Оқу – тәрбие жұмысын есеп ке алу

Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады.

Оқытуды бақылау дегеніміз, бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік – ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет етеді. Ал ,екінші жағынан оқытуды бақылау дегеніміз мұғалімнің оқушылар білімін тексеруі мен бағалауы.Мектептерде логикалық қызмет әрекеттің нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне енгізілген

Мектеп ішіндегі бақылау қойылған міндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгізу мақсатында оқу – тәрбие процесін жан – жақты зерттеу мен талдау. Мектеп ішіндегі бақылау – күрделі де көп жақты процесс, ол да барлық тұтастықтар сияқты заңды тәртіп ретінде, бір – бірімен тығыз байланысты және әр қайсысы белгілі бір қызмет атқаратынбөліктердің тұтастығынан тұрады.

Қазіргі зерттеушілер бақылауға келесідегідей талаптар қояды:

  • бақылау мазмұнының талаптарға сәйкес болуы
  • алынған ақпарат мазмұнының обьективтілігі мен анықтылығы
  • оқушылар дайындығының негізгі элементтеріне талдау жасау қажеттігі
  • бақылау шапшаңдығы , жүйелілігі мен жариялығы
  • бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестіру

Алынған ақпарат көлемі бойынша бақылаудың келесі түрлерін ажыратуға болады:

  1. жаппай бақылау, мұғалім мен оқушының жұмысы жүйесінің негізгі компоненттері зерттеледі:
  2. тақырыптық бақылау, кез келген процестің бөлігі болып келетін мәселенің талдауымен байланысты

Бақылаудың үш түрі бар:

  1. Алдын ала бақылау: сабақ өткізу үшін әзірленген жоспарлар, материалдармен танысу; түсіндіру, бекітуәдістері мен формалары туралы, оқушылардың өзіндік жұмысының тәсілдері туралы әңгіме жүргізу:
  2. Күнделікті бақылау; сабақты немесе сабақтардың бақылау, оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын қарап шығу:
  3. Қорытынды бақылау; белгілі бір уақыт аралығындағы мұғалімнің оқушыларды оқыту мен тәрбиелеужұмысының нәтижелерін зерттеу. Журналдар, мәлімет тізімдерді тексеріп, бақылау жұмыстары, сұрақ – жауап өткізу.

2.Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексерудің негізгі әдістері

Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болып келген оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты оқушылардың оқушылардың оқу – жұмысын бақылау мен олардың үлгерімін есептеу. Мұғалімге оқушылардың білім, білік және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруі аз. Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақы — ой және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді.

Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестік, еңбекқорлық, ынталылық, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның сапасына деген жауапкершілік сияқты оқушы жеке тұлғасының басты қасиеттерінің қалыптасуы оқушылардың білімін тексеру мен бағалау қалай жүргізілуіне байланысты.

Оқушылар білімінің, білік және дағдыларының сапасын бақылау келесі элементтерден тұрады:

  • білімді бақылау, мәнін түсіну және есте сақтау деңгейінде тексеру, яғни оқушының сабақта мұғалімнен және өздігінен оқулықтан оқығанынан алған білім санын еске түсіре алуын тексеру;
  • білімдерді ұқсас жағдайда қолдану деңгейінде, яғни үлгі бойынша тексеру;
  • білімдерді ойлаудың кейбір дәстүрлі емес элементтерін көрсетуді талап ететін жаңа жағдайда қолдану деңгейінде тексеру

Оқушылардың білімінің, білік және дағдыларының сапасын бақылау келесі міндет пен мақсаттар арқылы анықталады:

  1. Оқушылардың белгілі бір пән бойынша білімдерінің шынайы жан – күйі және бұл білімдердің лайықты мемлекет бағдарламаларының талаптарына сай болуы.
  2. Тәжірибелік білік пен дағдыларды ұқсас және жаңа жағдайлар деңгейінде игеру дәрежесі.
  3. Бүкіл сыныптың немесе жеке бір оқушы білімінің нашар болуының себебі.

Процес ретінде білім , білік және дағдыларды бағалау жеке оқушыны бақылау

барысында жүзеге асырылады.

Білім сапасының сандық көрсеткіші мына формула бойнша анықталады:

— Z “4” және “5” бағалары бар оқушылар саны, n+ оқушылардың жалпы саны.