Принцип (латын тілінде – негіз, бастау) – бұл заңдылықтардан шығатын алғашқы күй, мұрат, негіз талаптар.
Принцип алға қойылған мақсатқа жетудегі қалай әрекет – ету жолдары. Сондықтан оның құрлымы: заңдылықтар қарама – қайшылық талап, ереже, шарт болып келеді.
Талап – принципті жүзеге асырудағы шарт. Ереже – талапты қалай орындауға қажетті іс — әрекетті іске асыруға жауап береді.
Тәрбие принципі – тәрбие процесін, оның мзмұнының ұйымдастырылу және әдістерін анықтауыш басты басқарушы заңдылықтар.
Ұжымда тәрбиелеу: ой мен іс — әрекеттер бір жерден шығатын топтардың даму келешегін анықтауды; өз қызығушылығын жылпы ұжымға бағыттау, ұжымды мақтан тұтуы, болашағы бар мәселелрді қолдау және оны басқаларға да ұғындыруды талп етеді.
Дара және ерекшелікке бағыттылығы: тәрбиеленуші жеке дара психологиялық еркешеліктерін жанжақты білу және есепке алуды; жеке басының мінездемесіне ылайық мәселерді қоя білуді; тұлғаның әрбірінің ерекшеліктеріне сәйкес тәрбие әдістерін таңдау және дер кезінде оған түзетулер енгізуді қажет етеді.