Қазақ атымен аталатын қоғамдық ой – пікңірдің басшылары болған Асан Қайғы, Қазтуғандар елге ұйытқы, ақылгөй атанған, дуалы ауызды дала философтары еді. Жырау тұлғауларында табиғат аясындағы сәбидей пәк кішіпейіл халықтың тұрмыс – тіршілігі, болмыс бітімі, өзіндік психологиясы, өзін қоршаған орта туралы түсінігі бейнеленеді, ұлттық бояуға қанық афоризмдер мен көркем тіркестерге бай, нақыл қанатты сөздерден құралған философиялық талғаулар басым болды. Жыраулар мораль, этика, тәлім – тәрбие джайындағы ой – түйіндерін, аса мәнді қоғамдық мәселелермен қатар, әлем, болмыс, тіршілік, табиғат жайлы терең мәнді тұжырымдарды ортаға салды, ылғи халқұы мен кеңесіп отырды. Жыраулар поэзиясын Доспамбет мен Шалкиіз, Жиенбет пен Үмбетей, Ақтамберді мен Бұқаралар әр мен қарай жалғастырып ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп берді.
- Асан Қайғы, Қазтуған жырау шығармаларында көшпенділер психологиясының бейнеленуі.
Асан қайғы жырау. 15-ғасырдағы қазақ ақын- жырауларының көрнекті көш басшылары Асан қайғы мен Қазтуған. Олардың өлеңдері мен өсиект сөздерінен халық қамын жеген ақыл – ой, қамқоршы бола білгені байқалады. Туцған жерге , қолпаштап өсірген елге деген ыстық ықылас ел қамы, ар, намыс үшін күрес, әділдікті, туралықты құдірет тұту олардың шығармаларынан өзекті орын алған.
Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған, Ш.Уәлиханов “Көшпелілер философы” атаған Асан Қайғы 15 ғасырда өмір сүрген. өз заманының үлкен ойшылы болған. Заманымыздың көрнекті ойшыл ғалымы, әдебиет тарихын терең зерттеп, тексерген академигіміз М.Әуезов айтқөандай Асан Қайғы “Өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман ағымынан да бірталай көрініс — елес, білік – дерек береді”.
Халық қамын жеуді, әзәзілдің сөзіне ермеуді, қлқының құлы болмауды, адамгершіліктің үлкен парызы деп ұққан жырау:
Адам әзіз айтар депНәпсі алдаушы дұшпанның
Көңіліңді салмағыл.Насихатын алмағыл, —
деп , “Атаның баласы болма, адамның баласы бол”, “Көпке қызмет ет, халық қамын ойлар азамат бол” деген ұлағатты өсиетті насихаттайды. “Ел қамын жеуші ақылды азаматты қарадан шықса да қадірле”, “болмашы нәрсе үшін тұз шайқасып жақсы достан айралсаң өкінішке душар боласын” : деп ақыл айтады.
- Шалкиіз, Бұқар, Ақтамберді жырау шығармаларында тәлім – тәрбиелік тағылымдардың желілері.
Ақын – жыраулардың көрнекті өкілдері Доспамбет пен Шалкиіз.
Доспамбет Азау теңізі мен Еділ Жайық арасын жайлаған көшпелі қыпшақ тайпаларының көснемі болғанға ұқсайды. Оны жыраудың :
Азудың ер Доспамбет ағасы
Азудың бір бұрышындай нарты екен – деген өлең жолдарынан байқауға болады.
15 ғ екінші жартысы мен 16 ғ бірінші жартысы аралығында өмір сүрген қазақтың жыраулық поэзиясының алабы Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560жылы). Жыраудың әкесі дала феодалдарының бірі. Әке – шешесінен жастай айырылғанШалкиіз Жайық өзенінің бойындағы Дешті қыпшақ жерін жайлаған нағашы жұртының қолында өсіп мұсылманша хат таниды.
