Мораль және оның мәні.
Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының жаңа құрылысын жүргізіп отырған шақта адамдардың құлықтық саналығын тәрбиелеу қоғам дамуының ең бір басты айқындаушы міндеті болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру жолдарын жаңаша қарастыру үшін ең алдымен адамның негізі немен аяқталатынын зерттеу керек.
Ғылыми, философиялық, психологиялық әдебиеттердегі құлықтық тәрбие жалпы тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі екендігі айқындалған.
Шәкірттердің саналы тәртібі, пайымды мінезі туралы түсінігін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағыталған іс-әректіне құлық тәрбиесіне байланысты.
Тарихқа көз жіберсек, қоғамдық өмірдің дамуында адамзат бойында мінез – құлық негізгі құндылық болып келеді.
Құлық-қоғамдық дамудың жемісі ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Бірде-бір адамзат қоғамы құлық тәрбиесінің тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Құлықтық тәрбие туралы ой-пікірлер VI ғасырдағы Орхон-Енисей жазуларынан басталып, Орта ғасыр ғұламалары мен (Әл-Фараби, Ж.Баласағұн , М.Қашғари, А.Иугенки т.б.) алтын орда дәуірі оқымыстылары (С.Сари, Қ.Жалаири, т.б.). XIV-XV ғасырда өмір сүрген ақын — жазушылар (Асанқайғы, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет, Әсет т.б.) еңбектерінен көрініс табады. 1(8, 87-105 бет)
XIX ғасырдың II жартысында (Шоқан , Ыбырай, Абай) одан бертін келе ортамызға қайта оралған қазақтың ұлы зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Сейфулин т.б. бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.
Әбу-Насыр Әл-Фарабидің (850-950) “ Математикалық трактаттары” “Философиялық трактаттары”, “Логикалық трактаттары”,“Этикалық трактаттары” және т.б. шығармаларында адамзаттық игілікке, бақытқа, шаттық өмірге жету жолындағы ең негізгі компоненттер деп экономиканы, саясатты, мемлекеттік құрылысты, жанұяны және тәрбиені атаған .
Бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтылған бір пікірдің біздің дәуірімізге де өз маңызын жоймай жеткені.
Жалпы, Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тараған. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін , жоғары маңызын , халықтар арасындағы туысқандық пен достықты жырлайды. Оның “Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады” деген қағидасы да тап бүгін өте өзекті мәселе.
Білім – ғылымының барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды. Аристотельден кейінгі “Екінші ұстаз” атанды. Әлемнің негізгі тұрақтысы –адам. Адамның ақыл – ой парасаты ойдағыдай дамып жетілсе, дұрыс өсіп-өркендей алады. Қажетті дағдылар мен жақсы мінез-құлық адамды бақытқа кенелтеді. Жаман мінез – құлық бұл рухани дерт, жақсы мінез-құлық пен ақыл-ой басты қадір-қасиеттері қалыпты іс-әрекет үстінде ғана қалыптасады.
Қандай болсын әдіс, тәсіл (мақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру )тәрбиешіден асқан имандылық, ізетті талап етеді, осылай ғана ол шәкірттерден шындықты, адамгершілікті, сыпайылықты, әділдікті талап ете алады. Сондықтан мұндай қасиеттерге ұстаздың өзі де ие болуға тиіс.
Жақсы мінез –құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде-бұлар адамгершілік қасиеттер болып табылады. Біз қасиеттер дегенде әрбір нәрсенің игілікті жағын айтамыз. Адам бойындағы мінез-құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре-тұра пайда болады.
Құлықтық тәрбие дегеніміз- адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру мораль барлық қоғамдық өмірдің саласында – еңбекте, тұрмыста, саясатта, ғылымда, жанұяда және халықаралық қатынаста адамның мінезін және санасын реттейді.
Құлық-тәрбиесі – адамгершілікті тәрбиелеудің құрамды бөлігі. Мұның міндеті моральдық межелер мен талаптарды қоғамның әрбір мүшесінің игілігі ету, оларды терең құлықтық сенімдеріне жоғары құлықтық қылықтарына және шын мінез — құлқына айналдыру. Құлық тәрбиесінің шеңберінде тұлғаның құлықтық санасы, оның қоғамдық борышқа, тәрбие әсемдікке көзқарас қалыптастыруда әлеуметтік тәрбие институттарының тәжірибелік жұмыстарын қамтиды. Құлық тәрбиесінде тәрбиешінің беделінің үлкен мәні бар. Тәрбиешінің өзінің тәрбиелі болуы – құлық тәрбиесіндегі өзекті мәселе.
