Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы.

Адам жөніндегі басқа ғылымдардағыдай педагогика үшін де ең басты мәселе – жеке адамның дамуы және сол дамудың көзі мен ықпал күштері. Идеалистік және материалистік ағымдар бұл туралы әртүрлі тұжырымдар пайымдауда. Ғылымда ежелден бір – біріне қарама – қарсы келе жатқан теориялық пікірлердің дұрыс – бұрыстығына баға беруді оқырманның өзіне қалдырған, оларға тек қана объектив сипаттама беруді өз міндетіміз деп есептейміз.

Идеализм өкілдері, қай бағыттағы болмасын, жеке адамның қалыптасуын алдын – ала болжастырылған бағдарлама теліп, ол бағдарламадағы сапа мен қасиеттер өз бетінше өріс алатынын уағыздайды.

Ал тәрбие олардың ойынша, жәрдемші роль атқарып, сол бағдарламаның іске асуына көмектесуші ғана құрал.

Қазіргі заманғы идеалистік философия, психология мен педагогика, әлеуметтік төңкерістер мен күйзелістерге толы қоғам жеке адамның тозуына себепші, сондықтан да адам өзінің шын кемеліне жету үшін қоғамммен байланысын үзу қажеттігін дәріптейді. Бұдан шығатын қорытынды: адамдық мән рухани және әлеуметтік бостандықты алу үшін күрес емес, өз болмысының шын, ең жоғары сыр мағынасын тану (экзистенциализм) немесе тәңірлік кемелге жақындау (неотмизм).

Идеалистік педагогикада жеке адам дамуы жөніндегі пікір- сайыста бірнеше теориялық консепциялар бар. Олар: биологизаторлық бағыт: адамның дамуы оның табиғи (биологиялық) жетілуімен байланысты, соның барысында оның дене құрылымы мен рухани қасиеттері қалыптасады. Адамдар арасындағы моральдық қатынастар биологиялық негізде орнығады (Аристотель, Ф. Мюллер, Э. Геккель, Ш. Летурно, Ч. Ломброзо). Психоаналитикалық бағыт: жеке адамды қалыптасуда қоғам зиянды. Адамның дамуы мен оның мінез- құлқы толығымен жыныстық инстинктке тәуелді (З. Фрек). Фрагматикалық бағыт: адамның психикалық дамуы тума инстингтерге байланысты, әрбір адамды тұрақты нәсілдік қасиеттерді сақтаушы ерекше саналық гендер болады. Сондықтан да жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын иеленуі олардың биологиялық болмысымен анықталуы тиіс, себебі әртүрлі халықтар мен нәсілдердің бірі табиғатынан дарынды, ал екіншілері- кемірек дамыған (Дж. Дьюи, Э. Л. Торндайк).

Материалистік бағыттағы философия және оның көрнекті өкілдері жеке адамның дамуы мен қалыптасуы туралы:

  • ежелдгі грек философы Эпикур: адамның қоғамдағы иеленген орнының әртүрлі болуы оның табиғатынан емес, тұрмыстық жағдайымен таптық тұрғысынан;
  • француз философы Гельвеций; адам қоршаған орта, нәсілдік және тәрбиеге байланысты біртұтас әсерлердің нәтижесінде қалыптасады. Соның ішінде аса маңыщдысы- тәрбие;

В. Г. Белинский; адам табиғаттан, бірақ оны дамытып, жасайтын қоғамнан;

  • Н. Т. Чернышевский: адамдарды бұзықтыққа келтіретін табиғат не олардың нәсілдік кемістігі емес, қолайсыз қоғамдық жағдайлар мен жаман тәрбие.

Осы күнгі педагогикалық жеке адам дамуы жөнінде қалыптасқан ой-пікірлер төмендегіше:

  • Адамның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуына, оның дамуға деген табиғи қабілеті аса маңызды. Әр адам іс-әрекетінің түріне негіз болар нышанмен дүниеге келеді, сондықтан да адамның биологиялық және әлеуметтік даму мүмкіншілігі бір-бірімен тығыз байланыста, бірақ әлеуметтік фактордың рөлі басымдау.

Жеке адамдық дамудың ықпалы кең – тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекші фактор.

Акселерация құбылысы.

ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың басынан дүние жүзіндегі көптеген елдердің ғалымдары балалардың дене және психикалық дамуының тездеуін – акселерация құбылысы деп атап көрсетті. Демек, акселерация физиологтарыдың, педагогтардың зеттеу обьектісіне айналды.

Біздің елімізде, мысалы, соңғы қырық жылдың ішінде 13 жастағы ересек балаларды өткен уақыттағы құрдастары мен салыстырғанды, олардың бойы 6 – 7 сантиметрдей биік, салмағы 6 – 7 кг- дай артық. 16 жастағы ер және қыз балалардың бойының 15 –20 см- дей биік, салмағының 15 – 16 кг артық болатындығы, жұмыс мүшесінің 2, 3 жыл бұрын жетіле бастайьындығы байқалады.

Акселерация құбылысы тұрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншектік шақтағы балалардың бойы биік, иықтары қисыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген оганизм ауруға, суыққа және дене салмғына төзімсіз келетіндігі бірті – бірте анықталуда. Ер жетуге дейінгі ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осынгдай тез өсетін организмде жүрек – тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да өзінің міндеттерін атқара алмайды.

Зерттеулердің қуаландыруына қарағанда дененің дамуы мен жыныс мүшесінің жетілуі тездейді. Ал баланың психикалық жетілу деңгейі артта қалады. Осыған орай, ер немесе қыз бала қоғам, жанұя алдындағы өзінің борышын, ар – намысын міндеттерін толық жауапкершілікпен түсіне бермейді. Сондықтан да олар жанұя құруға материалдық және моральдық жағынан әлі дайын емес. Бұл мәселені ата – аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер ерекше ескертулері керек, өйткені 17 –18 жасқа толған жастар арасында ерте үйленушілік әдетке айналуда.

Қазіргі кезеңде акселерация жайлы әртүрлі жорамал ойлар бар. Акселерация күн радиациясымен байланысты, сондықтан организм витаминдерді тез синтездейді деген пікір айтылуда. Егер олай болса акселерация құбылысы неге терістік аудандарда байқалады? Не себепті күн астында көп жүретін село балалары қала балаларына құарағанда баяу өсіп жетіледі? Кейбіреулер акселерация құбылысын мал майлары мен белоктағы тағамдар арқылы көбірек пайдаланудан деп түсіндірелі. Олай болса, мал майлары мен белоктары бірнеше рет аз мөлшерде пайдаланатын Жапония балаларының тез өсіп жетілуін қалай түсіндіруге болады.Акселерация космос және радио тербеліс толқыны дәрежесімен, ақпарат тасқынымен байланысты деушілерде бар.

Әрине акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек. Өйткені бұл әлі де жан – жақты зеттеуді қажет ететін проблема. Деген мен акселерацияға байланысты кейбір мәселелердің дұрыс шешілуі ойластырылуда. Мысалы, меатеп мебельдерінің , сырт және аяқ киімдерінің үлгілері , дене шынықтыру мен жаттықтыру комплекстерінің қайта қаралуы т.б. Сонымен бірге акселерация құбылысының ақыл – ой дамуына да ықпал жасайтындығы байқалуда.