Психодиагностикалық құралдардың топтастырылуы. Психодиагностикалық әдістемелерге қойылатын талаптар. Қарастырылатын мәселелер

  • «Мотив- белсенділікпен мақсатқа жету құштарлығын беретін адамның іс әрекетінің ішкі, психологиялық ақыл оймен сезілетін және сезілмейтін түрткі болатын бұлақ»
  • Мотив ұғымын операционализациялаудың келесі кезеңінде біз ерекше психодиагностикалық әдісті ұсынуымыз керек еді. Бұл әдістің көмегімен берілген ұғымның негізгі бөлігінде айтылатын құбылыстар іс жүзінде бар екеніне көз жеткізетін едік. Соңғы кезеңде біз мотив құбылысының барын оны сипаттайтын қасиеттері барысында практикалық тексеру жүргізу керек еді. Бұл ұғымның верификациясы болып табылады. Сонымен операционализация-теориялық, ал верификация-практикалық болып бөлінеді.
  • Психодиагностикалық әдістерінің көбісі бланк әдісі болып келеді. Бұл әдісте зерттелетін адамға бір қатар сұрақтар ұсынылып, оларға ауызша немесе жазбаша жауап беруі керек. Алынған жауаптарына қарап сол адамның психологиясы туралы мәлімет алуға болады. Бланк әдісі өте кең қолданылады, өйткені олардың қоданылуы оңай және алынған мәліметтерді, нәтижелерді өңдеу жағыда қолайлы. Екінші орында сұрақ әдісі қолданылады. Ауызша сұрақ қойып психолог зерттелетін адамның берген жауаптарын өңдейді. Бұл әдістің оңайлығы бланктердің дайындаудың қажеттігі жоқтығында. Бірақ бұл әдісиің кемшілігі де бар сұрақтардың таңдауда субъективті бастама бірінші орында тұрады. Бұл әдістемені стандартқа келтіру қиын. Үшінші орында психодиагностикалық суреттер әдісі қолданылады. Мұнда психологтар белгілі бір тақырыпта немесе бос тақырыпқа зерттелетін адамға сурет салдырады. Кейде зерттелетін адамға интерпретациялауға стандарттық дайын суреттер беріледі. Бұл суреттердің кейбіреулерінің мазмұнында жасырылған есептерді шешу керек.(мысалы, матрицалық Равен тесті). Бірінші мен үшінші түрлерінің екі варианты бар:
  • компьютерлік және қолдық. Қолдық вариантта бүл әдіс басынан аяғына дейін электрондық-есептеу техника құралдарынсыз эксперименттік материалды презентациялау және өңдеуді өткізеді. Компьютерлік вариантта психодиагностиканың келесі кезеңінде ЭВМ қолданылады. Мысалыға, мәтінді немесе суретті дисплей арқылы ұсынуға болады, ал процессорды сандық есептеулер үшін қолданады. Психодиогностикалық әдістердің ішінде жобалық әдістер бірінші орын алады. Бұл әдістер бланктық, сұраулы және суретті болады. Жылдан жылға олардың қолданылуы жиелеп келеді, осы топтың әдісі валидтік және информативтік болып бөлінеді. Келесі әдістің тобы-обьективтік-манипуляциалық. Мұндағы есептер нақты заттар түрінде беріледі, оларды жинау, жасау немесе бұзу керек. Психодиагностикалық әдістердің топтарға бөлінуіне сүйеніп, негізгі өлшемдерді анықтап, кең түрде топтастыруға болады.
  • Өлшемдер төмендегідей болады:
  1. Әдістемеде қолданылатын тест есептердің түрлері.
  2. Әдістемеде қолданылатын тест материалының жайы.
  3. Зерттелетін адамның тест материалын ұсыну формасы.
  4. Психодиагностика нәтижелерінің қорытындылау үшін қолданылатын мәліметтердің сипаттамасы.
  5. Әдістемедегі тест нормасының бар болуы.
  6. Әдістеменің ішкі құрылысы.