Құлықтық сана – адамдардың көзқарастарында және елестетулерінде шындықты, қоғамдық болмысты бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі: өзінде құлықтық іс- әрекетті, құлықтық қатынастарды бейнелейді және белгілейді. Ал бұлар құралудан бұрын адамдар санасынан өтеді. Құлықтық сана құрамына: мұраттар, моральдық межелер, құлықтық құндылықтар, моральдық сылтаулықтар, бағалаулар енеді.
Адам басшылыққа алатын моральдық межелер мен принциптер жиыны тұлғаның құндылық бағдарында көрініп, оның моральдық санасын сипаттайды. Құлықтық сананың өзіндік мінез – құлық шеңберіне қатысты, қылықтарды таңдап алу мүмкіндігі болғандықтан адамдар қылығын бағытауға ғана қабілетті болады.
Құлықтық сезім – тұлғаның рухани құлықтық өмірінің көңіл — күйде сезіну жағы адам іс- әрекетінде маңызды орын алды.
Құлықтық сезімдерге намыс, ар, ұят, абырой, мақтаныш, махаббат, өшпенділік, жек көру, қызғаныш, менмендік, өзімшілдік, атақ құмарлық т.б. жатады. Құлықтық сезім адамның түрлі жағдайларға өзіндік тұрғыда жауап беруі.
Өзінің әлеутеттік мазмұны жағынан олар қоғамдық болмысқа, өмірдің түрлі жағына субъективтік қатынас болып табылады. Мысалы, басқа адамға, өзінің — өзіне, жеке қоғамдық өмір құбылыстарына, толық алғанда қоғамға тағы с.с. қатынасы. Құлықтық сезімнің әлеуметтік сипаты болады, олардың көбі адамның моральдық бейнесін сипаттайтын, оның сапаларына сәйкес келетін құлықтық санаман бағаланады. Моральдық сезімдер түйсіктер, қабылдау, елестетулер, ойлар сияқты танымдық іс — әрекеттерден туындайды және адамның түрлі іс-әрекетімен тығыз байланысты.
Құлықтық сезімдер адамның бүкіл өмірінің іс- әрекеттерінің барлық түрлеріне ықпал жасайды, оның әлеуметтік, тынымдық және басқа белсенділіктерін қуаттандырады, тұлға оянуын күшейтеді.
Құлықтық құндылықтар – әлеуметтік құбылыстарды, адам әрекеттері мен мінез- құлықтарын, олардың моральдық жағынан қарағандағы жақсылық пен зұлымдық жөніндегі түсініктеріне бағалауға мүмкіндік беретін адамның мінез-құлқындағы бағдарлары.
Құлықтық қатынастар шеңберінде адамдар қылығының моральдық маңызы болатын себептері олар қоғамдық өмірге, қоғамдық құлықтың негізіне оң не теріс әсер етеді. Моральдық санада құлықтық құндылықтар адам башылыққа ала отырып лайықты әрекет жасайтын моральдық мұраттар, принциптер, межелер ретінде көрініс береді. Қайрымдылық пен зұлымдылық жөніндегі құлықтық талаптар мен түсініктерге сәйкес келетіндігі ретінде бұл әрекеттерге қоғам баға бареді. Бұл жағдайда адам қоғам алдында өзінің моральдық қалауы үшін жауап береді.
Құлықтық құндылықтар мұғалімінің, оқушылардың көз қарастары арқылы өтіп, құлықтың санасында қатысу мен мінез құлықтың жеке қабылданған межелерінде бекіп, олардың бүкіл іс-әрекеттерінің өн бойын алып жатады.
Құлықтық сезім, сана, сенім ұғымдары мен оны іс жүзіне асырудың арасында ұзақ жол жатыр. Мектеп тәжірибесінде кейбір оқушылар күнделікті талапты жақсы білгенімен, оны ісінде істей алмайтынын байқаймыз.
Әдеп сақтау – адмгершіліктің белгісі. Әдеп сақтау (этикалық қалып) – қазақ халқының тарихи қалыптсқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, әлеуметтік тәртіптің, борыш пен міндеттің заңды айғағы.
Халық өмірлік практикада ешбір тиым салусыз – ақ өз қалауынан адамгершілік мақсат – мүддеге сәйкес әдептілкті, әдеп сақтау жүйесін қалыптастырған. Әдеп сақтаудың әлеуметтік (қоғамдық) мәні зор.
