ЯН АМОС КОМЕНСКИЙДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ

XVI ғасыр мен XVII ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы ұлы чех педагогы Ян Амос Каменский (1592 – 1670) 1592 жылы 28 наурызда туылды.

Бұл кезде XV ғасырдың бас кезінде болған тарихтағы аса зор ұлт – азаттық гусит қозғалысының әсері әлі де бар еді. Соның ықпалымен шаруалар менқолөнершілердің қалың бұқарасы демократияшыл көзқарастағы адамдармен “Чехтық” немесе “ Бумегалық туыстар” атты қауымдарын құрды.

Ян Амос Коменскийдің әкесі осы қауымның мүшесі еді, ал өзі кейінірек сол қауымның көсемі болды.

Қауымның көмегімен ол латын мектебін, кейінірек университер бітіреді.

1620 жыл чех басқыншыларымен күресте жеңіліске ұшырауына байланысты ұлы пеадагогтың отаны өзінің дербестігін жойды, ең үлкен күйзеліске кезікті. Ян Амос Коменскийдің қымбат бағалы кітапханашы мен қолжазбалары отқа жағылды және барлық отбасынан айрылды. Отанынан айрылған отбасы мүшелері Польшаға келіп паналады.

Ян Амос Коменский 1631 жылы “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” – деген оқулығын жазып шығарды. Білім беру тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып, мектептерге кеңінен тарады.

1632 жылы Ян Амос Коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан “Ұлы дидактика” еңбегі жазылып бітті. Осы еңбектерімен атақты ғалым және педагог ретінде әйгіл болған Ян Амос Коменский 1641 жыл мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда, Швецияда және Венгрияда болып, мектеп реформаларын әзірлеу ісіне, оқулықтар және оқыту әдістемесін жасаумен айналысты.

1648 жылы ол шетелден Лешноға келіп, кешікпей “Чех туыстық” қауымының басшысы болып сайланды. Осы жылдары оның “Әлемді суреттеп бейнелеу” – оқулығы, “Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары” және “жастарға арналған мінез – құлық ережелері” – деген пеадгогикалық шығармалары аяқталды. “Әлемді суреттеп бейнелеу” — өмірдің әр саласынан мәлімет беретін энциклапедиялық кітап ХІХ ғасырға дейін балаларға арналған негізгі мектеп оқулығы болып келді.

1656 жылы Швед – поляк соғысы кезінде “Чех туыстығының” ең ақырғы панасы Лешно қаласы өртенді. Өмірінің соңғы жылдарын ұлы педагог Амстердамда өткізді, оның “Ұлы дидактикасы” 1657 жылы осында бастырылды.

Ян Амос Коменский 1670 жылы Амстердамға таяу жердегі Наарденде қайтыс болды.

Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің, феодалдық және капиталистік фоомацияларының аралығында өмір сүрген Ян Амос Коменский көзқарасы сол дәуірдің еекгеліктері мен қайшгылықтарына байланысты қалыптасты.

Ян Амос Коменский шығармаларына, әсіресе оның дидактикасына XVI – XVII ғасырдағы жаңа философиялық әсіресе ағылшын материализмін бастаушы Бэкон (1561- 1620) философиясының әсері болды.

Ян Амос Коменский дидактикасында реалистік те, материалистік көзқарастар болды, дидактиканың принциптерін материалистік сенсуализм тұрғысынан түсіндірді.

Сенсуализм – сезімдік қабылдауды таным процесінің негізні формасы деп санайтын философиялық бағыт. Бірақ оқу мен тәрбиенің жүйелерін құруда маңызды болып саналатын проблемасын шешуде оның көзқарасы екі жақты болды.

Ян Амос Коменский ақиқаттың бір саласы — логикалық, оның көзі — діни сапа. Ақиқаттың екінші саласы – табиғатты танудан шығады. Табиғат жер бетіндегі байлықтың, бақыттың көзі, бұл көзді ретті иемдену үшін табиғатты білу керек, ол үшін білім қажет деді. Қайта өркендеу дәуірінің әсерімен Ян Амос Коменский адамға, оның ақылы мен күшіне сенушілікті бірінші қатарға қойды, оның ақылы “Ақиқатында бүкіл дүниеде зор” – деген тұжырымға келді.

Ян Амос Коменский “Әлем тәлкегі және жүрек жұмбағы” – шығармасында өткір сатира түрінде өз кезіндегі қоғамдық құрылысты әшкереледі.

  1. Тәрбие мен білім берудің маңызы. Тәрбиенің басты принципі, оқыту теориясы.