Шалкиіз “Құдай бір,пайғамбар хақ” дей отырып “Алла тағаланың қарамағындағы халыққа рахымды болындар, әділетті тату өмір сүріңдер” деп өсиет айтты. “Жығылғанда тұрғызсаң, қисайғанда тұзейсің”, “Мекеге барып, қажы болмай – ақ жұрттың қамын ойласаң, халық сыйлар беделге ие боласын” дейді.
Жиембет пен Ақтамберді жырау 17-ғ бірінші жартысында өмір сүрген кіші жүздің Алшын.ірі феодал тұқымынан шыққан, Есім ханның ел билеуші биі, қолбасшы батыры болған қалмвқтарға қарсы 1920-1627 жылдардағы жорықтарға қаиынасып, ұйымдастырушылық қабілетімен, ерлігімен көзге түскен Жиембет
жыраумен 17-ғ . екінші жартысымен 18-ғ бірінші жартысында өмір сүрген Ақтанберді (1675-1768) өмір жолы, ой –арманы бір- біріне ұқсас болып келеді.
Жиембет жырау ойына келгенін жасаған Есім ханның екі жүзділігін әшкерелеп:
Қайырып қайыр қылуға
Қылығың жоқ ұнаған…
деп айыбын бетіне басады.
Елі үшін еңіреген ерлердің бірі-Ақтамберді жырау(1675-1768) жөнінде Қазақ энциклопедиясының 1-ші томында: “ Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген дәулетті шаруаның отбасында туған Ақтанберді 17 жасынан бастап Орта Азия халықтарымен, қалмақ шапқыншылармен соғыста қолбасшылық қабілетімен көзге түскен, Ақтабан шұбырынды оқиғаларының куәгері болған.
Жырау шығармалары негізінен нақыл, афоризмдік толғауларға толы келеді.
Халқымыздың тіршілік тынысы мен кәсіби, мінез- құлық ерекшелігі, ақынның жастарға айтар өсиеті, өмірге деген көзқарасы оның толғауларынан айқын көрінеді.
Үмбетей мен Бұхар жырау.
18-ғ бірінші жартысында өмір сүрген, пәл сапалық- дидактикалық толғауларымен ерекше көзге түсетін Үмбетей (1706-1778) мен Бұхар жырау (1688-1781) .
Бөгембай батырдың сенімді серігі, жалынды жыршысы ретінде көзге түскен ақын- Үмбетей жырау.
Үмбетей адам мінезіндегі кейбір кесірлі қылықтарды өткір сынап, адамгершілік мәселелерін де сөз етеді.
Мысалы, “Жауға – шарға “ деген өлеңінде:
Бұрала біткен емендей,
Қисық туған адамсың.
Бұл мінез, бұл қылықпен
Қайдан абырой табасың, —
деп мінеп –сынаса, қолына ұры ұстап, маңайындағы елдің малын ұрлап, азаматын сойылға жығып, маза бермеген Бәке биге;
Тоқымы кеппей топтанып,
Ел тонауға аттанып,
Жылқышысын дойырлап,
Жылқыларын сойылдап,
Көрші жұртты шулатып,
Жаудай шапқан не сұмдық-
деп көрші жатқан елдің жылқышысын сойылға жығып, басын дауға, малын сауғаға салған әрекетін әшкереілеп, оның жауыздығын бетіне басады.
17-18ғғ. өмір сұрген ақын жыраулардың ішіндегі биік тұлғаның бірі- Бұхар Қалхаманұлы. Ол арабша өте сауатты болған. Ел билеу ісіне белсене араласқан, Абылайханның ақылшысы, қабырғалы билердің бірі.
Бұхар өзінің бір топ өлеңдерін қалмақтармен қырғын соғыста ерен- ерлік көрсетіп, елін, жерін жаудан аман-есен қорғап қалған қазақтың үш жүзінен шыққан көптеген батырлардың ерлік істерін мадақтауға арнаған.
