Психодиагностиканың психолог жұмысындағы рөлі

1.« Психодиагностика » сөзі — « психологиялық диагноз қою » дегенді немесе адамның жеке өзінің психологиялық жағдайы немесе қандайда бір психологиялық қасиеттері жайлы сапалы шешім қабылдауды білдіреді.Талқыланып отырған бұл терминнің психологияда екі мағынасы бар. «Психодиагностика» ұғымының бірінші анықтамасы оны алуан түрлі психодиагностикалық құралдарды жасап, оларды практикада пайдалануға қатысты психологиялық білімдердің арнайы саласына жатқызады.

Практикалық психодиагностика психолог іс-әрекетінің әртүрлі саласында қолданылады . Дегенмен психодиагностика психологиялык іс-әрекетінің жеке, өз алдына дербес сферасы ретінде қалыптасқан. Оның басты мақсаты : психологиялық диагноз қою яғни былайша айтқанда, адамның нақты психологиялық жағдайын бағалау.

Мұндай үғымдағы психодиагностика өз саласында мынадай мәселелерді қарастыратын ғылым болып табылады.

1.Психологиялық құбылыстардың табиғаты мен оларды ғылыми бағалаудың принципті мүмкіндіктері туралы.

2.Психологиялық құбылыстардың принципті түрде танылуы мен сандық бағалануы үшін осы уақытқа дейін қалыптасқан жалпылама ғылыми негіздемелер туралы.

3.Қазіргі уақытта қолданылып жүрген психодиагностика құралдары, қабылданған жалпылама ғылыми методологиялық талаптарға қаншалықты сай келеді.

4.Психодиагностиканың алуан түрлі құралдарына қойылатын негізгі әдістемелік талаптар қандай.

5.Психодиагностиканы жүргізу жағдайларында, алынған нәтижелерді өңдеу құралдары мен сол нәтижелерді қорыту тәсілдеріне қойылатын талаптарды қоса алғандағы практикалық психодиагностиканың нәтижелерінің сенімділігінің негіздемесі туралы.

6.Тесттерді қоса алғандағы психодиагностика әдістерінің ғылымилығын құрастыру мен тексерудің негізгі тәртібі туралы.

«Психодиагностика» терминінің екінші анықтамасы психологиялық диагнозды практика жүзінде қолданумен байланысты психологтың өзіндік саласын көрсетеді. Бұл жерде психодиагностиканы ұйымдастырып өткізуге қатысты таза практикалық мәселелер шешіледі. Оған мыналар кіреді:

1.Психодиагност ретіндегі психологқа қойылатын кәсіби талаптарды айқындау;

2.Психологтың өз жұмысын сәтті жүргізуі үшін,өзінде болуы тиісті білімдердің,ептіліктер мен дағдылардың жиынтығын білуі;

3.Психологтың практикалық жағдайларды анықтауы, оларды сақтауы,психодиагностиканың өзге де әдістерін сәтті әрі кәсіби түрде игеріп алғандығының кепілі болып табылады.

4.Психодиагностика саласындағы психологты практикалық тұрғыда дайындаудың бағдарламаларын,тәсілдері мен әдістерін жасап шығу, сонымен бірге оның осы саладағы біліктілігін бағалау;

Теориялық және практикалық мәселелердің екеуі де бір бірімен тығыз байланысты. Осы салада біліктілігі жоғары маман болуы үшін, психолог психодиагностиканың ғылыми әрі практикалық негіздерін жақсы меңгеруі тиіс. Сондықтан теориялық және практикалық мәселелер бірге, олардың қай салаға қатысы бар екендігін анықтамасада талқылана береді. Практикалық тұрғыда психодиагностика психолог қызметінің әр түрлі салаларында, мәселен, ол психологиялық педагогикалық тәжірибелердің авторы болса да, оған қатысушы ретінде жұмыс істесе де және ол психологиялық кеңеспен немесе психологиялық түзету жұмыстарымен шұғылданса да пайдаланылады. Дегенмен де, практикалық психологтың жұмысында психодиагностика қызметтің жеке саласы ретінде көрінеді. Оның мақсаты психологиялық диагнозды қою болып табылады яғни адамның жеке өзінің психологиялық жағдайы. Кез- келген психологиялық — педагогикалық ғылыми тәжірибеде, дәл психодиагностика психологиялық қасиеттердің даму деңгейін білікті түрде бағалауды мақсат етеді. Әдеттегідей бұл осы тәжірибеде тексерілетін, заңды түрдегі өзгерістері болжамдарда болады деп күтілетін қасиеттер. Мәселен, ғылыми психологиялық зерттеулердің мәселелері кейбір заңдар бойынша өмір сүреді немесе белгілі бір дәрежеде әртүрлі айналымдарға тәуелді деген тұжырымдарға қатысты адамның ойлауының кейбір ерекшеліктері болуы мүмкін.

2.Психодиагностика — кез-келген психологиялық — педагогикалық ғылыми тәжірибе барысында психологиялық қасиеттердің даму дәрежесін сапалы түрде бағалауды көздейді. Олардың заңды өзгерістері болжам жасауда көрініс тауып , тәжірибеде тексерілетін қасиеттер. Мәселен , ғылыми психологиялық зерттеудің мәселелері адамның ойлау ерекшеліктері болуы мүмкін. Оларға қатысты мынадай тұжырым жасалуда : олар кейбір заңдар бойынша өмір сүріп өзгереді немесе белгілі бір жағдайда әртүрлі өзгерістерге тәуелді болады. Кез-келген осындай жағдайда соған сәйкес ой-өріс қасиеттерінің , біріншіден, олардың өмір сүруін дәлелдеуге, екіншіден олардың өзгерістерінің айнымас заңдылықтарын көрсетуге , үшіншіден олардың болжамдарында кездесетін өзгерістерге шынайы тәуелді екенін көрсетуге бағытталған дәл психодиагностика қажет.

Психологиялық кеңеспен шұғылданушы маман клиентке қандай-да бір кеңес беруден б±рын, дұрыс диагноз қоя білуі тиіс, клиентті толғандыратын психологиялық мәселенің мәнін бағалауы шарт. Маман бұл жағдайда клиентпен болған жеке сұхбат пен оны бақылаудың нәтижелеріне сүйенеді.

Егерде психологиялық кеңес өзінің барысында психологтың кеңеспен ғана шектеліп қана қоймай, клиентке өз мәселесін шешуге көмектесе отырып, сонымен бірге өз жұмысының нәтижесін бақылай отырып, сол клиентпен нақты жұмыс атқарса, онда бұл жерде»кіру» және «шығу» психодиагностикасын жүзеге асырудың міндеті пайда болады яғни кеңес берудің бастапқы кезінде және клиентпен жүргізілген жұмыстың соңындағы істің мән — жайын ерекше айқындап алу міндеті пайда болады.

Кеңес беру процесіне қарағанда психодиагностика практикалық психологиялық түзету жұмысында өте нақты болып табылады. Мәселе мынада: бұл жағдайда қолға алынған психологиялық түзету шараларының тиімділігіне тек психолог немесе тәжірибе жүргізуші ғана емес, сонымен бірге клиенттің өзі де көз жеткізуі тиіс.

Клиентте, оның психологпен бірге жүргізген жұмысының нәтижесінде, оның өзінің психологиясы мен мінез — құлқында маңызды оң өзгерістер байқалғандығы жөнінде дәлелдер болуы қажет. Бұл клиенттің өз уақытының босқа кетпегендігіне сендіру үшін ғана емес, сонымен бірге әсер етудің психологиялық түзету тиімділігін күшейту үшін де қажет. Болатын істің сәттілігіне сену — бұл кез — келген терапиялық әсердің тиімділігінің маңызды факторы. Істің нақты жағдайының дәл психодиагностикасынан кез — келген психологиялық түзету сеансы басталып, сонымен аяқталуы тиіс.

Психодиагностика оның өзге де салаларында, мәселен медициналық психологияда, патопсихологияда инженерлік психологияда, еңбек психологиясында басқаша айтқанда адамның кез келген психологиялық қасиеттерінің даму дәрежесін дәл білуді қажет ететін барлық жерлерде қолданылады.

  1. Ғылыми және практикалық психодиагностика өзіне тән бірқатар міндеттерді шешеді. Оларға мыналар жатады:
  2. Адамдақандайдабірөзгешепсихологиялық қасиеттердің болуын немесе оның мінез-кұлқының ерекшеліктерін белгілеу.
  3. Осы қасиеттердіңдамудәрежесініңайқындалуы белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерде байқалады.
  4. Адамның диагностикаға жататын психологиялық және мінез-құлық ерекшеліктерін қажет жағдайда сипаттау.
  5. Түрлі адамдардағы зерттелетін қасиеттердің даму дәрежесін салыстыру.

Осы келтірілген төрт міндеттің бәрі практикалық психодиагностикада, өткізілетін тексерістердің мақсатына қарай әрбірі жеке немесе кешенді түрде шешіледі.

Сонымен психодиагностика психологтан арнайы дайындықты талап ететін, оның кәсіптік іс-әрекетінің ең қиын саласы болып табылады . Психодиагностиканы игеруі тиіс, барлық білімдердің , шеберліктер мен дағдылардың жиынтығы өте кең. Ал, білімдердің, шеберліктер мен дағдылардың күрделі болатыны сонша, психодиагностика кәсіби маман психологтың жұмысында жеке маманданған сала ретінде қарастырылады.

