Әр саладағы ғылымды меңгеру, әдетте, сол ғылымның пайда болуы мен дамуы, оның зерттейтін проблемаларын анықтап, түсінуден басталады. Шынында да, әр ғылым саласыөз тарихына, зерттелуі тиіс және сол ғылымның теориялық негізін түсінуге жәрдемдесетін табиғи немесе қоғамдық құбылыстардың нақты аймағына ие.
Ескеретін жәйт, аталған мәселелерді қарастыруда әрдайым екі тұжырымды жадтан шығармау лазым:
- Үлкен даму жолы қаншалықты шырғалаң және дәуір тозаңымен көмескеленсе де, қай ғылым болмасын қоғам қажеттілігінен дамып қалыпта — сады.
- Адамзат білімінің қай саласы болмасын ғылымдық дәрежеге көтерілуі үшін тек ерекше, соған ғана тән зерттеу аймағы болып, нақтылануы қажет.
Педагогикалық білім өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс — әркетінің ерекше бір саласына кіреді. Шынында да, педагогика жөнінде сөз болған да, әдетте, бұл термин оқу — тәрбие, адамды қалыптастыру түсініктерімен баламалас қолданылады. Ал, тәрбиенің өзі жас әулетті тұрмысқа дайындау құралы ретінде, адамзат қоғамының іргетасы қалануымен бірге пайда болады. Еңбек құралдарын жасау, табиғат өнімдерін меншіктеуге байланысты өндірістік және бірлікті іс — әрекет пен қызметтік тәжірибелерді жинақтай келе, адамдар оларды келер ұрпаққа өткізуді мақсат – мүддесіне айналдырды.
Ал әрқандай қоғамдық құбылыс ретінде тәрбиелік қызмет пен оның сипаты бір қалыпта тұрып қалған емес, қоғамдық жағдайлардың ықпалымен ол үздіксіз жетіліп дамуда болды. Мысалға, ұзақ уақыт балалар өндірістік және адамгершілік тәжірибені, бірлікті еңбек әрекетінде, үлкендермен араласа жүріп игеріп отырды. Осылайша жағдай тайпалық қауымға дейін де, тайпалық қауым кезінде де күнделікті іс — әркеттің қарапайымдылығынанболған еді. Сондықтан да бұл дәуірде тәрбие адамдардың арнайы кәсіби қызметі бола алмайды, яғни арнайы тәрбиелікмекемелер болмады, тәрбиені кәсіпке айналдырған адамдардың да қажеттігі әлі туындамаған кез еді. Құл иеленушілік қоғамда да бұл жағдай ұзақ уақыт сақталды.
Бірақ, уақыт өткен сайын тәрбие саласындағы бұл жағдай өзгере бастады. Жер өңдеу мен мал шаруашылығы, қөлөнершілік бірте — бірте дамып, күрделенеді. Адамдардың қоршаған дүние жөніндегі ілімдері қордаланып, м келе – келе ғылымның дамуына бастау берді. Жаңарған қоғамдық жағдайда өндірістік тәджірибе мен ғылыми біліктерді игеру енді арнайы және ұзақ мерзімді үйренусіз мүмкін болмай қалды.
Тәрбиенің дербес қоғамдық қызметі сипаты ала бастуы адамдарда тәрбиелік қызмет тәжірибесін жинақтап, қорытындылауды ойластыру қажеттігін туындатты. Тәрбиенің кең өріс алып күрделенуі тәрбие қызметімен байланысты теориялық білімдердің ерекше саласының қарқыны мен дамуына жол ашты. Қоғам мен табиғат жөніндегі барша білімдер секілді тәрбиелік білім де философия аясында нақтыланып, зерттелді. Бұл жағдай ежелгі грек дүниесінен басталып, ХІ ғасырдың аяғына дейін сақталды.
- Педагогиканың арнайы ғылым, білім саласына бөлініп
шығу және оның көрнекті өкілдері.
Тәрбие теориясынының қарқынды дамуына қармастан, ХІІ ғасырдың басына дейін педагогика философияның бір бөлігі ретінде қарастырылып келді. Шынында, осы күннің өзінде де атақты философтардың қай – қайсысыда тәрбие мәселелерін айналып өтпейді, осының өзі педагогикалық проблемалардың қоғам мен ғылым үшін аса маңызды екенінің кепілі.
Педагогика ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйесінен ХІІ ғасырдың басында бөлектеніп шықты. Ағылшын жаратылыстанушысы және философы Фрэнсис Бэкон /1561 – 1626/ 1623 жылы өзінің “Ғылымның қадір — қасиеті және жетілуі” атты трактатын жария етті. Бұл еңбегінде ол ғылымдарды сарапқа сала отырып, олардлың арасында педагогиканы ғылыми білімдердің дербес саласы деп бөлектеді. Осы ғасырда – ақ педагогиканың өзіндік статусы аса көрнекті чех педагогы Ян Амос Коменскийдің /1592 – 1670/ еңбектерінде беки түсті. Оның теориялық идеялары дүние жүзіне кең танымалда, әрі осы күнге дейін өз маңызын жойған емес. Каменскиийдің әйгілі “Ұлы дидактика ” атты еңбегінде балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды ұйымдастырудың жолдары баяндалды. Өз еңбектерінде Я.А. Коменский балалардың адамгершілік тәрбиесіне өте үлкен мән берді, ол “Аналар мектебі” атты кітабында отбасы тәрбеисіне байланысты өз көзқарастарын паш етті.