Бұқардың көптеген жырлары отбасылық қарым- қатынас, адамгершілік мәселелеріне арналған.Қарт жырау адам өмірінің ең қызықты кезеңі, ойына алған ісін қайратымен іске асыратын, ақыл- қайрат пен талаптың тасыған шағы жиырма бесті іздесеңде таппайсың, жас өміріңді дұрыс пайдалана біл деп ақыл айтқан.
Шал ақын.
Шал ақын (1748-1819) 18ғ. Екінші жартысында Бұқардың ізін баса аренаға шыққан суырып салма, ақылгөй ақын- жыраулардың бірі. Шал туралы алғашқы пікір айтқан Ш. Уалиханов.
Шалдың дүниеге көзқарасында діншілдік сарын кездесіп отырады.
Ақын шығармаларында жігіттің “құр жан”, “тірі жан”,”жігіт жан” деген үш түрлі типтерін сөз етеді.
Шал толғауларында нәресте, бөбек, сәби, боз бала психологиясының қалыптасу, даму ерекшеліктері қақында да салихалы ои түиіндері кездеседі.
Ақын әр тұрлі жас өкілдеріне айшықты теңеулер арқылы психологиялық анықтамалар береді. Қазақта келінге деген ілтипат оған деген зор құрметке айналған.
Шал өлеңдерінде нашар келіндер былаиша сипатталады:
Ақырған аждаһардай аю келін,
Біз түгел құдайыннан ұялды ма
…Кей келін ас бермейтін қара келін
Келін шайнау болғаны оңбағаны…
Көрьедің шыбын құралы мені келін
Жұрт силаған басымды күлге теңеп,
Жаярмын талай жерге сені келін…
- Дулат, Шортанбай, М.Өтемісұлының тәрбиелік тағылымдары.
Дулат Қашқари. (1802-1874) . Өткен ғасырдың орта тұсында ұлттық өрукеиет ңорына елеулі үлес қосқан оқылмандардың бірі ұлт тәлімінің дүлдүл жаршысы –Дулат патшаның отарлау саясатын қазақ елінің шырқын бұзған, дала халқының өзінше дамуына кесір –кесапат болған құбылыс деп, ешкімнен жалтақтап –жасқанбай,сындарлы пікір айтқандардың бірегей Дулат болатын.
Дулат ата-анасының, көпті көрген даналардың ақыл –кеңестері жас буын тәрбиесінде таптырмаитын құрал екендігін баса көрсетеді.
Тәлімдік тұрғыдан Дулаттың” Еспенбет” деп аталатын көлемді дастаны көңіл аударалықтай.
Дулат қазақ батырларын өсіріп, тәрбиелеген осынау ұлан – ғайыр жердің ежелден исі қазақ халқы екендігін айта келіп жастарға неде болса еліңмен, жұртыңмен бірге жау жүрек батыр ағаларыңдай бол дейді.
Дулат – еңбек ете білудің тәлімдік маңызын қазақ жағдайында күн тәртібіне ерекше мән беріп қойған ақын.
Дулат – ақындық өнер, сөз құдіреті туралы да терең толғанған ақын. Абайға дейінгі қазақ ой – пікірінің тарихында ақын жайында сындарлы сөз қозғап, оның психологиясын дәл басқан Дулаттан басқа ойшылды табу қиын.
Ақын мұрасында халықтықтпедагогикаға қатысты осы айтылғандардан да басқа қазіргі күн талап – тілегімен жымдасып, үндесіп жаьтқан салихалы ой тұжырымдар молшылық.
- М.Өтемісұлының тәрбиелік тағылымдары.
