Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) ірі сауда орны, мәдениет орталығы Отырар (Фараб-Қарашоқы) қаласында туылған, сонда білім алған. Кейін Бағдад (Сирия) қаласында ұстаз болып, сонда жерленген.
Түркі, парсы,араб тілдерінде жаза да,сөйлейде білген.
Әл-Фараби ғақлиялық (ғылымилық) бағыттың бастаушысы.
Әл-Фараби астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия-риторика, философия, педагогика ғылымдары бойынша 100-ден аса ғылыми еңбек жазған.
Ол Дамаск (Шам) қаласындағы медресседе сабақ беріп, ұлағатты ұстаздық еңбектер жазып, әлемнің екінші ұстазы атанған.
- ӘЛ-Фараби тәрбиесінің мазмұны, формасы және әдістері.
Әл-Фараби мұрасын зерттеушілердің айтуынша оның пәлсапалық концепциясы дүниені пантеистік тұрғыдан түсіндіретіняғни алла тағаланың ақыл-парасаты дейтін ілімге негізделген.
Әл-Фараби психология саласында жеті еңбек жазған.Олар:
- Жанның мәні туралы.
- Түс көру туралы сөз.
- Жан туралы.
- Ақыл және ұғым.
- Жас өспірімнің ақылы туралы кітап.
- Ересектердің ақылы туралы кітап.
- Темперамент туралы.
Бірақ бұл еңбектерді біздің заманымызға жетпеге. Оның жан дүниесі туралы толғаныс- тебреністер “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, “Азаматтық саясат”, “Даналық таңба тастар”, “Бақыт жолын сілтеу”,”мәселелердің мәні” т.б. еңбектерінде баяндалған.
Әл-Фарабидіңпедагогикалық көзқарастарымына тұжырымдарынанбйқалады.
- Ғылым туралы. Ғылымда Әл-Фарабидің “Бақытқа жету”,”Ғылымдар тізбегі”,”Ғылымдарды топтау”. Бұл еңбектері арқылы ғалымдардың еңбектерінің мәнін ашып, анықтап, мәнін жіктейді. Мыс: математиканы 7-і тарауға бөледі:
1 Арифметика2 Геометрия
3 Оптика4 Астрономия
5 Музыка6 Статика
7 Механика- әдіс- айла жөніндегі ғылым.
- Оқу , білім туралы . Әл-Фараби оқу, білім, ғылым адамы болу адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты деп көрсетеді. Ол тәбие әрекетінде қатты әдіс (қатаңдық) пен жұмсақ әдісті (жұмсақтықты) ұштастыра білуді ұсынады.
Ол оқыту дегеніміз— үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру, ал білім беру – ғылым теорияларын іске асыру, тәрбиелеу – жеке адамның кісілігін қалыптастыру деп көрсетеді.
- Оқыту әдістері туралы. Әл – Фараби оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік деп көрсетеді.
- Тәлім – тәрбие туралы . Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойында білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту.
- Денсаулық туралы. Егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек дейді.
- Еңбек туралы. Еңбек ету денеге күш береді, шектен тыс артық немесе жеткіліксіз еңбек күшті қайтарады немесе әлсіздікті әлсіз халінде қалдырады деді.
- Поэзия және музыка туралы. Поэзияны ”сезімді сиқырлайтын болмыс” — деп оның тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды.
Әл-Фараби адам –қоғамның ажырамас бір бөлшегі, ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, ол белгілі бір топтың мүшесі деп қарастырады. Адам өмір сүру үшін көптаген нәрсеге мұқтаж болады, мұның бәрін ол жалғыз өзі жасай алмайды, сондықтан ол басқалармен қарым-қатынасқа түсуі қажет деді.
Адам өсіп -өне келіп, түрлі топтарға, қоғамдастыққа бірігеді, бұл қоғамдардың бірі-толық, екіншісі- толық емес деп аталады. Толық емес қоғам 3-ке бөлінеді : 1. Үлкен. 2. Орта. 3. Кіші қоғам.
Үлкен қоғам-жер бетін мекендеуші барлық адамдардың қауымдастығы.
Орта қоғам- белгілі бір халық, тайпалар бірігеді.
Кіші қоғам- жекелеген қалалардың тұрғындары, көшелер мен жеке үй тұрғындары кіреді. Мұндай қоғамның ең шағын түріне отбасы, жанұя жатады.
Педагогикалық тұрғыдан оның адамдар арасындағы достық, қастық қарым-қатынастар жайлы айтқан пікірлер ерекше. Ол достықты 2- түрге бөледі:
Біріншісі- адал дос, екіншісі- айнымалы ,алдымшы дос. Бір-біріне қас, жау адамдарды да екі түрге бөледі:
Біріншісі- өшпенділігі мол, жаулығы басынан асқан адамдар.
Екіншісі- көре алмаушылықтан жауығатындар.
Әл- Фараби бұлардың біріншісінен ерекше сақ болудың ,олардың ой-пікірін үнемі таразыға салып, қадағалап біліп жүруді ескертеді. Ол осындай адамдардың арам ниетін біліп қоймай, тиісті жерінде аяусыз әшкерелеу қажет дейді.
Фараби жастарға ғылым-білімді қалайша меңгерту керектігі жөнінде көптеген ақыл-кеңес береді. Ғылым- білім үйренемін деген жас адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек мақсаты тек ақиқат пен шындық жолында ғана болуы тиіс дейді.
- Рухани және зиялылық тәрбие мәселелері
Әл- Фарабидің педагогикалық мұрасы телегей-теңіздей мол дүние. Оның арифметика, геометрия, астраномия, музыка ғылымдарын педагогикалық, яғни тәрбиелік ғылымдар дейтін жүйеге жатқызуы да, сондай-ақ педагогика, әдістеме мәселелері жөнінде арнаулы еңбектер жазуы да жоғарыда айтқанымыздың жақсы айғағы. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену одан соң парасаттылық пайда болады, теориялық ғылымдарды өз бетінше меңгеруге әрекеттенеді.” Білімді болу деген сөз- деп жазды ол,-белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз… білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше алады “.
- Оқытудың мазмұны мен құралдарын анықтау мәселелері
“ Мұғалімдік еткен адамның өлшеуі (әдісі) тым өктем болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты, үнемі ызғарымен болса,онда оқушылар жағынан мұғалімді кем санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі туады. Ұстаз ескерер тағы бір жәйт,-дейді Фараби,-бұл шәкірттің мінез –құлқындағы жағымсыз мінезді ,ұнамсыз қылықты болдыртпау, онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру “.
Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” атты еңбегін оқып,
талдау жасау.