.

в) әрі қарай не болатынын болжап көру.

г) суретте салынған адам бейнелерінің сезімдері туралы абыл беру.

д) адамдардың ойын таба білу.

Омбреданоның пікірінше барлық жобалық тесттер сияқты ТАТ тұлғаның ерекшеліктерін оның жауаптарында кескіндейді. Бірақ, басқа тесттерге қарағанда , ТАТ бұл әртүрлі өмірлік ситуациялардағы тұлға іс-әрекетінің ерекшеліктерінің толық суретін көрсетеді.

ТАТ вариантында 28 суреттер бар.

Басқа тесттерге қарағанда ТАТ нақты стимулды негізге алып, іс-әрекет бағытты таңдаудың шексіз еркіндік береді. Мысалы, Г.Роршахтың тестінен айырмашылығын ТАТ схемасын төмендегідей көрсетуге болады «нақты стимул — еркін жауап». ТАТ жауаптары өте еркін және ешқандай шектері қойылмаған. Роршах тестінде тәжірибе әрқашан бейне шектеулері анықталған, ал ТАТ-та бейне бірнеше ассоциацияларды шығарады. Бұндай ассоциациялар жай өмірде тұлға қасиеттері туралы айтатын іс-әрекетте тәртіп жүйесінің ерекшеліктерін анықтайды.

Суреттердің интерпретациясы нәтижесінде алынған материал әртүрлі принциптармен өңделу мүмкін және әртүрлі эксперименттальдық есептердің қойылуын көздейді. Мысалы, Томкинс әр ұпайда есептелінетін көрсеткіштердің әртүрлі қатынастары бар және әр қатынасқа бағасы бар жүйені құрастырған. Бұл жүйенің кемшілігі бағаның критерийінің тым еркіндігінде. Мысалы 300 сөзден құралатын әңгіме норма деп саналып, одан ауытқу дұрыс емес деп саналса, онда шешендік пен ойдың нақтылы сияқты тұлғаның құнды қасиеттері байқалмай қалуы мүмкін. Мэррей басқа бір принципті «берілгенді табу» деп негіздеген. Мысалы эксперименттік материалда жұп болатын қасиеттерді іздеу керек: агрессия мен қорғау, маниактың қасиеттерімен немесе депрессия, оптимизм немесе пессимизм және т.б.

Тест сананың әртүрлі салалары мен деңгейлерін анықтау сияқты тапсырмаларды орындау мүмкін: саналы-санасыз, ашық-жасырын, шығарушы-орын басушы. Мысалы, нақтырақ тапсырмаларда беріледі: субъект іс-әрекеттілігінің дәрежесін анықтау: «бала ойлайды», «бала армандайды», «баланың орындағысы келеді», «бала бір нәрсе істеп жатыр» деген ойлаулар алдын ала іс-әрекеттіліктің әртүрлі стадиялары немесе дәрежелі есебінде бағалануы керек.

ТАТ әдістемесімен танысу үшін анализдің кең таралған принципі қабылданған-тұлғаның жүйелік кешенін анықтауға бағытталған материал беретін негізгі пунктілерді табу.

Жалпы әдістемелік нұсқаулар.

Анализдің негізгі категориялары ( қасиеттері мен көрсеткіштері )

« Кетіп қалу » категориясы.

Зерттелетін адамның керекті жауаптардан кетіп қалуға бағытталған іс-әрекет – « кетіп қалу » деп аталады.

Бұл кезде зерттелетін адам шын жауаптарды басқа жауаптармен ауыстырады. «Кетіп қалулар» саналы және санасыз болады.

«Кету» 4 түрге бөлінеді.

1.Сипаттау түрі. Әңгіменің 5 бөлігінің ішінен (суретте бейнеленген момент, бастамасы, бітуі, ойлары, эмоциялары) сынаушының бір сәтте қолдана алуы. Бұл сипаттама тым ұзақ немесе өте тым қысқа болуы мүмкін. Мысалыға: «бұл жерде бала отыр. Мынау скрипка. Бала скрипкаға қарап отыр. Мен басқа ешнәрсе білмеймін.»

