Ұлы Түркі қағанаты орта ғасырларда адамзат өркениетінің қалыптасуына аса зор үлес қосқан, сол дәуірдегі дамыған мемлекет болған. Қағанаттың пайда болуы бір – бірінен ыдырап, бөлшектеніп кеткен дала халықтарының, тайпалардың бастарын қосты, тұрақты мәдениеті мен ғылымы дамыған бүгінгі түркі тек тес халықтарға ортақ мәдениеттің қалыптасуы мен жасалуына, сонымен қатар әлемдегі аса қуатты, саяси империяның қалыптасуына ықпалын тигізді.
Көне мұралардың ішіндегі бізге кеңірек мәлім болғандары Орхон-Енисей бойынан табылған, тасқа қашалып жазылған VI-VIII ғ.ғ. ескерткіштер : түркі көсемі Білге қаған, Күлтегін батыр мен ақылгөй Тоныкөк құрметіне қойылған құлпытастар. Оларда ұлы Түркі қағанаты халықтарының тұрмысы мен салты, мәдениеті мен жауынгерлік жортуылдары айшықты да мәнерлі тілменөсиет сөз үлгісінде баяндалады. Бұларда қазіргі қазақтардың сөз саптау үлгісіне жақын шешендік өнердің дәстүрлі формалары айқын байқалады. Ортағасырлық түркі тілді әдибиеттің таңдаулы туындыларынан да ұшыраспайтын бұл жазуларда тәңірінің “Жарлығымен” болатын бектер мен қара халықтың қағанға адал берілгендігі, қағандардың қараларды билеп-төстеуі жайында сөз қозғалады. Мәселен, “Егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз бектеріңнен, өз отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің отбасыңда болсаң, ешнәрседен мұқтаждық көрмейсің… ” деп., бек пен қара халықты бірлікке шақырады.
Ежелгі түркілердің ауызекі поэзия дәстүрі бізге IX ғасырда ғұмыр кешкен әнші, әрі сазгер небір тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есімін жеткізді. Ол адамзат өмірінің соншалықты қысқалығына наразы болып, пен де атаулыны ажал құрығынан құтқармақ болды. Қорқыт өзінің жанын жегідей жеген ой-сезімдерін –қазалы жанның үрейін, өлімнен қашып құтылудың амалын қобыздың азалы күйімен , поэзиялық көркем тімен баяндайды.Ол эпос үлгісіндегі поэзиялық мұра ретінде біздің дәірлерімізге жетті. Онда Сыр бойын мекендеген көшпелі тайпалардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын, Діни наным-сенімдерін бейнелейтін мәліметтер көптеп кездеседі. Олар тәлімдік жағынан да аса қызықты дерек болып табылады. Мәселен, “Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман… Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді… Ақылсыз балаға ата дәулетінен айран жоқ… қонағы жоқ параша үйден құлазыған түз артық …”деп келетін Қорқыттың нақыл сөздері өз мәнін күні бүгінге дейін жоймай келеді.
Қазақ ұлтының даму мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнібек, Керей, Асан Қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати,Қадырғали Жалайыри, Қасым, Есім, Хақназар, Тәуекел, Тәуке , Қазтуған, Ақтанберді, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбілқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды. Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен билер жалпы жұртқа өнегелі сөздерімен,өлең –жыр толғауларымен зор ықпал етіп,халықты ел боуға,берек елі бірлікке шақырып, қоғамдық өмір сахнасына шыға бастады.
Қазақ жырауларының толғау тебіреністері, қанатты сөздері өзінің тәлімдік шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани, эстетикалық, отаншылдық мәні жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлік заманда хандар мен бектердің, қолбасшы батырлардың ақылгөй кеңесшісі болып, жорыққа бірге аттанды, ру –тайпаларына басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шепіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.
XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан өздерінің тәлімдік идеяларыменАсан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау секілді дала философтары ерекше көзге түскен еді. Халқының қамын жеп , оның береке-бірлігін, келешегі бағытын, көгерер күнін аңсаған Асанқайғы өз отандастарының алғағы тағдыры не болмақ деген толғаныспен күн кешті. Содан да болар, ел аузында оның есіміне “қайғы” деген ат қосылып аңызға айналды.
Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы іргетасының қалана бастауына негіз болған Асан Қайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри, Қазтуған, Шалкиіз, Үмбетай, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа т.б. көптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап өткен жөн.