  • Тест тапсырмаларын қолдану типі бойынша психодиагностикалық әдістемелер сұраулы (зерттелетін адамдарға арналған сұрақтар қолданылады ), мақұлдайтын (зерттелетін адам бір ой – пікірлерді мақұлдау немесе мақұлдамау), өнімділік (зерттелетін адамның өзінің шығармашылық өнімінің түрі қолданылады), әсерлі (зерттелетін адам өзінің психологиясы туралы сипаттайтын белгілі бір кешенді практикалық іс — әрекетті жасау туралы есепті орындайды), физиологиялық (бұл жағдайда психодиагностика адам организмінің физиологиялық реакция немесе еркін емес физикалық анализдің негізінде өткізіледі), Мысалы, бір адамның психологиясын бағалау үшін тікелей немесе жанама сұрақтарды, бір пікірді мақұлдату немесе мақұлдатпау, ауызша, жазбаша, бейнелі, техникалық т.б. іс — әрекет, оның еркін немесе еркін емес қимылдарын және жауаптарға реакциясын және т.б. қолдануға болады. Электроэнцефалограмма, электрокардиограмма, электромиограмма, тері – гальваникалық реакция және басқа рефлекстер де қолданылады.
  • Тест материалдың жағдайы бойынша психодиагностика әдістемелері сана – сезімдік және сана – сезімсіздерге бөлінеді.
  • Бірінші типке сұраулы , ал екіншісіне жобалау әдістемесі жатады. Зерттелетін адамға ұсынылатын тест материалының психодиагностикалық әдістемелері бланктік (тест жазбаша түрінде немесе сурет, схема түрінде болады), техникалық (зерттелетін адамға тест материалы аудио – видио немесе кино түрінде болады), сенсорлық (тест материалы физикалық стимул түрінде болады).
  • Психодиагностикалық қорытындыларда қолданылатын мәлімет-тердің сипаттамасы бойынша әдістемелер объективтік (зерттелетін адамның немесе экспериментатордың сана – сезімінен немесе еркінен тәуелсіз көрсеткіштер қолданылады) және субъективтік (зерттелетін адамның немесе экспериментатордың сана – сезімдерімен еріктеріне тәуелді мәліметтер қолданылады). Объективтік түрге мысал ретінде қолданғанда бағалаудағы субъективтік минимумға келтірілген физиологиялық , рефлексивтік нәтижелері бар тесттерді айтуға болады. Субъективтік түріне мысал ретінде интуиция мен ішкі тәжірибеге негізделіп жасалынған интроспекция мен қорытындыларды айтуға болады. Тест мөлшерлерінің бәрінің өлшемі бойынша психодиагностикалық әдістемелер ұқсас мөлшерлерге және ұқсас еместерге бөлінеді. Ішкі құрылысына қарай психодиагностикалық әдістемелер мономерлік және многомерлік деп бөлінеді. Біріншісінде бір ғана қасиет бағаланып диагностика жүргізіледі, екіншісінде бірнеше психологиялық қасиеттер бағаланып олардың психодиагностикасы жүргізіледі. Ал соңғысында психодиагностикалық әдістеме бірнеше жеке әдістерге бөлінеді. Олар подшкалалар деп аталып жеке бір психологиялық қасиеттерді бағалайды. Мысалыға белгілі бір Спилбергер – Ханен тесті адамның үрейленуін бағалау үшін жасалынған. Бұл мономерлік әдістеме , ал Кеттелдің тұлғалық тесті многомерлік әдістемеге жатады. Психодиагностикалық әдістеме жан – жақты қарастырылып топтастырылады. Сондықтан кез – келген әдістемені жалғыз емес бірнеше топтарға топтастырып жатқызуға болады. Осыған байланысты жоғарыда аталған топтастырылған өлшемдер әртүрлі әдістемелердің сипаттамасында бірін-бірі толықтыратын етіп бағалануы керек. Бөлек топқа эксперименталдық мәліметтердің сапалық және сандық талдауына негізделетін психодиагностикалық әдістемелер кіреді. Бірінші жағдайда диагностикадан өтетін қасиет белгілі ғылыми ұғымдарда сипатталады, ал екінші жағдайда белгілі бір адамды басқа адамдармен салыстырғанда ұнамды дәрежеде сипатталады. Кейде сапалық және сандық сипаттамалар бір-бірімен үйлеседі соңында зерттелетін қасиет сапалық және сандық сипат алады. Мысалы А.Е.Личко тестінде (жасөспірімдер мінезінің диагностикасы) мінезінің әр қасиеті сапалық және сандық сипаттамада болады.
