Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әр бір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш – қуаты мен саясатына тәуелді екені белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты — әр бір тұлғаны әр жақты етіп тәрбиелеу. Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс — әркеті мен мәдениет субъектісі, басқаша айтқанда іс — әрекеті мен қарым – қатынас иесі.
Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін айқын байқауға болады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының бір тұтатығы деп түсіну керек.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері — теориялық білімді еңбекпен, өмірімен басланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық білімменқаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет. Осыған орай, тәрбиенің негізгі мақсаттары: а) жастардың өмірге ғылыми – материалистік көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан – жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптырына сай тәрбиелеу.
Дүниетаным дегеніміз адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсінуін және онымен қарым – қатынасын, оның барлық іс — әрекеттерінің бағытын бейнелейтін көзқарастарының жүйесі. Ал дүниеге көзқарас дегеніміз дүниенің даму заңдылықтарын ғылым негізінде ашатын көзқарас.
Дүниеге ғылыми көзқарастағы адамдардың басты қасиеттері өзінің Отанына берілгендігінде жанқиярлықпен күресуге әзірлігінде. Мұндай көзқарас болмайынша, адам өз өмірінің мақсаттарын, халқымыздың жалпы күресіндегі өз орнын дұрыс түсіне алмайды.
Бастауыш мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл – ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезімі, талғамы артады. өмір жастарды осы заманғы ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркендеу дәрежесіне қарай жан – жақты тәрбие міндеттерін талап етеді. Қоғмдық және мемлекеттік өмірдің түрлі салаларында белсенді етуге қабілетті, сана – сезімді және жоғары білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап шығаруды көздейді.
Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру қажеттігі туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектепбасшылары мен педагог арасындағы қарым – қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл – ой тәрбиесі, құлақ тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық ьжәне дене тәрбиесі т.б.
Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін — өзі дамытып, барлық іскерлігі мен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әр қашанда дайын болу қажет.
- Тәрбие процесінің мәні мен заңдылықтары.
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, отбасы, көше, ресми емес топтар т.с.с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы менынта – ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдың себептерін біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.
Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында іс — әрекеттің сипаты маңызды рөл ойнайды. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама – қайшылықтар тән. Олар: сыртқы және ішкі қарама – қайшылықтар.
Сыртқы қарама — қайшылықтар қоғамда объективті белгіленген ережелер мен баланы қоршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлеспеуден көрінеді. Сыртқы қарама – қайшылыққа оқушының өзіне қойылатын талап пен нақты тәртібінің арақатынасы жатады.
Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өзді — өзінің қатынастарын жасауға және олардың шеңберін кеңейтуге бағытталады. Тәрбиенің мәні — адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен пракикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі мынандай педагогикалық міндеттерді шешуді қамтиды:
- Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау, жұмысын реттеу.
- Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру.
- Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу.
- Қорытынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны әдепкі берілгендермен салыстырып, қол жеткен нәтижені талдау, анықтау.
Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс заңдылық деп аталады.
Тәрбиенің заңдылықтары:
- Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік – экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің қалып дамуына игі әсер етеді.
- Тәрбие мен өзін — өзі тәрбиелеудің бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым – қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін — өзі тәрбиелеу белсенділігі.
- Тәрбие іс — әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші рөлі заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру іс — әрекетіне байланысты. Іс — әрекеттің мынандай түрлері бар. Олар: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық – саяси іс — әрекеттері т.б. жатады.
- Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы. Жас ерекшеліктері мынандай жағдайда еске алынады:
а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын
т.б. жасаған;
ә) ағзаның дене және психикалық дамуына байланысты;
б) оқу, тәрбие процесінде.
Жеке адамның дербес ерекшеліктері;
а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик) ;
ә) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер.
Қабілет – адамның түрлі іс — әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.
- Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы заңдылығы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады. Көрнекті педагогтар Н. К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А Сухомлинский ұжымдық қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздерін жасады.