Психикалық таным процестері

Түйсік— материялдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің бізідің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйсіну-дегеніміз- дүниені танып білудегі бейнелеу процессінің алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмайды. Ол біздің айналамызда, ішкі жан дүниемзде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процес. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сол шындық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік- сыртқы әсердің сана фактіссіне айналуы, обьективтік дүниенің субьективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдағы- осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де дамға осы баспалдақ арқылы жетеді.

Адамның дүние шындығы мен болмысын танып білуі- диалектикалық жолмен дамитын аса күрделі процесс. Түйсік, қабылдау, елес бейнелері адамның “ нақты пайымдау ” не “ тікелей таным процессі” деп аталатын дүниетанымдық сатысына жатады. Мұндай таным процесстері сыртқы заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуінен пайда болып, шындықты, ақиқатты бейнелеудің сезімдік сатысы делінеді. Түйсік- тікелей танымдық процесс. Адамның дүниені танып білуінің жоғары сатысына жататын процесстер – ойлау, қиял-ес, те түйсікке сүйене отырып дамиды.

Түйсік қарапайым психикалық процесс деп аталғанымен, ол- адамның шындық пен болмысты дұрыс бейнеленуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу қызметі. Физиологиялық жағынан сезімдік таным процессі бірінші сигнал жүйесінің қызметі. Физиологиялық жағынан сезімдік бейнелеу түрлері- түйсік, қабылдау, елес сапа жағынан жануарлар мен адамдарда бірдей емес. Егер сезімдік процесстер жануарлар дүниесінде олардың қоршаған ортаға бағдарлануын ғана қамтамасыз ететін болса, ал адамдардың сезімдік таным процесстері еңбектену әрекетімен ұштаса отырып, бейне мен сөздің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болып отырады. Дүниетанудың, жлпы таным процессінің жоғары сатысы- абстрактылы-теориялық ойлау. Ол- тек адамға ғана тән қасиет. Абстрактылы- теориялық ойлау сезімдік танымға негізделіп, өзі танып білген бейнелердің мән мазмұнын еңбектену процессіндегі іс-әрекеттері мен ұштастырады. Бұл жайт адамның танымдық процессінің сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, адан тәжірибеге қарай көшіп, үнемі қайталанып дамып отыратындығы көрсетеді.

Адамда табиғи қажеттіліктермен қаатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады. Басқа адамдар мен сөздік қарым-қатынас қажеттілігі, еңбекке деген қажеттілік, мәдени қажеттіліктер ( кітп және ұнқағаз оқу, радио, теледидар тыңдау, музыка тыңдау, киноға және театрға бару) болады.

Адам қажеттілігі- адамзат қоғамының қоғамдық- тарихи дамуының жемісі. Осы даму үрдісінде адамдардың табиғи және рухани қажеттіліктері пайда болды, һөзгерістерге ұшырады және күрделене түсті.

Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу- бұл адамның белгілі бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылығы. Қызығудың мәні орасан зор: білімді меңгеруге, ой- өрісін кеңейтуге, адамды терең білімді меңгеруде оның белсенді жолдары мен тәсілдерін іздестіруге, қиындықтар мен кедергілерді жоюға итермелейді.

Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және тиімділігі бойынша сипатталады. Жан-жақты, ауқымды тар қызығулар болып бөлінеді. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үлкен ауқымды және жан-жақты қызығуды қажет етеді. Қызығудың тарлығы адамда бір немесе екі шектеулі және тұйықталған қызығу ғана болады.

Терең қызығу нысанды, оның барлық бөліктерін жеткілікті зерттеу қажеттілігі болып табылады.