Психология ғылымының дамуы

Жантанудың дербес ғылым болып қалыптасу кезеңіне де қазақ ғалымдары іргелі теориялық биіктен көрінбегенімен шама-шарқынша үлес қоса алады. Мәселен, сонау жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ Ж. Аймауытов осы саладан төрт кітап «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау», «Комплексті оқыту жолдары» жазды, ал, дүлдүл ақын М. Жұмабаев «… қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысу мақұлы сөздің өзінің педагогика атты кітабындағы психологиялық түйіндердің неізгі арқауы еді.Қазақстандағы психология ғылымы әсіресе ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады, мәселен 1946 жылы қазақ педагогика институтында тұңғыш рет психология кафедрасы 1947 жылы қазақ университетіндегі логика және психология ғылымдарыны дайындайтын арнаулы бөлім ашылды. 1951-53 жылдары осы бөлімде жүзден астам түлектер бітіріп шықты. Олардың көпшілігі психология мамандығын иеленіп еліміздің оқуорындарында ғылыми мекемелерде қызмет ете бастады.Осы жылдары республика үшін психологтар дайындауда профессор Тажібаев пен профессор Стычинскии зор үлес қосты.Осы кездегі психология ғылымдарынан бірнеше десертация қозғалды.Соңғы 50 жылдары ішінде көптеген ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары жарыққа шықты. Оларың қатарына М.Мұхановтың Ақыл-ой өрісі, Қ.Жарықбаевтің қазақ психологиясының тарихы шықты. Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыпитары қолға алынып ,оларды өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр.Осы тұрғыдан келгенде ауыл,село мектептепінің әлеуметтік психологиялық мәселесі мал шаруашылығына қажетті мамандардың сондай-ақ жаңа типтегі, лицей, гимназия колледж, медресешәкірттерін оқытып тәрбиелеудіңпсихологиялық проблемалары талантты,дарында оқушылардың өзіндік психологиясын ,қос тілділік пен көп тілділіктің психологиялық астарларын зерттеу нарық экономикасына көшуге байланысты туындайтын мол алуан психологиялық жәйттар өз шешімін күтіп тұрған өміршең проблема болып табылады.