Ян Амос Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрылысына мектептің жаңа түріндегі идеяны қарсы қойды. Ол өмірге пайдалы, іске қажетті білімдерді оқытуды талап етті. Сондықтан мектептің мақсаты – ақылды адамды тәрбиелеу, бұл мақсатқа жетудің бірден бір жолы – деді. Ян Амос Коменский – жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру. “Адам болуы үшін ол білімді алуы тиіс”. “Білімділоер нағыз адам” – деді.

Бүкіл тәрбие ісі Ян Амос Коменскийше табиғатқа тән, жалпы заңдылықтарға сәйкес болуы тиіс. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде алып қарап, тәрбие ісін адамның табиғатына сәйкес, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін дамытуға бағыттап жүргізу керек деп кеңес берді. Осы талап оның бүкіл педагогикалық іліміне енді және мұны ол тәрбие мен оқытудың жалпы принципі ретінде санады. Кейінірек Ян Амос Коменский анықтаған бұл идея педагогикада “Табиғатқа сәйкестік принципі” – деп аталды.

Ян Амос Коменский адам өзінің жетілуінде жалпы табиғатқа қатысты заңдарға тәуелді деп есептеді, осыған сәйкес құқрылатын тәрбиенің, білімнің және оқытудың жалпы принципін іздестірді.

“Табиғатқа сәйкестік принципі” оқудағы схоластикамен догматизмге қарсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау мен догматизмге қарама – қарсы оқытудың бала табиғатына, оның мүмкіншіліктеріне сәйкесті болуын талап етті.

Схоластика — өмір тәжірибесінен аулақтаған, көз алдындапғыдан басқаны көрмейтін адам . Батыс Европада және орта ғасыр және Жаңа замандағы діни философиялық ілім.

Оның ойынша адам ақылының шыңдалатын шеберхана сияқты орны – мектеп. Мектеп – “барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін” — адамгершіліктің шеберханасы. Мектеп – оқушылардың “адамгершілігін”, “ақылын” тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық. Ол адамның өзіп жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып бір – бірімен байланысты құрылған оқудың 4 – сатылы кезеңін, осыларға сәйкес 4 – түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.

  1. Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде – “Ана мектебі”.
  2. 6 – 12 жасқа дейінгі балалар үшін әр бір қауымда – “Ана тілі” мектебі.
  3. 12 – 18 жастағы жастар үшін — әрбір қалада латын мектебі.
  4. 18 – 24 жатағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болуы керек деді.

Ян Амос Коменский XVII ғасырдың өзінде біртекті мектеп жүйесі жөнінде демократиялық принцип ұсынды.

Ян Амос Коменский оқудың мақсаты – ғылыми білімді меңгеру және өмірег пайда келтіру деп білді.

Ян Амос Коменский өзінің тамаша шығармасы “Ұлы дидактиканы” барлық халық жастарын бүкіл білім салаларына жаңа жолмен, оңай және ұғымды етіп оқыту үшін жазды, онда өзінің алдына оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатын қойды.

“Ұлы дидактикада” төмендегідей 4 дидактикалық сұраққа жауап берілді:

  1. Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады.
  2. Оқыту мен оқудың жеңілдігі.
  3. Оқыту мен оқудың негіздері.
  4. Тез оқудың ережесі мен тәсілдері.

“Ұлы дидактиканың” арнаулы тарауларында оқыту ісіне қойылатын басты дидактикалық талаптар:

  1. Оқытуға қолайлы уақыты таңдау.
  2. Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру.
  3. Материалды біртіндеп күрделендіру.
  4. Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту.
  5. Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау.
  6. Бала табиғатын ескеріп отыру: оның меңгере алатын нәрсесін ғана оқыту.
  7. Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдерді де қатыстырып оқыту.

Ян Амос Коменский “Ұлы дидатикасында” педагогикалық ойды және мектеп оқуын ілгері дамытуда ерекше роль атқаратын дидактикалық принциптерді анықтады. Оқудың көрнекілігі, сналы оқу, оқудың жүйелі болуы, сатылы оқу, оқудың оқушы шамасына сай болуы , оқудың негізді болуы.

Ол көрнекілік принципін психологиялық талаптармен байланыстырды.

  1. Дүние тану әдетте сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, өйткені түйсікте болмаған нәрсе,ойда боуы мүмкін емес, осыған байланысты оқыту ісін заттар туралы құрғақ сөзден бастамай, нәрсенің өзіне бақылау жасатудан бастау керек.