Дамыта оқытудың Л.В. Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктермен, өзгешеліктермен айқындайды.
- оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;
- мақсаттағы айырмашылықтар;
- дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;
- әдіс – тәсілдердегі ерекшеліктер;
- оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
- мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;
Л.В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы дамыту. Ал жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс – әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай – ақ ақыл, ерік – жігері, сезімдерінің дамуы алынады.
Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл жүректің сөз таластыруына тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби – публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.
Мазмұндағы өзгерістер оқу жоспарын тарих, география сияқты пәндердің енуімен қамтамассыз етеді. Ал дәстүрлі пәндердегі сабақ материалдары пропедевтикалық бағытта тереңдей ұсынылады. Бұл жүйе бойынша “негізгі, қосымша” пәндер деген ұғым жоқ. Әр пән баланың жаңа қырларын ашып, оны дамытуға өзінше үлес қосады деп табылады. Және олар бір – бірімен тығыз байланыса отырып, қоршаған дүниені тұтас күйінде қабылдауға әсер етеді деп саналады.
Л.В. Занков жүйесі дәстүрлі оқыту жүйесінен басқаша дидактикалық принциптерге негізделеді. Енді ерекше тоқталуды қажет ететін кейбір принциптердің мәнін аша кетейік.
- Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық процестің компоненттері |
Мазмұнындағы басымдылық |
|
Дәстүрлі иллюстрациялық -түсіндірме әдісі |
Дамыта оқыту |
|
Мақсат | Оқушыларға білім, білік, дағды қалыптастыру | Байқампаздығын ойлауын практикалық әрекеттін дамыту |
Бастапқы мазмұн | Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер | Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту |
Оқытудың формалары | Жеке, топтық, фронтальді | Бірлескен ұжымдық іс – әрекет |
Оқыту әдістері | Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық | Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік |
Бақылау, бағалау | Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы | Өзін – өзі бақылау, өзін – өзі бағалау, рефлексия |
Барлық осы технологиялардың көрнекті өкілдері ішінен Ш.А.Амоношвилиді–бастауыш сынып оқушыларын эксперименталды оқыту-жаңашалап атау керек. Ш.А.Амоношвили өзінің эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық педагогикасын, жеке тұлғалық бабын табу бағытын, тіл мен математиканы, есепті оқытудың бір реттілік әдістемесі кµрнекті. Оның педагогикалық іс–әрекетінің өзіндік қорытындысы, “О начальной ступени образования, построенного на принципах гуманноличностной педагогики” деген еңбегінде баяндалған.
Академик М.П.Иванов–коммунарлық тәрбие әдістемесінің, коллективтік істің әдістемесінің авторы- қазіргі жағдайда А.С.Маренконың идеясын дамыта түседі. Жаңашыл–педагогтың тәжірибесіндегі басты әдістемелік колективтік еңбек ісінің ерекшелігі–ол тұлғаның субъктивтік позициясы.
Санкт–Петербургтағы №84 мектептің әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Н.Ильин әдебиет сабағын өнер және адамгершілік–этикалық курс ретінде берудің, жүргізудің бірегейлі, соны концепциясын жасады, ол әрбір оқушыға адам болып қалыптасуына көмектесті. Ұстаз мақсатты басшылыққа ала отырып, жасөспірімге өз күшін тексеруге, оның өзіндегі ең жақсы тұлғалық қасиеттерін дамытуѓа, гуманизмнен адамзаттық биіктеріне әкелуге көмектеседі. Е.Н.Ильиннің әдебиет сабақтары–ол жай жұмыс емес кестедегі сағат емес.
СССР халық мұғалімі В.Ф.Шаталов дәстүрлі сынып–сабақ тәсілімен оқытудың әлі де болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытудың интенсивтендірудің технологиясын жасап практикаға кіргізеді.
В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс–әрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға , дербес ерікті танымдықты тәрбиелеуге, әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілік сезімін, өзінің күштері мен қабілеттеріне сенімділік нығайта түсуге мүмкіндік береді.