XV-XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-ддәтүрін, ой-арманы мен тілек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені, жыраулар толғауларынан халықтың небір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүеніші, келер ұрпаққа аймар өнегелі өсиеті өзекті орын алған. Яғни олар халықтың тәлім-тәрбие мектебінің ұлағатты ұстаздарының ролін атқарды.
Қазақтың тәрбие мектебі –ақын жазушылар мен билердің өсиеттері, ғибраттары және халық марал-мәтелдері, тыйым сөздері мен ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халақтық осы қағидалар шын мәнісінде жас ұрпақ түгілі ересек адамдарға да алкен әсерін тигізді, ұлттың сана –сезімін оятты, тәлімдік-тәрбиелік, танымдық мектебіне айналды. Жалпы XV-XIXғ.ғ. ақын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшін еткен еңбегіне, ой қиял өрістеу өресіне, қимыл, әрекет-ісіне қарай үш топқа бөліп жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтанберді, Махамбеттер); мәмілегер (Асан Қайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлімгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар депшартты түрде жіктеуге болады. Ақын жыраулар өлең –жырларымен де, өнегелі ісімен де халыққа белсене қызмет етіп ел ұйытқысы, тәлім-тәрбие мектебінің ұстазы бола білді.
Ы. Алтынсариннің тәлімгерлік мұралары.
Қазақ халқының Әл Фарабиден кейінгі ұлы педагогы қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы ұстаз, ақын жазушы Ыбырай Алтынсарин 1850-1857 жылдары Орынбор шекаралық комиссиясында оқып, ол оқуды үздік бітірді де, қазақ даласындағы ағарту жұмысын қолға алуға бел байлады.
Жаңашыл педагог батыс, шығыс әдебиеті мен мәдениетін жан-жақты зерттеп, оны қазақ халқы үшін пайдаланды. 1860 жылы ол қазақ балалары үшін мектеп ашуга (Торғайда) рұқсат алды. Ол: “ Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларында ауыл шаруашылық академияларында оқып, білім алуын өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін” деп. жазды.
Ұлы педагог мұғалім болу үшін әрбір ұстаз ұстаздық қасиеттерін қалыптастыра білу керек екендігін өнеге етуді. “Мұғалім баланы тәрбиелеуші, оның қамқоршысы, егер бала бір нәрсені білей галса, ол баланың кінәсі емес, оған кінәлі балаға түсіндіре алмаған ұстаздың өзі. Ұстаз балаға сыбырмен, салмақты қысқа сөйлеу керек, ол әрбір пәнді балаға түсіндіргенде ықыласымен қарапайым тімен, бос сөзін нақты түсіндіруге тиіс”- дейді.
Ы.Алтынсарин қазақ әліппесін ұлттық ерекшеліктерге сәйкес құрып, қалыптастыруды арман етті. Ұстаз- ақын, жазушы бала оқыту мен тәрбиелеуде ауыз әдебиетін жалғастырытын балалар әдебиетінің негізін қалады.
“Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”деген еңбегінде тәжірибелі ұстаз тіл үйренудің нақтылай әдістемесін түзді.
Ы.Алтынсарин өзінің біраз еңбектерін қазақ халқының салт-дәстүрлеррінің ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады. Ол 1870 жылы Ресей георграфия қоғамының “Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі” мен “ Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері” атты екі еңбегін жазып тапсырды. Бұл еңбектер орыс зиялы қауымына қазақ қоғамының әр алуан тұрмыс-салт ерекшеліктері туралы түсінік берген тұңғыш жазба еңбектері еді.
Сондай-ақ бұл еңбектерінде ас беру де ат жарысы, палуан күресі, көкпар т.б. ойындар болатыны, ас беру рәсімі 63 жастан (пайғамбар жасынан) асып өлген атақты, бай адамдар құрметіне жасалатыны, ал, ас тартар кезде, үй иесінің жылына арналған тұл ат сойылып, қаралы белгілер алынып, ауыл бұрынғы қалпына келтірілетіні, өлген адамның ұстаған заттары(ертұрман, сауыт-сайманы, сәнді-киімдері) құда –құдағилар мен құрбы-құрдастарына таратылып берілетіні, бұл өлген адамның жақсы қасиеттері көпшілік жұртқа тарасын деген ырымнан шыққаны баяндалады. Сон дай-ақ, қызды өте шастай күйеуге беру немесе он жасар ұлды, әменгерлік заңымен, күйеуі өлген ағайынның өзінен екі-үш есе үлкен балалы әйеліне де үйлендіре беретін әдеттерін сынайды. Өлген адамның жас інісі болмаса күйеуінің алпыс-жетпістегі шал ағайынына тиюге тиіс болғанын, “жесір ерден кетсе де, елден кетпейді” деген әмеңгерлік заңға бағынып келгенін әшкерелейді. Ал жас жесір әйел бас бостандығы үшін күресуге талпыныс жасап, өз сүйген жігітімен қашып кетсе, оның аяғы дау-жанжал төбелес, шабысқа, тіпті кісі өліміне дейін баратын болван. Сондай – ақ әйелі өлген шалдар немесе бала көру үшін тоқал алатын байлар жас қыздың өмірін ойыншыққа айналдырып, қызды еріксіз қалың малға сатып ала беретінін айыптайды.
