Психолгия пәні. Психологияның даму тарихы туралы мәліметтер

Біздің психикалық өмірімізді рухани дүниемізді психология ғылымы зерттейді. «Психология» сөзі гректің екі сөзінен пайда болады: «псюхе»- жан, психика және «логос»- ғылым ілім. Олай болатын болса, психология- адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.

Психикалық өмірдің құбұлыстары жан- жақты, бірақ олар бір- бірінен томаға тұйық өмір сүрмейді, бір- бірімен байланысты.

Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі- барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі – бір шәкіртерді дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісі дұрыс ұйымдастыруға болады.

Сонымен, психология- психика және оның қалыптасу және даму заңдылықтары туралы ғылым. Психология ертеде қалыптасқан ғылымдардың қатарына жатады: ол 2500 жылдан астам бұрын ертедегі Грецияда пайда болған.

Ертедегі гректің данышпан ғалымы Аристотель өзінің «жан туралы» атты еңбегінде алғаш рет психикалық құбылыстарға бір жүйелі талдау жасайды. Аристотелді психологияның негізін салушы деп атауға болады. Екінші жағынан, психологиялық құбылыстарды және оның заңдылықтарын ғылыми эксперименталдық түрде зерттеу шын мәнінде XlX ғ. Ортасынан бастап, қалыптаса бастады.

Психикалық құбылыстар 3 үлкен топқа жіктеуге болады:

Психикалық үрдістер.- бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс- әркетті меңгереді. Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезім, және эмоция, ерік.

Психикалық қасиеттер— бұл адамдардың бір- бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.

Психикалық жағдайлар психикалық іс— әрекеттің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс- әрекеттің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс- әрекеттің жамісі орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің негізгі саласы болып табылады. Мәселен, белсенділік немесғе енжарлық, шаршау, стресс т.б. психикалық жағдайлар. Барлық психикалық құбылыстар бір- бірімен өзара байланысты.

Ғылымдар жүйесінде психология ғылымына қандай орын беріледі, басқа ғылымдарда психологияның мәліметтерін пайдалану мүмкіншіліктерін түсінуге көп нәрсе байланысты немесе керісінше, қандай деңгейде психоолгия басқа ғылымдардың нәтижесінде пайда болады? Қоғамдық ғылымдардың ішінде философия , саяси экономика, тарих, өнертану, педагогика ғылымдарымен байланысты.

Психологияның негізгі міндеті адамның психикалық іс- әрекеттің заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Психоолгияның заңдылықтары көрсеткендей, адам миында объективтік дүниені қалай танып білуге болады? Психологиялық заңдылықтар, психикалық іс- әрекет қалай дамиды, жеке тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасады, міне, осыларды ашып көрсетеді.

Психология психикалық үрдістерді мидың бейнелеу іс- әрекеттің негізі болып ьабылатын жүйке- физиологиялық үрдістермен бірлікте зерттейді.

Қазіргі адамзаттың алдында тұрған жаһандық проблемаларды шешуде де психологияның атқараар жүгі ерекше. Бүгінгі күннің ғаламдық проблемаларының психологиялық астарын анықтауда сақтау үшін күрес, қоршаған ортаны қорғау, космосты, оның ішінде, адамдардың күнделікті өмір мәселелері психология ғылымыныңалдында тұрған басты міндеттерінің бірі болып есептеледі. Психологияның адам туралы ғылымдар жүйесінде алатын орнын бағалай келіп, проф. Б.Ф.Ломовтың айтуынша, зерттеу нысаны адам туралы барлық ғылыми пәндердің интеграторы психологияның алатын орнын дұрыс бағалады.