Негізгі ұғымдар: технология, педагогикалық технология, біртұтас педагогикалық процесс, инновациялық мектептер, сабақ, творчество (шығармашылық), творчестволық іс – әрекет, мұғалімнің шеберлігі.
- Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар.
Қазіргі кезеңдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттерде ғылыми–техниканыњ процестің жетістіктері мен білім беру саласына “жаңа компьютерлік технологияларды” енгізумен бірге келген “технология” деген ұғым жиі кездеседі. Ғылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт XX ғасырдың 60 – шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.
Барлық жасалған және қазіргі күнде адамның қолданып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік, өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикізатын қайта өңдеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім “шығуында” белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу процесін атайды.
Педагогикалық іс – әрекет саласына “технология” деген сөздікті енгізу “индустриялдық” технология (Ф.Б. Гильбрейт, Ф.У. Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В.П.Беспалько, П.И. Пидкасистый және т.б.) қолдайды. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс – әрекетін (Т.А. Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Бірақ, егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте–бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне әкелетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша технологиялар ұстаз іс – әрекетінің жеке жақтарына сай жасалды, қолдан істелген конструциялар ретінде жасалынады. Ғылыми әдебиеттердегі бар терминдер технологияны жасаушылардың дара, жеке мәселелерге (проблемаларға), білім меңгеруге бағытталған оқу моделі жағына өлшеп жасалған.
Назар аударған: (оқыту технологиясы, ойын технологиясы, тест жасау информативтік – оқыту технологиясы, дистанциондық оқыту технологиясы, рейтингілік оқыту технологиясы және т.б.) (Г.К. Селевко).
Шындығында педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жасаушылардың “ұстаздар – оқушылар” жүйесінің ерекшеліктерімен ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешіліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Егер кәсіби іс–әрекетке жеке өзгерістер енгізілсе, еңбек саласында түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін емес. Бұл тағы да “технология” ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.
Бар және жасалынатын жаңа педагогикалық технологияны бағалаудың негізінде: концептуальдық. Ұстаздық қатысы бар заттық саласының мазмұнын түсіну ұстаздың қатысы бар; ұстаз іс – әрекетінің соңғы парадигмасының нақтылығы; жалпы технология және оның ішінде жеке және педагогикалық технологияның қайда жасалынатынымен және қолданылатындығының саласының ұғымына сипаттама болып отыр.
“Технология” деген термин гректің түп тамыры techne — өнер, шеберлік, кәсіп және loqos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестерді жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б. Бұл осы термин өнімді өндіру процесі барысында жүзеге асырылып, шикізатты материалдарды немесе жартылай фабриканттарды өңдеудің, жасаудың, жағдайларын, қасиеттерін, формаларын өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде міндеті – практикада өндіріс процестерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және тағы басқа заңдылықтарды анықтау. Міне осыдан бірқатар өте маңызды айқын анықтамалар туады:
– технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерініњ байланыстары мен қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу керек;
- еңбек затын өңдеу тәсілдерін білу;
- еңбек затының жағдайын анықтай білу (диагностика);
- еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін (әрекет тізбегін) жасау.
Негізінен ең алдымен көрсетілген технологияның белгілері педагогикалық еңбектің технологиясы дегеніміз не екенін анықтау береді.
“Білім беру” ұғымына берілген анықтамалар педагогикалық технологиялар, егер олар білім берудің мақсаттарына – біртұтас педагогикалық процестегі тұтас тұлғаның қалыптасуына қызмет еткен жағдайда, анықталатындығын көрсетеді. Демек, педагогикалық технология егер ол”педагогтар – оқушылар” жүйесінің ерекшелігіне оның жағдайының өзгеруі біртұтас педагогикалық процесс болатындығына негізделе отырып жасалған.
Қазіргі уақытта “педагогикалық технология” ұғымы әр түрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В.П. Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пеадагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың объективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды. Бірақ бұл анықтамадағы көрсетілген бір–бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процестері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым, және ол біртұтас педагогикалық процеспен байланысты. (Ильин В.С.), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек.
Педагогикалық технологияда берілген басқа да анықтама бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П. Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс–әрекетінің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қорытындылау (Г.К.Селевко). В.Н.Бордовская мен А.А Реанның көрсетуінше, білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс–әрекеттеріне, ол мақсат мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.
Г.М. Құсайыновтың есебінше, педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа – ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен оқу жоспарларымен бағдарламаларында ескерілген іс – әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.