2.Сюжетті құрудың формальдық түрі.(нақты мазмұны жоқ) Бұндай жағдайда зерттелетін сюжетті тек каркасдан ғана жасайды. Оның көрініп тұрған бейнесін пікірсіз, мінездемесіз толықтыруы. Мысалыға «бұл суретте баланың скрипкаға қарап отырғанын бейнелеген. Ол скрипкада ойнайды. Бұл сәтке не әкелді? Оның ойнай алуы. Егер ол оқуын жалғастырса, әрі қарай бұданда жақсы ойнай алады. Ол скрипкада ойнап отырғанын ойлап және жақсы ойнау үшін көп оқу керек екенін сезіп отыр».

3.Ауыстыру түрі. Өзінің жаратқан, сыналатын сюжетінің орнына, схемалық дайын материалға ұқсас нәрсе іздейді-әдеби шығарма, кинофильмнің сценарийі, тарихи эпизод, радио немесе телепередача және т.б. Мысалы бұл сурет «Бетховиннің концерті» кинофильмнің кадрына ұқсайды. Ол фильмнің кейіпкері де – музыкант бала. Оған байқауға қатысып бірінші орын алып келсең, Мәскеуге барасын деген кезде, ол…Одан кейін фильмнің шығармашылық мазмұнын айтып береді.

4.Кеңдік түрі. Бұндай жағдайда сынаушы сюжетті құрған кезде, әр бұрылыста барынша әртүрлі, түрлерді беруге тырысады. Мысалы, «бұл бала 12 немесе 13-те. Мүмкін одан да үлкен шығар…Мүмкін ол өзінің жасынан ересектеу көрінеді. Мүмкін ол 7-8 жаста шығар. Оның алдында скрипка жатыр. Оған біреу сыйлаған. Немесе оның скрипкасы емес. Мүмкін әкесінікі немесе ағасынікі шығар. Мүкін мүлдем үйінде емес шығар. Ол басқа біреудің скрипкасы. Ол скрипкада ойнайын деп жатыр. Мүмкін оның ойнағысы келмей жатқан шығар. Музыкалық мектепте емтихан тапсыру алдында толғануы мүмкін. Бәлкім скрипканы сындырып алып, қорқып отырған шығар» т.с.с.

«Кету» бұл төмендегідей барлық нәрселерге қатысты түр сипаттары:

а). Зерттеуден қорқу, тесттен қорқу, өзінің қызығушылығын, мақсатын, себептерін жасыру сипаты.

б). Қарым-қатынас жасаудың қиындықтары.

в). Интеллектуалдық шектеу.

г). Интеграция қабілетінің төмендігі.

«Персонаждардың позиция» категориясы.

Өмірлік позиция-өзін, суреттегі бейнеленген бейнемен салыстыру. Позиция көптеген өмірлік есептермен конфликттерді шешу үшін бастапқы нүкте болып саналады. Ситуацияны өзгертуге бағытты, одан активті шығуға бағытталуы іс-әрекеттің позицияда бақыланады, керісінше, пассивтік, іс-әрекетсіздік тәуелді позицияда «Үшінші адам» ретінде «жанынан қарау», бірақ ситуацияға қатыспау. Жоюға конфликтке бағытталуы агрессивтік позицияға тән.

Позициялардың барлық түрлері тұлғалық сәйкес тенденцияларының тіке көрсеткіштері болып саналады. Бұлардың бәрі тұлғалық іс-әрекетінің әдістері туралы сұрақтарды шешу үшін материал береді.

Әрекеттік позицияның қасиеттері: осы шақтық етістіктерін қолдану.

Тәуелдік позицияның қасиеттері ықпалдар мен әсерлер туралы ойлар болып табылады. Ойлар әсер ететін адамның атынан жүргізіледі. Зейін қудалау фактілерге тұрақталады.

Агрессивті позицияның қасиеттері императивтік конструкциялардың басымдылығы болып саналады. Басқа тұлғаға әсер етуге акцент қойылады. Әрекеттік позициядан айырмашылығы – белгілі бір мақсаттың, іс-әрекеттердің жоспарының жоқтығы.

Солидаризация дегеніміз басқа бір адамның сізді –түсінуі. Зерттелетін адам басқаның позициясын қабылдау мүмкін емес, сонымен қатар басқаның қабілеттері мен қасиеттері зерттелетін адамдікіне жағымды болуы мүмкін. Әдеттегідей, зерттелетін адам оларды бірден айтады.