19 ғасырдың 30 – 40 жж. Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген ел өмірінде ерекше із қалдырған тарихи оқиғалардың бірі – Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. Жергілікті сұлтандар мен патша шенеуніктерінің екі бірдей қанауына ұшыраған халық азаттық үшін күреске ашына кірісті. Осы күрестің басшысы Исатай болса, оның жауынгер жаршысы Махамбет еді. Махамбет шығармаларынан елге қорған болатын ер азаматтың психологиялық қасиеттері жайлы біраз тәлімдік пікірлерді ұшыратуға болады. Ата жаумен кескілескен сұрапыл соғыста жүрегі тітіркеніп, қорқу дегенді білмейтін, ерлік пен батырлықтың символы Исатай батырдың соғыс кезіндегі қолбасшылық бейнесін жастарға үлгі ете келіп:
Толғай – толғай от атқан,
Қабырғасын қатыратқан,
Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кесе атқан,
Біздің қайсар батырдың
Жүрегін сүйтіп оятқан, —
деп батыр бейнесін сүйсіне суреттеп, дүшпанның зәресін ұшырар жау жүрек қаһарман адам екенін ерекше мақтаныш сезіммен жырлайды.
Елім деп еңіреп туған Исатайдай ерлерді ерекше дәріптейді. Махамбет туған елдің туын ұстап, қол бастап, ата – жаумен айқасып, кескілескен соғыста ерлікпен өлген Исатай сияқты ел ұлдарын:
Арыстан еді – ау Исатай!
Бұл фәнидің жүзінде
Арыстан одан кім өткен? –
деп егіле жоқтайды.
Жастарды патриоттыққа, ел – жұртын, туған халқын жан тәнімен сүю рухында тәрбиелеу- махамбет өлеңдерінің өзекті тақырыбы.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы.
19 ғ екінші жартысында Оңтүстік Қазақстанда өмір сүрген, әлеуметтік теңсіздік мәселелері мен отбасылық қарым – қатынас, адамгершілік мәселелерін кең көлемде жыр еткен көрнекті ақын – жыраулардың бірі Майлықожа Сұлтанқожаұлы.
Оның “Бар екен бір шаһары Үндістанның” деп басталатын “тотнамасында” шаһар төңірегіндегі көлді мекендеген ерлі – зайыпты екі тоты өзара сөйлеседі. Мақтаншақ қораз тоты шібиінің сақтандырған ақылын тыңдамай, панасыз көл бетіне ұя салады. Тоты қоразына ренжіп, егер дос ақылын алмасаң бақыр – бақаның кебін киесің деген аңыздың жас жеткіншектер үшін тәрбиелік мәні бесенеден белгілі.
Майлықожаның бір топ өлеңдері отбасылық қарым – қатынасқа, жақсы жар таңдауға арналған. Майлақожа өлеңдерінде халық педагогикасының қаймағы болып тиабылатын мақал – мәтелге арналған аталы сөздер көптеп кездеседі.
Өздерінің қазахи ақыл – кеңеске толы туындыларымен Шотанбай Қанайұлы (1818 – 1881) , Сүйінбай Аронұлы (1822 – 1895), Ақмолла Мұқамедиярұлы (1831- 1895), Ақан Сері (1845 – 1913) т.б. осылардай орақ ауыз, от тілді, әділдік, туралылығымен қара қылды қақ жарған күміс көмей, жезтаңдай ақын – жырау, сал серілер қазақ даласында аз болмаған.
Суырыпы салма ақын, шешен , жыр ғұламаларының бірі Шортанбай патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатынан туындаған әлеуметтік мәселелерді барынша шынайы суреттеді.
Суырып салма ақын Сүйінбай өзінің өлең торлғауларында, сюжетті өлең дастандарында жалпы қазақтың мұң мұқтажын жырлап, қарапайым адамдардың ой мақсатын білдірді, туған халөқының ғасырлар бойы асыл армандары мен мұраттарын айшықты көркем бейне арқылы көрсете білді.
Көркем сөз дүлдіддерінің қатарына қазақтың аты шулы ақындары Серәлі Ералыұлы, Құлтума Сармұратұлы, Базаржырау Оңдасұлы, Шәңкерей Бөкейұлы, Ақтан Керейұлы, Әсет Найманбайұлы, Әріп Тәңірбергенұлы, Құлан Алдабергенұлы, Ергөбек Құттыбайұлы, Тұрмағанбет Ізтілеуұлы, Омар Шораяқұлы т.б. жататыны белгілі.