Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен дамуы

  1. Бітірушінің білімділіг мен біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар.

Бітіруші маман төмендегі талаптарға жауап береді:

  • әлеуметтік – гуманитарлық , психолгиялық – педагогикалық ғылым саласындағы негізгі ідімдерді біледі, әлеуметтік – мәнді проблемалар мен үрдістерді ғылыми қабілеттілікпен талдай алады, осы ғылымдардың әдістерін әр түрлі кәсіптік – педагогктік және әлеуметтік іс – тәжірбие қолдана алады;
  • адамның адамға, қоғамға қоршаған ортаға қарым – қатынысын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларын біледі, оларды шешу үшін өзі игерген ғылымдардың әдістерін қолдана алады;
  • іскерлік экономикасы, маркетинг, менджмент негіздерін біледі, оқу — өндірістік жағдайларда іскерлік іс — әрекеттерді, ұйымдастыра алады;
  • білім беру салсын, мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жалғастырушы, айрықша гуманитарлық іс — әрекет салсы ретінде түсінеді;
  • білімін (дайындық профилінің пәндері бойынша) қажет ететіндерге бейімдеп жүйеге келтіре алады;
  • басқа адамдарға жалпытехникалық және арнаулы пәндерді оқытуға, оларда дайындық профилі бойынша еңьек дағдысын қалыптастыруға және ағарту мен мәдениет жұмыстары кіретін гуманитарлық саладағы іс — әрекеттерге баулуға дайын болады;
  • өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра алады, кәсіби – педагогикалық салада қолданылатын ақпарды жинау, сақтау және өңдеудің компьютерлік әдістерін игерген.
  • жеке адамды кәсіби – еңбекке тарату процесінде негізгі тұлға болуға дайын;
  • төмендегі жұмыстарға теориялық және практикалық тұрғыдан дайын: профиль бойынша қолданылатын техника мен технология, өндіріс негіздері, кәсіби – еңбекке баулудың теориялық негіздері бойынша іргелі білімді қажет ететін кәсіби іс — әрекет түрлеріне өздігінен бейімделу; оқушыларды еңбекке баулу және кәсіпке дайындау жөніндегі пәнаралық жобаларды жасау; жаңа бағдарламалады, оқыту технологиясы мен тәрбиелеу жүйелерін түзу; өзінің мәдени қажеттігін өз бетінше білім алып және дамыту жолымен қанағаттандыру;
  • халықтың қоғамдық – мәдени бөлігіне қажетті жоғары азаматтық және адамгершілік қасиеттері болады.

Пәндер циклдары бойынша білім және біліктілікке қойылатын талаптар.

  1. Жалпы әдеуметтік – гуманитарлық пәндер циклы бойынша қойылатын талаптар.

Бітіріуші:

а) философия, психология,педагогика, тарих, мәдениет тану салдарында,

-дүниетаным мен тіршіліктік ғылыми, философиялық және діни беинеленуі туралы, адам қызметі мен өмір сүруі туралы түсінігінің болуы,

-тәрбиелеу және білім беру барысында бала мен жасөспірімнің психикасының даму негіздері, жеке технологиялық ерекшеліктерін, адам қарым-қатынасына әлеуметік-психологиялық әсер ету механизімін білуі;

-кәсіби оқыту процесінің психологиялық негіздерін жасап, оны ұйымдастыра біліуі, жеке адамның қасиеттерін анықтай отырып, оның өздігінен жетілуін басқара білу;

-адамды мақсатты түрде қалыптастыруға бағытталған, қазіргі уақыттағы іс-әрекетті жүиелі ұйымдастыру негіздерін, қазіргі уақыттағы білім, соның ішінде әртүрлі бағыттардағы еңбекке баулу және кәсіби білім беру мазмұнының даму барысын, оқыту және тәрбиелеу әдістері мен формаларын, білім беру бағдармаларын іске асыру технологиясын, жалпы тәрбиелеу мен білім берудің, соның ішінде қазақ халқының тәрбиелеу мен білім берудегі психология-педагогикалық дәстүрлерінің даму тарихын білу;

-қазақ халқы мен оның қоғамдық формацияларының тарихын білуі,бүкіл адамзат және көрші мемлекетхалықтарының,қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің тарихынан хабардар болуы;

-адамды шығармашылыққа бастайтын беделді тұлға болып қалыптасуына әсер ететін қоғамдық-тарихи процестердің мазмұнымен адамзат тарихында құралған жалпы рухани байлық жайынан хабары болуы керек.