Коменский ізімен батыс европалық педагогика тарихында елеулі еңбегімен көрінген ғылым өкілдері келіп шықты. Олардың ішінде аса көрнектілері Англияда Джон Локк /1632 – 1704/, Францияда Жан – Жак Руссо /1712 – 1781/, Швейцарияда Иоган Генрих Песталоцци /1746 – 1827/, Германияда Иоган Гербарт /1776 – 1841/ және Адольф Дистерверг /1790 –1866/ т.б. болды.
XVIII ғ Германияда алғашқы рет мұғалімдерді дайындайтын арнайы оқу орны ашылып, онда ерекше ғылыми пән ретінде педагоги оқытыла бастады. Осының бәрі педагогикалық теорияның жедел дамуына себепші болып, ірі – ірі оқымысты педагогтардың қалыптасуына мүмкіндік берді.
Сонымен, XII ғ. мен XIX ғасырдың аралығы педагогикалық теорияның үлкен қарқын ала дамыған, аса құндық тәрбиелік идеялардың өрбіген заманы болды. Педагогикалық ойдың аса кемелденген орталығы Ресейде
К.Д. Ушинский (1824 – 1870), Н.И. Пирогов (1810 – 1881), В.И. Водовозов (1825 – 1886), А.Ф. Лесгафт (1837 – 1909), Л.Н. Толстой (1828 – 1910) және т.б. еңбектері үлкен маңызға ие болды.
Ұлттық педагогикалық теориямыз бен тәрбие мәселелері Ы. Алтынсарин, С. Көбеев, А. Байтұрсынов, С. Асфандияров сынды және т.б. кемеңгер ағартушы — педагогтардың еңбектерінде өз көрінісін тауып, біздің дәірімізге дейін жетіп, егеменді ел ұрпағын тәрбиелеуде таптырмас құралға айналып отыр.
Аталған дәуірде мұншама көп педагогтардың аренаға шығуы кездейсоқ емес. Қанқынды дамыған өндірісті, ғылыми және мәдениетті қоғам өзінің негізгі өндірушілерінің сауаттануын басты талап етіп қойды. Онсыз қоғамның дамуы мүмкін емес те еді. Содықтан да соңғы ғасырларда Батыс Еуропа, Ресей және Қазақстандағы технологиялық прогресс жастарды өндірісте істеуге, тәрбиелеуге, білім беру, тәрбие мекемелерінің көбейуіне, халықтық мектептердің дамуына жол ашты.
- Педагогика зерттейтін негізгі проблемалар.
Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өздігінен пайда болып , жасамай, тұлғаны қалыптастырып оны өмірге дайындаудың және оған қажетті қоғамдық сана мен қасиеттерді дамытудың құралы.
Осыдан, тәрбие заңдылықтары, оның сипаты мен әдістемелік негіздері тәрбиелік қызметтің өзінде ғана көрінбей, ләеуметтік тұлға сипатына ие адамның дау және қалыптасу заңдылықтарына негізделеді. Сондықтан педагогиканың шұғылданатын заты жеке адамның дамуы мен оның арасында болған байланысты заңдылықтарды зерттеу және оның негізінде тәрбиелік жұмыстардың теориялық және әдістемелік проблемаларын шешу, яғни педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән – мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіссипатындағы тәрбиенің теорясымен әдістерін айқындайды.
Келтірілген педагогиканың анықтамасын зерттеушілерді ғана емес, солармен бірге мекте қызметіне тікелей араласып жүрген практиктерді де жеке тұлғаның даму процесін, сол даму мен тәрбие арасында жатқан терең астарлы тәуелдік байланыстарды жан – жақты танып, түсіну қажеттігіне бағдарлайды. Мұндай қажеттіліктің пайда болуының себептері жаңашыл педагогикалық ой – пікірлердің туындауына байланысты өрістейді.
Мысалы, көп уақытқа дейін жеке тұлға дамуының қозғаушы күштері ретінде тек сыртқы ықпалдар ғана назарға алынды. Ал адамның ішкі жандүниелік кейіптері естен шығарылып, тіпті ол қажетсіз деп есептелінеді. Келе – келе сыртқы әсерлердің өзінен — өзі керекті нәтижелерді бере – бермейтіні айдан – анық болып, бұл ықпалдардың педагогикалық тараптан адам қалыптасуындағы ұнамды да, келеңсіз де, ал кей жағдайларда бейтарапта сипатқа ие болатыны айқындалды. Іс жүзінде, тәрбиеленушінің тәлімдік әрекетті қалайша қабылдайтыны, оған қалайш қатынастық байланыс жасайтыны үлкен маңызға ие. Осыдан педагогикада келесі теориялық идея бекіді: жеке адамның дамуы мен оның мінез – құлқы тәрбиелік ықпалды қабылдау сипатына, бұл ықпалдың адам жан дүниесі туғызатын сезімдік күйге байланысты. Осы идеяның қабылдануы педагогикалық теория мен тәрбие әдістерінің дамуын алға ілгерілетті, мағынасын тереңдете түсті.
Сонымен, педагогика тәрбие теориясы мен әдістемесіннақтылай отырып, жеке адам дамуының астарлы, тереңде жатқан тетіктерін және оның дайындығына қоғам тарапынынан қойылған талаптар мен әлеуметтік сапаларға орай арнайы ұйымдастырылған қалыптасу процесін зерттейді. Бұл педагогика зерттейтін негзгі теориялық проблемаларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді.