Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пән ретінде

  1. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі туралы түсінік

Дене тәрбесінің териясы мен әдістемесінің пайда болуы қоғамымыздың жақсы дене дайындығы бар адамдарға мұқтаждығы, дене тәобиесінің заңдылықтарын тануға деген ұмтылысты туғызды және сол негізде адамденесін жетілдірудібасқару жүйесін құруды қажет етті.

Тарихи өзінінің даму жолында дене тәрбиесінің әдістемесі мынандай кезеңдерден өтті:

Бірінші кезең- қозғалыс дағдыларын ағзаға әсері жөніндегі эмпиризмдік (сезім қабылдауларын, тәжірибені дүниетанудың бірден бір бұлағы деп тауып, теориялық қорытындыларды бағаламайтын, сол себепті құбылыстардыңм өзара байланысын және даму заңдылықтарын аша алмайтын философиялық ілім) білім кезеңі. Адам балсы оны күнделікті қимыл қозғалыста алады. Эмпиризмдік білімнің жинақталуы адамды “жаттығудың тиімділігі” түсінуге және тәжірибені өзгелерге беру әдістерін танып білуге әкелді.

Екінші кезең – дене тәрбиесінің ең алғашқы әдістерінің жасалукезеңі-ежелгі және орта ғсырлардағы құл иеленуші мемлекеттердің кезеңін қамтиды. Бұл әдістер тәжірибе жолымен жасалды.

Үшінші кезең – дене тәрбиесі туралы теориялықбілімнің тасқынды түрде жиналуы. Қайта өрлеу кезеңінен ХІХ ғасырдың аяғына дейінгі аралықты қамтиды. Адам туралы , оны тәрбиелеу және үйрету,оны емдеу туралы ғылымның дамуы филсофтарды, педагогтарды, дәрігерлерді дене тәрбиесі проблемаларына назар аударуға тартты. Жоғарыдағы аталған ғылымдардың өкілдері “Өзіндік” мәселелерді адам өмірінде дене тәрбиесінің атқаратын қызметін есептемей шешу мүмкін еместігін түсінді.

Төртінші кезең –біздің елімізде жеке ғылыми және оқу пәні есебінде дене тәрбиесінінің теориясы мен әдістерінің құрылу кезеңі. Бұл кезең ХІХ ғасырдың аяғы мен қазан революциясына дейінгі аралықты қамтиды және дене тәрбиесінгің проблемалары жөнінде аранаулы ізденістердің дамуы мен сипатталады. Дене тәрбиесі саласындағы ғылымдар арасында ең жарқын өкілдердің бірі П.Ф.Лесгафт (1837 – 1909) болды. Оның тарихтан, анатомиядан, биологиядан, педагогикдан, антропологиядан , дене тәрбиесінің теориясы мен әдісінен еңбектерінің көпшілігі прогрестік бағытта болды, сондықтан да жеке ғылыми және оқу пәні есебінде дене тәрбиесінің қазіргі теориясы мен әдісінің негізіне енді.

Бесінші кезең-қазан революциясынан бастап қазіргі кезеңмен өлшенеді. Дене тәрбиесінің пролблемалары мен арнаулы ғылыми жәнее оқу мекемелері, көптеген салалардың ғылымдары айналысуда.

Балалардың спорттық мамандануы – бұл тек спорттық-педагогикалық мәселеге ғана емес сонымен қатар әлеуметтік, психологиялық, биологиялық мәселе.

  1. Ғылыми зерттеу әдістері

“Методология ” грек тілінен аударғанда “әдіс туралы ғылым” деген мағынаны береді. “Метод” “әдіс” термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағнасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология зерттеу процесі туралы ілім ретінде түсіндіріледі. Ғылыми метологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақты ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдісі дегеніміз мазмұнының қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.

Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарының деректерімен толық сәйкестік барын көреді. Диалектикалық әдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықтың заңдылықтарын ашады.

Педагогикалық методологияның мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады. Қазіргі педагогика методологиясыныңпәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесін зерттеу процесі екендігі анықталған. Методологиялық білімдер жүйесінде: педогогика пәні, педогогиканың категориялары , педогогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педогогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысты, педогогика ғылымдарының жүйесі; педогогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педогогиканың анықтамалы- терминдік жүйесі жатады.

Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді.

  • тақырыпты үйлестіре (дифференцировать) және оның көкейкестілігін дәлелдей біледі;
  • ғылымдағы тақырырыптың зерттелу жағдайын және пайда болған қайшылықтарын анықтай білуде оларды тәжірибеде піскен сұрақтардың, жасалған теориялардың (разработкалардың сәйкес келмеуі);
  • зерттеу нысанасын талдамалардың , үйлестіре біледі.
  • Мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын ) нысана зерттеу пәнін анықтай алады.

  1. Дене тәрбиесі теориясындағы негізгі ұғымдар

Дене тәрбиесінің нәтижелілігіне жүйедегі барлық құрал және мүмкіншіліктерді пайдаланғанда ғанажетуге болады, деген мен оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін шешу де дене жаттығуларының үлесіне көп салмақ түседі. Бұл жағдайлар бірнеше себептерге байланысты :

  • Педагогиклық қызметтің көптеген түрлерінің ішінде тек дене тәрбиесінде ғана жаттығушының денені жетілдіруге және сол қимылды игеру үшін орындауға батытталған оқыту, үйрету процесін аңғаруға болады
  • Дене жаттығулары организмнің морфофункционалдықжағдайына әсер етумен шектелмейді, сонымен қатар орындаушының жеке баына да өз әсерін тигізеді.
  • Дене жаттығулары қозғалыс қозғалыс жүйесі есебінде адамның ойы мен сезімін, оның өзін қоршаған ортаға қатынасын білдіреді. Бұл қағида И.М.Сеченовтың сөзінде нық көрсетілген “Ми қызметінен тысқары пайдаболғандардың … бұлшық ет қозғалысына келіп тірелуі мүмкін” дегенді
  • Дене жаттығулары дене тәрбиесі саласындағы ғылыми және практкалық табыстарды, қоғамдық тарихи тәжірибені берудің бірден-бір әдісі
  • Дене жаттығулары адамның қозғалыскезінде табиғи қимыл қажеттілігін толығынан қанағаттандыруы мүмкін.