  • Психодиагностиканың әдістемелері ғылыми және практикалық болып бөлінеді. Мұндай бөлінуі шартты түрде: белгілі психодиагнос-тикалық әдістемелердің көбісі практикалық психодиагностикада да , ғылыми – зерттеу эксперименттерінде де қолданылады. Олардың айырмашылығы төмендегіде: ғылыми – зерттеу әдістемелері анықтауға және әрі қарай зерттеуге бағытталған , ал практикалық – практикалық мақсаттарда қолданылып және оның дамуының дәрежесінің бағалауына бағытталған.
  • Және ғылыми әдістеме тек ғылыми зерттеулерде қолданылып , кең практикалық психодиагностика үшін тиімді емес. Практикалық әдістеме , керісінше , жан-жақты , қарапайым және арзанға түсу керек.
  • Психодиагностика әдістемелерінің көптігі қолданылуда шектеулер бар болғандығымен түсіндіріледі. Сондықтан шектеулері жоқ әдістемелерді шығарып , қолдану керек.
  1. Тест – психодиагностиканың негізгі құралы.
  • Психологияда тест деп психодиагностикалық стандартты әдістемелерін айтады. Бұл әдістемелер зерттелетін қасиеттердің даму дәрежесінің салыстырмалы сапалық және сандық көрсеткіштерді алуға көмектеседі. Барлық кезде бірдей болғандықтан бұл әдістемелерді стандарттық деп айтамыз,зерттелетін адам алатын жағдай мен нұсқаудан бастап, есептеу мен интерпретацияны алатын көрсеткіштермен аяқтайды. Тестпен алынған бағаларды қашан қай жерде алынғанына қарамастан, бір бірімен салыстыруға болады, сондықтан біз оны салыстырмалы дейміз. Тесттерге қойылатын психодиагностикалық әдістемелердің ішіндегі ең қатаңы деп валидтық нақтылықты және бірегейлікті көздейтін әдістемелерді айтамыз. Бірнеше топтарға бөлінетін тесттердің көп түрлері бар: Тесттелетін қасиетіне қарай, тестте қолданылатын есептердің ерекшеліктеріне қарай, зерттелетін адамға ұсынылатын материалына қарай, бағаланатын объектісіне қарай. Тесттер интеллектуалдық (адамның әртүрлі қызығушылық процестердің даму дәрежесін бағалайтын), тұлғалық және тұлғааралық болып бөлінеді. Қолданылатын есептердің ерекшеліктеріне қарай практикалық , бейнелік және вербальдық тесттер болып бөлінеді. Ұсынылатын тест материалына қарай тесттер бланктық , аппараттық болып бөлінеді.Баға объектісіне – процессуальдық, жетістік тесттер, құбылыстар мен қасиеттер тесттері.Интеллектуальдық тесттер- адамның интеллектік даму деңгейін бағалауға, жеке когнитивтік процестерін (қабылдау, зейін, жады, сөйлеу) бағалауға арналған. Тұлғалық тесттер — адамның жеке тұрақты ерекшеліктерінің психодиагностикасымен байланысты: темпераментке, мінезге, мотивация, эмоция, қабілеттерге арналған тесттер. Тесттердің арасында тұлғаның жағдайын немесе оның жеке қасиеттерінің даму дәрежесінің жүйелі бағасын беретіні кездеседі. Комплекстік (жүйелілік) тесттерге КЕТТЕЛ, ММРІ және т.б. жатады. Жекешеленген тесттерге — адам тұлғасының жеке бір қасиеттерін бағалайтын тесттер жатады. Тұлғааралық деп- әртүрлі әлеуметтік топтардағы адам қарым — қатынастарын бағалайтын тесттерді айтамыз. Мысалы, социометриялық тест, топтың ұжым ретінде өзін- өзі тексерудің әлеуметтік — психологиялық тесті. Практикалық тест тапсырмалары- есептер мен жаттығулардан тұрады.