Психодиагносттың ғылыми білімдері, оның тарапынан қолданылатын психодиагностикалық әдістер арќау болатын психологиялық теориялармен жеке танысуды қажет етеді, және де осының позициясы т±рғысынан алынған нәтижелерді талдау жүзеге асырылады.

  1. Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар: ол адамдарды өзіне тарта білуі, олардың сеніміне ие бола білуі және жауаптардың шынайы болуына қол жеткізе білуі тиіс. Арнайы теориялық білімдерсіз, практикалық психодиагностика жоғары дәрежеде жүзеге асырылмайды. Себебі, біріншіден психодиагностикалық тесттердің көпшілігі адам санасына бағытталған сұрақтар тізімін енгізген бланкілік әдістемелерді білдіреді. Сондықтан егер де, сынаудан өтіп жатқан адам психологиялық тұрғыдан ашық болмаса және де психологқа деген сенімі болмаса, ол қойылған тиісті жауаптарға жауап бермейді. Ал егер де одан өзге жағдайда мәселен, ол өзіне деген қатынастын салқынқанды екенін сезсе қойылған сұрақтарға жауап беруден тіптен бас тартуы мүмкін немесе тіптен тәжірибе жүргізушіні әуре сарсаңға салатындай жауаптар беруі мүмкін.

Келесі маңызды талап диагностикалық әдістемелер мен оларды дұрыс қолдану шарттарын тиянақты түрде білу. Негізгі талаптарға жауап беруге тиісті психодиагностиканың ғылыми негізделген әдістерінің ішінде сенімділікті, біржақтылықты және дәлдікті атауға болады. Сонымен қатар психодиагностикалық әдістемелерді таңдауда қойылатын бірқатар басқа да талаптар бар. Олар: Біріншіден – таңдап алынған әдістеме бәрінің ішіндегі ең қарапайымы, әрі қажетті нәтижелерді алуға мүмкіндік беретіндердің ішіндегі еңбек шығынын ең аз талап ететін болуы шарт. Екіншіден әдістемеге арналған нұсқаулар қарапайым қысқа әрі қосымша түсініктемелерсіз жеткілікті түрде ұғынықты болуы шарт. Үшіншіден, таңдап алынған әдістемелер тек психологка түсінікті болып қана қоймай, психодиагностиканың өткізілуіне психологиялық және дене күші аз жұмсалуын талап ететіндей, тәжірибеден өтіп жатқан адамдарға да түсінікті әрі белгілі болуы шарт. Төртіншіден, психодиагностиканы өткізу мен өзге де жағдайлар тәжірибеден өтушінін көңілін аударатын бөтен тітіркендірушілердің болмауын қамтамасыз етуі шарт. Сонымен қатар психодиагностика өткізіліп жатқан мезгілде психодиагност пен тәжірибеден өтушіден өзге ешкім де болмауы тиіс және музыка мен басқа дауыстар естілмеуі шарт.

  1. Психодиагностиканың кәсіптік-этикалық аспектілері.

Практикалық психодиагностика-бүл психологтардың кәсіптік іс-әрекетінің ең киын және жауапты саласы. Ол арнайы білімді, кәсіптік шеберлікті талап етеді жәнс адамдардың тағдырын қамтуы мүмкін (мысалы, соның негізінде медициналық немесе сот психологиялық диагноз қойылады, жұмысқа конкурстық негізде қабылдау мен таңдау жүргізіледі)

Әлеуметтік — этикалык талаптар :

Психодиагностиканың құпияны сақтау принципі оның нәтижелерін психодиагностикадан өткізілген адамның жеке келісімінсіз жария етпеуді білдіреді .

Психодиагностика әдістемелерінің ғылыми тұрғыдан дәйектелмеген принципі оған толық сенім арта алатындай нәтижелердің болуын талап етеді.

Нұқсан келтірмеу принципі психодиагностиканың нәтижелерін психодиагностикадан өтіп жатқан адамға нұқсан келтірмейтіндей етіп қолдануды қарастырады.

Тестілеу нәтижелерінен алынған қорытындылардың обьективтілігі принципі , оның ғылыми тұрғыда дәйектемеленген болуын талап етеді, барлық қорытындылар тестілеуді нәтижелерінің негізінде болуы шарт. Нәтижелерді қорытындылау тестілеуді өткізген немесе оның нәтижелерін пайдаланған. Кісілердің субьективті ұстанымдарына тәуелді болмауы тиіс.

Ұсынылатын кепілдемелердің тиімділік принципі адамдарға берілетін кепілдемелердің міндетті түрде қауіпсіз болуын қарастырады.

Психодиагностикамен шұғылданушы адамдарға ерекше талаптар қойылады. Олардың негізгілері мыналар : өте жақсы теориялық дайындық, психодиагностикалық әдістемелерді және оларды қолдану ережелерін тиянақты түрде білу. Соған сәйкес әдістемелерді практика жүзінде қолдануда жеткілікті дәрежеде тәжірибенің болуы.