Ыбырайдың қазақ халқының сал –дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты дәстүрдің озығы мен тозығын ғылыми түрде талап өзінің көзқарасын білдіре отырып, мән- мағынасын ашу, озық дәстүрді тәрбиенің құралы ету еді.
Халқы үшін жар құлағы жастыққа тимей, оқу азарту жолында аянбай еңбек еткен Ы. Алынсариннің ғылыми және әдеби мұраларының бүгінгі жастарға берер ғибраты мол, асыл мұра екені даусыз
Абай Құнанбайұлының ағартушылық идеялары.
Қазақ халқының жазу әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын Абай халықтың азарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін Жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.
Абай Шығыс мәдениетінен ақындық пен шешендік өнерін, мұсылмандық ғақлияларды танып, он халыққа ұсына білді.
Абай Батыс мәдениетінен ғылым негіздерін, көркем әдебиетті үйренуді уағыздады. Абай өлеңдерінің эстетикалық тәрбиелік мәні зор. Абай шығармаларындағы табиғат лирикаларында табиғат пен адамның бейнесі, іс-қимылын ақын үйлестіре жырлап, әрі табиғат көркемдігіне оқушы мен тыңдаушыны қызықтырады, әрі сол кездергі адам бейнесін суреттеп көркемдікті, адамгершілікті сезіндіре, әсерлендіре тәрбиелейді.
Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке тәрбиелейді.
Ұлы Абайдың қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) тұжырымдар. Данышпан ақын көсем сөз арқылы да өзінің дүниетанымдық, тәрбиелік ойларын оқушыларына қарапайым баяндап, әсіресе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, іршіліктен іс-әрекеттік кемшіліктерді кесіп айтып, елді түзеп, ерді тәрбиелеуге терең ой жұмсаған. Бірінші сөзінде ойшыл адам отты ойларын қағаз бетіне түсірсе, ол да тәрбие десе, екінші сөзінде халықтың қасіретсіз өмір сүруі үшін басқа халықтардан үлгі алып, ұрпағын еңбекке тәрбиелеуін уағыздайды. Абай үшінші сөзінде қазақ халқының “бірінің –біріне қаскүнем болатынын, бірінің тілеуін бірі тілдеспейтінін, рас сөзі аз болатынын, қызметке таласқыш, өздерінің жалқау болатындарының себебі не” деп оның ұлттық кемшіліктерін атап көрсетеді, мұның бәрі тек малды ойлап, малға бейімделіп бара жатқан халықтың достықты ойлап, бірлікке бейімделіп, еңбекке дағдыланып, жағымпаздық пен жалқаулықтан аулақ болу керек екенін уағыздайды.
Абай қазақтың салт-дәстүрін сөз қылғанда белгілі мақсат көздеген дәстүрдің озығын дәріптеп, дәурені өткен тозығын үнемі айыптап отырған. Мысалы, “Аса, тойға баратұғын” деген он ауыз өлең жолында қазақтың қыз айттыруы, ел шетіне жау шапты дегенде ел намысын қорғауға аттанған ердің қапыда жау қолынан қаза табу, оң жақта отырған қалыңдықтың зар еңіреп жесір қалуы, адал махабаттың иесін арудың сүйген жарының қазынасына шыдай алмай өлуі жырланады. Ақын осы арқылы жастарды елді, жерді сүюге тәрбиелеуді, шынайы махаббат жолында жанын пида еткен жастарды өзгеге үлгі-өнеге етуді мақсат тұтады.
Бұл Абайдың, біріншіден, ақындық шеберлігін білдірсе, екінші-халық дәстүрін дәріптеп, ел жақсысының жақсылығын кейінгі ұрпаққа өнеге-үлгі етіп ұсынуының айғағы.