Образдық тапсырмалар- суретті, схемалық, бейнелік тапсырмалардан тұрады. Вербальдық тесттер- тәсілдік сөздермен тапсырмалардан тұрады. Мысалы, ұғымдарды анықтау, ой қорытындылары, сөздердің көлемі мен мазмұнын салыстыру, әртүрлі логикалық тәсілдердің түсініктерін орындау және т.б. Тестте қолданылатын көп тапсырмалар кешендік болып келеді, яғни практикалық, теориялық, бейнелік, вербальдық іс — әрекеттерден және тапсырмалардан тұрады.Адамға өмірде кездесетін көп есептер кешенді болып келеді, ал тест адамның іс-қимылдарын және мүмкін болатын жетістіктерін лабораториялық жағдайда емес, өмірде болжау үшін өткізіледі. Бланктік тест деп- зерттелетін адамның алатын тест материалы бланк түрінде (суреттер, схемалар, таблицалар, сұрақ-жауаптар және т.б.) болады. Аппаратуралық тесттерде- нәтижелерді өңдеу үшін әртүрлі аудио- видеотехника,электрондық есептеу машиналары қолданылады. Процессуальдық тесттер- психологиялық және іс- әрекеттік процестерді зерттеп, нәтижесінде нақты сапалық және сандық мінездеме беріледі. Тест жетістіктері тобына- адамның әртүрлі іс әрекеттердегі жетістіктері бағаланатын тесттер жатады. Мысалы, танудың түрлі ортасында: естің (жадының) жетістігі,ойлау логикасы, зейіннің тұрақтылығы, вербальдық ойлаудың даму деңгейі және т.б. Тесттердің жағдайы мен қасиеттері, адамның тұрақты психологиялық қасиеттерінің диагностикасына қатысты болады. Жобалау тесттерін жеке бір топ етіп бөлуге болады. Олар адамның психологиялық сапасын тура емес , жанама бағалауға негізделген. Мұндай бағалау көптеген объектілерді адам қалай қабылдап және интерпретация жасап, талдау нәтижесінде алынады, алынған мазмұнды объектілері: сюжеттік суреттер, формасыз дақтар, бітпеген сөйлемдер және т.б. болуы мүмкін. Бұл тесттерге қатысты, мысалыға, Роршахтың, Апперцептивтік тақырыптық тесттер және т.б. жатады.
  • Жобалық тесттер деп зерттелетін адамның жасырын немесе еркінен тыс басынан өткізетін психологиялық ерекшеліктердің психодиагностикасын айтамыз. Психодиагностикалық эксперимент әдіс ретінде жеке жағдайларда ғана қолданылады: егер керекті қасиетті басқа әдіспен анықтауға болмайды.
  • Процессуалдық тесттер зерттелетін адамның психикалық және іс-әрекеттік просцесстердің өту ерекшеліктері зерттеушілерді қызықтырады. Ал жетістіктер тесттер қабілеттер, дағдыларды бағалау есебі шешілген кезде қолданылады.
  • Жеке топқа интеллект тесттері жатады. Олар адамның интеллектуалдық дамуыныың жалпы деңгейін нақты және сапалық жағынан анықтаған кезде қолданылады.
  • Тесттерге нақты психодиагностиканың әдістері ретінде ерекше талаптар қойылады.
  1. Тесттің социокультуралық адаптациясы. Бұл дегеніміз тест тапсырмаларының және тест бағаларының сәйкестігі. Мысалы Еуропада пайда болған интеллект тесті құрылымында сөздік-логикалық емес, образдық-практикалық ойлау басым болатын, интеллекті бар елде қолданылса, ол міндетті түрде әлеуметтік-мәдени түрде адаптациядан өту керек. Кері жағдайда біз сол елдің тұрғындарының ой дамуының деңгейіне сәйкес келмейтін төмен нәтижелерді аламыз.
  • Және, керісінше, практикалық ойлауға тапсырмалары бар интеллект тесті вербалдық интеллекті басым елде қолданған кезде біз ой дамуының адекваттық емес көрсеткіштерді аламыз.