Жаңашыл–педагог И.П.Волков творчестволық дамытатын оқытудың технологиясын жасап жүзеге асырады, осыған сай тұлғаның творчестволық қабілеттері баланың оқудан тыс іс–әрекетін еркін таңдап алу негізінде бірізді қалыптасады.
Қ.О.Бітібаева (¤скемен ) практика жүзінде ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асырады. Ол үшін ынтымақтастық педагогикасы-ол адамгершілік педагогикасы. Оның көптеген оқушылары өздерінің ұстазының ізін басып отыр. Олар әдебиетті, Қ.О.Бітібаеваның ойлауынша, даналық сабағын аттап өте алмайды.
Қазіргі білім беру технологиялары санатындағы дамытатын, жетілдіретін оқу технологияларын көрсеткен жөн. (Д.Б Эльконин –В.В. Давыдов,Л.В.Занков, Г.С. Альтшуллер және т.б.) Дамытатын оқыту белсенді іс–әрекеттенген оқыту типі. Дамытатын оқыту дамудың заңдылықтарын ескеріп қолданады, индивид деңгейі мен ерекшелігіне бейімделеді, тұлғаның мұралық нышандарының дамуына дем береді, бағыттайды және тездетеді, баланы толық құнды іс–әрекеттің субьектісі ретінде бағалайды.
Жаңашыл педагог Н.А.Зайцев сауаттылыққа ерте оқыту және интенсивті оқыту технологиясының авторы болады, бұл технология өте жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін сауаттылыққа оқытудағы принципиалды жаңа бағытқа негізделген.Н.А.Зайцевтің технологиясының мәні сонда, ол оқу процесін бала дамуын табиғаттың негізіне сүйене отырып, қатынас және іс–әрекет арқылы болатын танымдық күшін жан –жақты үдету арқылы жасайды.
“Преемственность ” бағдарламасының авторы В.Н. Зайцев бастауыш мектептегі жалпы оқу біліктерін дамыту технологиясын негіздеді. Бұл технологияның негізінде –дигностика және өзін–өзі диагностикалау, сабақтастық, білім дамуында жеткен денгейді тұрақты қолдау жатыр.
Қазіргі замандағы білім беру технологиялары компьютерлік оқыту (жаңа информатиктік ) технологиясы жатады.
Компьютерлік оқыту формаларын қолданатын қазіргі деңгейдегі дамыған телекоммуникациялар, дистанциондық технологиялар информациялық технологиялар, алдағы жүзжылдықта оқыту процесінің даму негізін құрайды.
Дистанциондық білім беру жүйесі университетердің ғылымижәне білім беру мүмкіншіліктерін нағыз үлкен оқушы аудиториясы үшін толық қолдануға жинаған тәжірибесін информациялық оқыту технологияларды жүзеге асырумен қолдану үшін толқ қолдануға жинаған тәжірибесін информациялық оқыту технологияларды жүзеге асырумен қолдану үшін мүмкіндік береді.
Дистанциондық білім беру (Д.Б.б) үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы болады, ол әр түрлі оқушылар категорияларына бірдей мүмкіншілік беруге жағдай жасайды.
Біздің республикамызда 1998 жылдан бастап иесі аталған мектептер кеңінен Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігі бекіткен “Республикалық иесі аталған мектептердің ережелері ” негізінде ашылды. Олар СССР халық мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Айтқалиев Құсайын Айтқалиұлының мектебі; Бучина Валентина Людвиговичтің өнермектебі, биология пәнінің мұғалімі Очкур Елена Афанасьевнаның мектебі, бастауыш сыныптарыныњ мұғалімі Мор Галина Яковлевнаның мектебі; Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі, орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Фокин Юрий Павловичтің мектебі. Республикалық иесі аталған мекептердің мақсаты тұлғаның өзін –өзі көрсетуге ең жақсы режим жасау, оқытудың бірегейлі және тиімді “технологиясын” іздеуге қолдану жасау болады.