Ш. Уәлихановттың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мен этнопедагогика мәселелері
Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен тәлімдік мәнін тұңғыш зерттеп, ғылыми еңбек жазған, қазақ мәдениетінің орыс, батыс, ғалымдарының тануда ерекше еңбек еткен ғалым Шоқан Уәлиханов (1835-1865) болды.
Кадет корпусында оқып, шығыс халықтарының әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігі мен тілін, дінін жақсы білетін осы саясатты іске асыруға қолайлы кеді. Шоқан Уәлихановтың батыс-сібір генерал губернаторының тапсырмасымен 1856-1857 жылдары ұлы жүз қазақтары мен қырғыздар арасында, қыайдың Жонғария даласына бару сапары да осы саясаттың жалғасы еді. Ол өз халқының тарихына, мәдениетіне, ауыз әдебиетіне,діни көзқарасына терең көз жібере зерттеп, он орыс, батыс зиялыларына таныстыруды мақсат етті.
Шоқанның қазақтың салт-дәстүрлері мен Діни наным-сенімдерін зерттеу еңбектерінің құндылығы: біріншіден, ғылыми ауқымының кеңдігімен көзге түсті. Ол XII-XIXғ.ғ. арасында өмір сүріп, бүкіл Шығыс халықтарының мәдени мұралары туралы еңбек жазып, пікірайтқан: Марко Поло, Бабыр, Рашиди, Махмуд Хайдари, Мейндорф, А. Левшин, т.б. батыс, шығыс ғалымдарының еңбектерін оқып, салыстыра отырып тарифи шындықтың бетін ашуга тырысқан. Екіншіден, Шоқан қазақ мәдениетін көрші өзбек, қырғыз, турікмен, қарақалпақ, монғол, қытай, татар мәдениетімен байланыстыра қарастырып, олардың бір-біріне тигізетін игі әсерін жан-жақты сөз еткен.Қай халықтың болмасын, жалғыз өзіне ғана тән салт-дәстүрінің болмайтынын, шаруашылық кәсібі мен мәдени тұрмыс-тіршілігі аралас елдердің бір –біріне тигізер әсерінің сөзсіз болатынын мұқият ескерген. Үшіншіден, Шоқан көне тарихи мұраларға сын көзімен арап бағалаған, сал-дәстүрлердің озық үлгілерін тозығымен ажырата талдаған. Шоқан еңбектерінің тағы бір құндылығы салт-дәстүрлер мен фольклорлық шығармалардың тәлімдік мәніне баса көңіл бөліп, он халыққа білім-беру ісімен байланыстыра зерттеген.
Әсіресе, қазақ халқының төрт түлік малды киелі жануарлар ретінде қасиеттейтініне, соның ішінде жылқы малын жеті қазынанаң бірі деп танып өте-мөте қадірлей тіліне сүйене арап, ұрпаққа беретін ұлттық тәрбиенің осы бір қасиетті бөлімін қастерлей білуді уағыздайды. Тіпті, мал сатқан қазақтың өз малының “ сілекейін сүртіп алып қалуы” малды сүю ғана емес, он киелі деп. есептеп мал. күту шаруашылығына келешок ұрпақты тәрбиелеудің белгілері деп. көрсетеді. Сон дай-ақ “аққуды атпа” , “үкіні үркітпе” “көк қарғаның ұясын бұзба”, “құстың жұмыртқасын жарма”деген тыйымдардың зор экологиялық-патриоттық тәрбиелік мәні бар екенін жастарға үлгі өнеге тұтады.
Шоқан Уәлиханов ел ішіндегі діни наным сенімдердің күшті кезінде өмір сүргеніне қарамастан, қараңғылық пен надандыққа қасты күрес ашты, қай халықтың болмасын салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарындағы озық үлгілерін ортақ мұра етюді мақсат тұтты. Ол мәдениет пен ғылымды бүкіл адам баласының бәріне бірдей ортақ рухани байлықтың қайнар бұлағы деп қарады. Ол бодандықтан құтылу жолдарын халыққа білім беру ісінен, ұлттық мәдениетті дамытудан іздеді. “Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, тез сөнген ” қазақ ғалымы өз халқының болашағына сеніммен қарап, әсіресе, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен игі дәстүрлерін бағалай біліп, ұлттың ұлы қасиеттерін дамыта беру қажет екендігін дәйекті материалдар арқылы дәлелдеп берді.