  • Егер тест пайда болған жағдайлардан мүлдем басқа жағдайда қолданылатын болса, міндетті түрде ол жаңа жағдайларға бейімделіп, адаптациядан өту керек. Бірінші кезекте бұл нәрсе бланктік тесттерге қатысты, өйткені олар басқа елден алынған және сол елдің тілінде жазылған. Тест тапсырмаларының бір тілден екіншіге аудармасы ешқашан нақты болмайды. Көбінесе сөзбе-сөз емес мағынасына қарай аударылады.
  • Екінші талап- тұжырымдамалардың қарапйымдылығы және тест тапсырмаларының бір мағыналылығы. Бұл талап бойынша сөздік және басқа тапсырмаларда адамдар әртүрлі мағынада түсініп қалмау керек олар: (сурет, сөздер болуы мүмкін).
  • Үшінші талап- тест тапсырмаларын орындау үшін бөлінген уақыт. Психологиялық тест тапсырмаларын орындау үшін бөлінген уақыт 1,5-2 сағаттан аспау керек, өйткені бұдан ұзақ уақытта адам, өзінің жұмыс істеу қабілетін жоғары деңгейде сақтай алмайды.
  • Төртінші талап- белгілі тест үшін тест нормалары.
  • Бұларға репрезентативтік орташа көрсеткіштер жатады, яғни ол бір топ адамдар. Белгілі бір адамның көрсеткіштерін оның психологиялық даму деңгейін бағалап сол адамдармен салыстыруға болады. Тест нормасы зерттелетін адамдардың жасына, жынысына қарай және алынған бағаны жасына, жынысына және басқа релеванттық көрсеткіштердің дифференциамен орталандыру нәтижесінде алынады.
  • Тест нормасы дегеніміз зерттелетін адамға бірнеше әлеуметтік – демографиялық мінездемелер бойынша ұқсас адамдардың үлкен шынтығының дамуының орта деңнейі. Барлық нормалар адамдардың психологиялық дамуында жылдап өзгеретін табиғи өзгерістерімен бірге өзгереді. Мысалы ХХ ғасырдың 25-ші жылдарындағы интеллектуалдық даму нормасы 90-шы жылдардағы адамның ой даму денгейімен салыстыра алмаймыз. Эмпирикалық ереже бойынша бес жылда бір рет тест нормалары қайта қарастырылу керек.
  • Бұл қайта қарау төмендегідей өту керек. Біріншіден, бір топ адам зерттеуді жүргізу үшін керек. Содан соң өзінің әлеуметтік – демографиялық мінездемелері бойынша топшаларға бөлінеді. Әр топша үшін тесттің көмегімен құрметті адамдар іріктеліп зерттеледі. Соңында көрсеткіштерді орталандыру жолмен белгілі адамдардың жиынтығы үшін тест нормасы анықталады. Тестті сипаттаған кезде міндетті түрде норма кімге , қай кезде , қалай орнатылғаны туралы айту керек.
  • Тестті өткізу үшін , нәтижені өңдеп интерпретация жүргізу үшін қатаң ережелер белгіленген:
  • 1.Бір тестті қолдану үшін, психолог оны бірінші өзіне өткізу керек. Бұл нәрсе тесттің нюанстарын білмеу қателіктерінен сақтайды.
  • 2.Зерттелетін адамдар тест инструкциясымен мұқият танысып, оны жақсы түсініп алу керек.
  • 3.Тест барысында зерттелетіндер бір-бірінен көмек сұрамай, жеке өз алдына жауап беру керек.
  • 4.Әр тест үшін нәтижелерді өңдеп, интерпретация жүргізу үшін тексеруден өткен процедура болу керек. Әсіресе бұл мәліметтерді математико-статистикалық әдістерге қатысты. Практикалық тест өткізу үшін белгілі дайындық жүргізу керек. Біріншіден, зерттелетіндерге тестті беріп түсіндіреді, не мақсатта өткізілетіні, оның нәтижесінде қандай мәліметтер алынуы мүмкін және өмірде олар қалай қолдануы мүмкін.
  • Содан соң ол инструкцияны түсініп алу керек. Соның бәрінен кейін психолог тестті жүргізеді.