«Сюжеттік сызықтан ауытқу» категориясы.

Бұл категорияның қасиеті әңгіме бағытын бірден өзгертуі болып саналады. Анықтамалық және мемориялдық, ауытқулар болады. Анықтамалық ауытқулар – реонерство (өсиетшіл) көрсеткіштері. Мемориаялдық-эгонтризмнің көрсеткіштері. Жиеленіп кеткен ауытқулар идеялардың секірулері болып саналады.

«Қабылдау қателері» категориясы.

Қабылдау қателері деп суреттегі бейнеленген заттардың басқа түрлерін қосу және ойдан шығару емес, әншейін айту болып табылады.

Қабылдау қателері – мықты нұсқаулардың басымдылықтың қасиеттері.

«Әңгіменің жалпы уақыты» категориясы.

Тоқтаусыз әңгімелер әртүрлі ассоциациялармен бай сананы, фантазияғаүйірлілігін сипаттайды. Бір суретке айтылған ұзақ әңгіме зерттелетін адамды ситуация мен сюжет өте қызықтырғандығын білдіреді. Егер әңгіме 30минутқа тоқталып қалса «ортасында» онда ол аффекттік реакцияның белгісі болады.

Эксперимент процедурасы.

Тест басталғанша зерттелетін адам көрсеткіштер жүйесі, тест бағалары туралы ешнәрсе білмеу керек. Тест карточкалары зерттелетінге кезек-кезек ұсынылады. Оған 5 бөліктен тұратын нұсқау көрсетіледі :

1) «Бұл суретте не көріп тұрсыз?» , «ситуацияны сипаттап беріңіз.»

2) «Бұл ситуация не туғызды?» , «Қандай себептер?»

3) «әрі қарай не болады сіздің пікіріңізше?»

4) «Суретте бейнеленген адамдардың ойлары қандай?»

5) «Адамдар қандай сезімде тұр?»

Жауаптар алғашқы хаттамаға (бағасыз) , мүмкінші , мүмкіншілігінше сөзбе-сөз жазылады.

Эксперименттік материалды өңдеу тәртібі :

  1. Барлық жауаптар мен сипаттамалар , ойлар , алғашқы хаттамада жазылғандар, екінші хаттаманың пунктілеріне сәйкес жайғастырылу мақсатында анализден өткізіледі.

( Қосымша 1,2,3)

  1. Жауаптар мен олардың қатынастарынан ( сәйкестік қарама қайшылық ) «проекцияның құрылымы» шығарылады.
  2. Кез келген категория жауаптарының көпшілігінің негізінде тұлғаның психологиялық нақты тенденциясы шығарылады.
  3. Тұлға туралы жалпы қорытынды құралады. Оның ішінде тұлға жасайтын орта туралы ойлар, позиция, сапа туралы мәліметтер , тұлғаның динамикалық сабы (строй) туралы , эмоциялық және жігерлік сфера туралы, іс-әрекет әдістері, тұлғаның бөлек қасиеттері және оның бағытталуы туралы қорытынды жасалады.

Экспериментатордың негізгі зейіні мәтінін өңдеу барысында қорытындыға, оның дәлелдеу жағына көп көңіл бөлу керек.

2.Тұлғаның өзін-өзі бағалау шкаласы.

Теоретикалық негізделуі. Ұсынылатын әдістеме А. М. Пригожин мен құрастырылған. Бұл Дембо – Рубинштейннің әйгілі әдістемесінің варианты ретінде талап деңгейлердің қосымша параметрлерді енгізген.

Мақсаты: Өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін зерттеу.

Нұсқау: Әр адам өзінің қабілеттілігін , мүмкіншіліктерін, мінезін бағалайды. Шарт түрінде адамның даму деңгейін вертикальды сызық етіп алып , төменгі нүктені – ең төмен даму , ал жоғарғы нүкте – ең жоғары даму нүктелері дейміз.

Мысалы « денсаулық » сызығындағы төмендегі нүкте адам ауру екенін, ал жоғары нүкте сау екенін білдіреді.

Өзін-өзі бағалау шкаласы.