Әдептілікті бұзған адамға кез – келген қоғам мүшесі (жасына, нәсіліне қарамай) өз пікірін айтуға, тиым салуға ерікті, өйткені әдеп сақтау — әлеуметтік дәстүр.
Әдеп сақтау – этикет, яғни мінез – құлық пен қарым – қатынастың қалыптасқан, халықтық ережесі. Ол ереже бұзылса, халықтық дәстүр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. Әдеп сақтау ұлттық рәсімге, тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, атап айтқанда, адамгершілік борышты өтеу болып табылады. “Әдептілік — әдемілік” дейді халық. Әдептілік – имандылық, кішіпейілділік, көпшілік деген сөз.
Бастауыш мектепте әдеп сақтау дәстүрі оқушылар ережесімен, балалар ұйымдарының тәрбиелік жұмыстарымен байланыстырылады. Сынып жетекшісі “әдеп дегенді қалай түсінеміз”, “әдептілік деген не?”, “әдеп сақтау — адамгершілік”, т.б. тақырыптарда сынып сағатын өткізеді.
Әдеп сақтау жөнінде мектеп қабырғасында әсем безендірілген жарнамалар бала тәрбиесіне ерекше әсер етеді.
Әдептілік жөнінде мектепте арнайы апталық ұйымдастырып, оның соңын жалпы мектептік кешпен ұштастыру қызықты өтеді. Әдеп сақтау кешіне ата – аналар, ұстаздар, өнер адамдары, ақын – жазушылар қатыстырылады.
Адамгершілік – қоғамдық өмірдің тарихи — әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым – қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын, қауымдық, әулеттік, халықтық игі іс — әрекеттер, мінез – құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.
Үлкенді сыйлау – адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Қазақ халқының ұлттық әдеп — салтында адамгершілік жоғары бағаланады. Адамдық қалыпты, әдепті сақтай алмаған адам “адагершіліктен” шыққан болып есептелінеді. Ертеде адамгершілік қалыпты сақтай алмаған адамдарды қадірлі адамдар, билер жөнге салып, жазасын тартқызып, тәрбиелеп отырған. Қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша, үлкенді сыйлау, құрметтеу, оның кісілігін үйрену әрбір жастың парызы болып табылады.
Ғылыми педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде құлықтық сенім негізінен, дүниеге, өмірге көзқарас тұрғысынан анықталады. Егер оқушыға осы пікірмен қарағанда, сенімі күшті болса, онда оның ісіне сенім билейді.
- Құлық тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны.
Құлық тәрбиесінің міндеттері:
- Оқушыларды қоғамның моральдық нормасын орындауда қатыстыру.
- Оқушылардың тәртіп пен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру.
- Балалардың санасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың бірлігін қамтамасыз ету.
- Отанға, халқымызға, еңбек пен қоғамдық іс — әрекетке балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру: біріншіден тәрбие процесінің объективті
және субъективті жақтарының бірлігіне яғни оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптарға бұл объективті жағына: ал, жеке адамның қоғамдық норманы меңгеруі — бұл тәртіп пен мінез-құлық тәрбиесінің субъективті жағына байланысты.
Адамгершілік тәрбиесінің принциптері:
- Идеялық пен мақсат көздеушілік принципі.
- Оқушыларды ұжымда тәрбиелеу принципі.
- Педагог балаға талап қоюды оның жеке басын құрметтеумен ұштастыра отырып жасау принципі.
- Сезімге, санаға, мінез – құлыққа ықпал жасау бірлігі принципі.
- Мектепте және отбасында балаға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі принципі.
- Жеке — дара тәсіл принципі.
Бастауыш сынып оқушыларының дамуында бір-бірімен сабақтастыққа байланысты болуы айрықша орын алады. Балалар мұғалімнің, ата-ананың бас-көз болумен құлықтық ережелерді, қағидаларды өзінің күнделікті өмір сүру барысында біртіндеп қабылдайды. Алайда, құлықтық ережелер, үлгілер, нормалар мәңгі өзгермейтін категория емес. Ол қоғамдық — экономикалық әлеуметтік жағдайдың, құрылыстың өзгеруіне байланысты өзгеріп, жаңарып отырады.
- Тәрбиесі қиын балалармен жұмыс істеу мәселелерін
басшылыққа алу.
Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта бір қалыпты жағдайда өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар мен ата – аналар баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі.
Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Педагогикалық тәрбиесі қиын балалар деп – оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балаларды айтамыз. Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептер мыналар:
Бірінші себеп – отбасы тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбилеуде ата – аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады.
Екінші себеп – бұл отбасындағы сәтсіздік – маскүнемдік, ұрыс – төбелес, ұрлық, ата – аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез – құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу – неке бұзу.
Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткілдіксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату отбасында ата – аналар балалардың күндеолікті өмірі мен іс — әрекеттеріне басшылық жасайды. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік т.б. тәртіп пен мінез – құлық қасеттері дамиды және қалптасады.
Төртінші себеп – бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиеі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс — әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіме, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата – аналарын мектепке шақыру, олардың ата – аналары істейтін жеріне хабарлау т.б.
Ғылыми деректерге қарағанда қиын баларжа байқалатын белгілер:
Біріншіден, аномальді қажеттілік (маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық т.б.)
Екіншіден, тұрақты жаман қасиеттер жиынтығы (мейірімсіздік, жалақорлық, жалғандық, өзімшілдік)
Үшіншіден, ата – аналармен немесе мұғалімдермен тұрақты егесу жағдайлары.
Төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін — өзі түзетуге қабілетсіздігі.
Осы жағдайға байланысты сынып жетекшілері тәрбиесі қиын балалармен жұмыс барысында мына мәселелерді еске алуы қажет:
а) Тәрбиесі қиын блалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке
алу;
ә) Олардың кешіліктерін терең зерттеу, психологиялық – педагогикалық және медициналық мәліметтерін жете білу;
б) Мектептерде мақсатқа бағытталан жоспар бойынша нақты жұмыстарды дұрыс ұймдастыру, жетілдіру.
Тәрбиесі асқынған балалармен жүргізілген жұмыс өнегесін озат мектептердің іс – тәжірибесінен көруге болады:
Біріншіден, педагогикалық ұжым және ата – аналар комитеті бірігіп, балалардың жағымсыз мінездерінің себебін анықтайды, оын іске асыру үшін шаралар белгілейді;
Екіншіден, мектептерде тәрбие жұмысындағы сабақтастықты іске асырады.
Үшіншіден, тәрбиесі қиын балаларды әртүрлі жұмыстарға- жиналыстарға, түрлі жарыстарға, кештерге, өздігімен іс — әрекетіне, бастауыш сынып балаларын қамқорлыққа алуға т.б. белсенділікпен қатыстырады.
Төртіншіден, мұғалімдерді педагогикалық – психологиялық біліммен қаруландыру үшін кейбір мектептерде тұрақты семинарлар жұмыс істейді, оларға тікелей көмектеседі.
- Отбасында теріс әрекеттерді болдырмаудың жолдары.
Қазақ халқы өз ұрпағын жақсылыққа, инабаттылыққа, қайырымдылыққа, еңбек сүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеген. Бұлар ата – бабаларымыздың тарихи дәстүрмен бірге жасаын куеле жатқан имандылық қасиеттер.
Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиенің табысты болуы ата – аналардыңі тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің бір – бірін түсінушілігіне, өзара қарым – қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты.
От басында ата – аналар тарпынан үстемдік жағдайында балалардың өз бетімен іс — әрекетін жасауына жол берілмейді, өз өміріне немесе отбасына байланысты бірде — бір мәселені шешуге үй – іші кеңесіне қатыспайды.
Осының нәижесінде бала отбасында болып жатқан әлеуметтік өмірге, еңбекке, білімге, мәдениетке, саясатқа байланысты мәселелерге қатыспай сыртта қалады. Бұл жағдай баланың танымдық қабілетінің дамуына, рухани және адамгершілік қасиеттірінің қалыптасуына бөгет болады.
Теріс қылықтардың бірі — қақтығысулық. Бұл отбасы мүшелерінің арасындағы қайшылықтан туады.
Теріс қылықтарды болдырмаудың жолдары:
- Аномальды мұқтаждық – ішкілікке, анашаға құмарлықты, ұрлық жасау, төбелес т.б. болдырмау.
- Мейірімсізік, қаталдық, жалғандық, жалақорлық, өсекшілдік, өз қамын көздеушілік, өзімшілдік сезімдерді болдырмау.
- Ата — аналар және мұғалімдер жағдайының тұрақтылығы.