Психолгия адамдардың психикалық іс — әрекеті заңдылықтары жөніндегі ғылым. Мұғалімнің жеке тұлға және ұжымға (топқа) әсер ететін өте бай педагогикалық құралдармен пайдалана отырып, сонымен қатар жеке тұлғаның оны қабылдауы және даму механизмін ескеруі қажет. Осы себепті ол психолгияға жүгінеді. Сондықтанда, төменде осы білім саласы жөнінде сөз қозғалады.
Психолгияның зерттеу пәні болып бәрімізге белгілі, психика табылады. Психика – деп ерекше қасиетке ие ұйымдастырылаған материялды айтады.
Психика қоғамдық – тарихи практикада тексерілетін және дәлелденетін дүниенің бейнесі.
Психика адамның сыртқы іс — әрекетін реттейді және ішкі органдар мен ағзаларға әсер етеді, адамның денсаулығы және көңіл – күйінде соған байланысты болады.
Қазіргі заманғы психология ғылымы күрделі де, тармдалған ғылыми пәндер жүйесін қрайды. Ондағы салардың ішінде адамның психикалық іс — әрекетінің заңдылықтарын зертейтін – жалпы психолгияны, оқу және тәрбие процесінің психолгиялық аспектілерін зерттейтін – педагогикалық психологияны, әскери психологияны, спорт психолгиясы, медециналық психолгия т.т. айтуға болады.
Тұлға — әлеуметтік ғылым нысаны, сонымен қатар психологиялықта. Егер физиолог – адамды тірі организм ретінде зерттесе, социолог және психолог адамға тұлға ретінде қарайды.
Тұлға – қоғамда белгілі бір орын бар және қоғамдық орындаушы рөлге ие. Рөл – тұлғаның әлеуметтік қызметі. Тұлға позициясы – оның қоғамға және жеке жұрттарға, өзіне өзінің, міндетіне деген қарым – қатынастар жүйесі. Мұндай қарым – қатынастар негізінде тұлғаның рухани бет бейнесі, оның қалыпты пайда болады. Оң қарым – қатынастарда тұлға максимальді белсенді. Оның қоғамдық рөлі өзінің қызығушылығын басқаларға тарту арқылы бейімділік болып көрінеді. Күнде жұмыста қанағттанушылық байқалады, кері жағдайда теріс қарым – қатынастық жағдайында, тұлға өз рөлін орындауға мәжбүр болды және мұндай қанағаттанбаушылық белсенділікті өшіреді. Кейде салқындылық қарым – қатынас пайда болып, қызметін формальді атқаруға алып келеді.
Психологиялық білімдерді тәрбие процесінде пайдалану қоғамдық қатынастарды дамытуға азаматтардың әлеуметтік және саяси белсенділігін арттыруға, адам резервін тиімді пайдалануға, еңбек өкімділігін арттыруға, топпен, ұжыммен жұмысты жақсартуға т.т. септігін тигізеді.
Демократия жағдайында психология, тұлғаның әлеуметтік белсенділігін арттыру жолдары мен формаларын зерттеуге мүмкіндік береді. Ұрпақтардың ауысуы, білімділіктің өсуі осыған байланысты тұлғаның даму деңгейінің өсуі, психолгиялық факторлардың маңызына назар аударуды қажет етеді.
Әлеуметтік психология
Әлеуметтік психология, класстар, бұқара, қоғамдық топтар, ұжым, жеке тұлға психологиясы және оның әлеуметтік өмірін зерделейді. Психологтар мен социологтар күштерінің бірлігі көпшілік психологиясын жан – жақты қарастыруға, біріңғай әлеуметтік – психологиялық бағытты ұстануға септігін тигізеді.
Әлеуметтік – психологиясының зерттеулері әлеуметтік практиканың бірқатар облыстарына: еңбек ұжымының психологиясы, әлеуметтік психологиялық климатқа, ғылыми және шығармашылық психологиясына, адамдардың іс — әрекеттерін ұйымдастыру психологиясына және оларды басқаруға т.с.с. қаратылған.
Осы себепті кейбір зерттеушілер — әлеуметтік психология ғылым ретінде психологиялық ғылым шеңберінен шығып кетеді және оны кешенді психология әлеуметтік ғылым ретінде, салыстырмалы түрде өзбетінше жалпы психологиядан да, социологиядан да бөлек тұратын ғылым деп санайды.
Психология мазмұнының жалпылығы оның әлеуметтік – психологияның құбылысы ұғымын ашуында деп түсіну керек.
Адамдардың күнделікті қарым – қатынасы барысында, лабораторияда, мектепте, студенттік топтарда, көпшілік ұйымдарда әртүрлі ақпараттар талқыланады, сыналады, өңделеді және меңгеріледі.
Өзара пікірлесу, сондықтанда жеке тұлғаның әлеуметтік – психологиялық механизімі болып көрінетіндігенде. Педагог, әсіресе басшы, әлеуметтік көпшілікте пайда болатын әлеуметтік – психологиялық құбылыс тәрізді нәрселерді талдай білуі, макро және микро ортаның адам санасындағы әсері туралы, оларға тұтынушылық, қызығушылық, бағдарлық, сезімдік және көңіл күйіндегі өзгерістері туралы ақпараттарды тұрақты түрде біліп отыруы тиіс.