1234567

Тест материалы. 7 сызық (вертикальды), ұзындығы 100 мм. Жоғарғы, төменгі жағы үлкен нүктемен белгіленген, ортадағысы кішкентай нүктемен.

Әдістеме. Зерттеу фронтальды (бір топпен) немесе жеке түрде өтуі мүмкін. Фронтальды зерттеуде әр қатысушы шкаланы қалай толтырғанын тексеру керек. Ол үшін аудиторияны аралап зерттелетіндердің сұрақтарына жауап беріп, белгілерді қалай қолданып жатқандығын тексеру керек. Содан кейін олар дербес жұмыс істеу керек. Шкаланы толтыруға нұсқауымен бірге 10-12 минут беріледі.

Зерттелетіндер тапсырманы қалай орындап жатқандығын бақылау керек. Олардың әртүрлі реакциялары нәтижелерді өңдеу үшін қосымша информация береді.

Нәтижелерді интерпретациялау. Өңдеуге 6 сызық жатады. «Денсаулық» шкаласы есептелінбейді. 100мм = 100 ұпайға тең.

1 этап. Әр 6 шкала бойынша — « ой қабілеттері », « құрдастар арасындағы авторитеті », « шебер қолдар », « сыртқы көрінісі», « өз өзіне сенуі » — анықталатын нәрселер:

а) берілген қасиетке қатысты талап деңгейі – төменгі нүктеден (0) – (х)-қа дейін;

б) өзін-өзі бағалау деңгейі- (0)-ден-(-)-дейін;

в) талап пен өзін-өзі бағалау деңгейлерін сипаттайтын өлшеулердің айырмашылығы (х)-тен (-)-қа дейін.

Егер талап деңгейі өзін-өзі бағалау деңгейінен төмен болса, онда нәтиже теріс санмен анықталады. Содан кейін әр көрсеткіш жазылады: талап деңгейі, өзін-өзі бағалау деңгейі және олардың арасындағы айырмашылығы (шкала бойынша ұпайларда).

2 -этап. Әр көрсеткіштің орта өлшеуі анықталады. Оны 6 шкала бойынша әр көрсеткіштің медианасы сипаттайды.

3- этап. Талап пен өзін-өзі бағалау деңгейінің дифференциация дәрежесі анықталады. Оларды зерттелетін адамның бланкілердегі барлық (х)-терді қосумен алады. Алынған профильдер зерттелетін адамның өз тұлғасының әртүрлі жақтарын бағалаудағы айырмашылығын көрсетеді. Дифференциацияның сандық мінездемесі керек болған кезде, максимальдық пен минимальдық сандармен айырмашылығын қолдануға болады.

Дифференциация көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, соғұрлым орта өлшеу шартты болып және соғұрлым маңызы аз болады.

Өте үлкен дифференциацияда зерттелетін өз тұлғасының кейбір жақтарын өте жоғары бағаласа, кейбіреулері өте төмен бағаланады, орта өлшемдік талдау шындығында мағынасын жоғалтады және тек бағыттау үшін қолданады.

  1. Әсіресе талаптар өзін-өзі бағалаудан төмен болса, кейбір шкалалар толтырылмай қалып, жауаптары шкаладан тыс шығып кетсе (белгілер жоғары сызықтан немесе төменгі сызықтан түсіп кетсе) нұсқауда ескерілмеген белгілер қолданылса, ал жауаптарға комментарий берілсе ерекше көңіл бөлу керек.

1.Мини – Мульт сұраулық(опросник)

Мини – Мульт сұраулығы ММРІ-дің қысқартылған варианты. Ол 71 сұрақтан , 11 шкаладан (оның ішінде 3 – бағалық ) ( Адаптация Ф. Б.Березина және М.П.Мирошникова )

Бірінші 3 бағалау шкаласы зерттелетін адамның шындығын өлшейді. Қалған 8-і негізгі деп саналып тұлғаның қасиеттерін бағалайды. Бірінші шкала астено-невротикалық типті зерттелетіннің тұлғалық қасиеттерін өлшейді. Екінші шкала зерттелетіннің социопатикалық вариантты тұлғалық деңгейге басымдылығын көрсетеді. Бесінші шкала бұл вариантта қолданылмайды 4-тен кейін бірден 6-шы қолданылады.