Кез келген профессиограмма компоненті болып мәдениет табылады. Өндіріс күштері, ғылым мен экономика қажеттілгі, бүгінгі күні нақтылы жұмыс орнында қандай маман керек екендігін, оның ертеңгі күнгі деңгейінің қандай болуы туралы болжамдар жасауды қажет етеді.
Бүгінгі маман, қазіргі заманғы экономикалық ойлау, басқару және ұйымдастыру жұмыстары, іс — әрекетке байлансты ақпараттық техникаларды пайдалану, жоғары мәдениет, шет тілін білуі қажет.
Сонымен қатар ол инициативалы және жауапкершілігі сезінетін, ұдайы өз білімін жетілдіру, молайтуға ұмтылатын, жаңа шешімдерін білу, енгізу оны өмірге ендіру ептілігі бар болуы керек.
Осы тұрғыдан қарағанда педагог тек «бала жетектеуші» ғана емес, педагогика – гуманистік сапа кешенін түзетін өнерде. Ал осындай сапаның болмауы кәсіби іс — әрекеттің тиімді орындалуын болдыра алмайды. Мұндай сапаларға педагогтің позитивті адамгершілік тұрпаты, жоғары теориялық және әлеуметтік ойлау қабілеті, өмірге оптимистік көзқарасы, адамдардың гуманистік потенциалына сенімі жатады. Мұнадй мағынада педагог рухани азамат болуы тиіс. Ал бұл жаппай бола беруі мүмкін болмайды және көп нәрсеге міндеттейді.
Өкінішке орай, бүгінде педагог мамндығын көпшілік кәсәпке айналдыруда. Сондықтанда болар біздің қазіргі кезде оқу – тәрбие мәселесінде бір қатар олқылытарға жол беріп отырғанымыз.
Педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым. Педагогика тұлғаның жан – жақты дамуы жөніндегі мәселерді қамтығанмен негізінен аталған мәселе, әлеуметтік – экономикалық мәселе болып табылады. Өйткені, жеке адамның дамуы оның материалдық және рухани қажеттілігі арқылы шешіледі. Сондықтанда, келешек педагог мамнадарды дайындауда, педагогиканың дамуында тұлғалық – бағдарлық парадигманы алға тарту қажет. Ол тұлғаның педагогикалық қызығушылғына, өзінің шығармашылық потенциалын максимальді жүзеге асыруға қажетті білім және біліктілктермен қамтамасыз етуді қажет етеді.