Аудиториялық сабақтарға қатысу міндетті. Десекте, кейбір студенттер ол сабқтарға қатыспау себептерін іздестіретіні белгілі. Өйткені, жіберілген материалды кітаптардан – ақ оқып, білім алуға болады деген пікірде болады. Мұндай студант, ешқандай кітап, басқа да ақпарат көздері, оқушымен қарым – қатынастағыдай пікір алмасуды алмастыра алмайтынының ұғынбайды.
Аудиториялық сабақтар тек қана студантерге білім беруді ғана міндет етіп қоймайды, олардың өзбетінше білім алуына дағыдалындырады. Олар тек білімді меңгертуді ғана мақсат етпей ойлау қабілетін дамытуда да мақсат тұтады. Аудиториялық сабақтарда студенттер оқушылармен қарым – қатынас арқылы болашақ маман ретінде қалыптасады.
ЖОО орындарында аудиториялық сабақтардың үш түрі: лекция, практикалық сабақ, қоғамдық пәндер бойынша смеминар және лабораториялық сабақтар қолданылады.
Лекция барысында, курстың (пәннің) оқу бағдарламасы бойынша негізгі мәселелері қаралады. Лекцияда студент актуальді, фундаментальді, жүйелі білім негіздерінен бағыт – бағдар алады.
Мұндай білімдерді студант оқу құралдарынан жинақтай алуы қиынға соғады. Бұл студентке оқу пәндері бойынша кітаптың жоқтығынан немесе олардың аздығынан емес, уақытының, алғашқыда оларды пайдалану тәжірибесіздігінен деп білген жөн. Өйткені, оқытушы лекция барысында оқылатын пәнге, қосымша әдебиет көздерінен алған ақпараттарға, тәжірбибеге және зерттеу нәтижелеріне сүйенетіндігінде.
Лекция барысында лектор білімінің пайда болуы мен оның процесін айқындайды. Лекция – ойлау қабілетінің бірден – бір құралы болып саналады және ол студеттерді педагог мамандығының қыр – сырып үйрететін тәрбие құралы.
Мұнда көрсетілген аудиториялық сабақтар бір – бірімен тығыз байланысты құрлым. Лекцияда, практикалық және лабораториялық сабақтарға қажетті материалдар беріліп қана қоймайды, ал практикалық сабақтар мен есептер шығару барысындағы нәтижелер лабораториялық сабақтар жүргізуде де игі ықпалын тигізеді.
Практикалық сабақтарда студенттер есептер шығарумен, теориялық жағдайларды талдаумен т.с.с. айналысады. Бұл сабақтар қалыптасқан білім негізінде практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Сонымен қатар, студенттерді практикалық тек іс — әрекетке дайындап қоймай, ой еңбегіне қалыптасуына, шығармашылық есептерді бағыттап меңгеруіне септігін тигізеді.
Лекция студенттерді шығармашылық әдіснамасына жаттықытырады. Практикалық іс — әрекет дағдыларын меңгереді. Өйткені мұндай дағдылар өздігінен қалыптаспайды. Бірінші кезде оқытушы көмегімен оларды қалыптастыра отырып, өзбетінше іс — әрекет атқаруында дағдылануы тиіс. Сондықтан лекция барысында студент сабақтармен біргелікте жұмыс атқарса, практикалық сабақтарды оқушының басшылығында және өзбетінше атқаруы керек.
Практикалық сабақтарда студент логикалық ойлау дағдыларын дамытуы, өзінің ой түйінін дұрыс, дәйектей жеткізуге әрекеттенуі қажет.
Адам ойының нақтылануы, шыңдалуы сөз жүйесі арқылы жүзеге асады. Ойлаудың логикалық жүйесі сөз тұжырымы арқылы жүзеге асады. Сондықтан практикалық сабақ барысында студент алға қойылған есепті ғана шешіп қоймай, алынған нәтижені талдау, өз құрбыларына жеткізуі, өз көзқарасын тұжырымдауы, есепті орындау әрекеттерін дәйектілеу, алынған нәтижені түсіндере алуы керек.
Лабораториялық сабақ – негізгі теориялық жағдайларды, құбылыстарды, процестерді дәйектеуге қойылған тәжірибелік іс — әрекеттер.
Лабораториялық сабақта студенттер оқытушы басшылығмен бақылау — өлшеу құралдары, техникалық құралдары, аппараттары мен экаперименттік ізденіс әдістемелері үйренеді.
Әрбір лабораториялық жұмыстар бойынша жазбаша есеп дайындайды. Есепте эксперимент барысы және оның нәтижесі, сонымен қатар алынған нәтижелердегі қателіктерге түсініктемелер беріледі. Мұның ішінде, практикалық сабақ барысындағыдай зерттелініп және өлшеніп жатқан шамалар, құблыстар, процестер, сипаттамалар және параметрлер арасындағы өзара байланыстарға талдаулар жасалады. Сондықтан, лабораториялық жұмыс, практикалық жұмыстар студенттерге логикалық ойлауды дамытуға септігін тигізеді.
Жазбаша есеп беру барысында студенттер өз ой түйіндерін сауатты жазуға үйренеді. Пактикалық сабақтан өзгешелігі мұнда студент өзбетінше жұмыс жүргізуге дағдыланады.
Студенттердің өзбетінше орындайтын жұмыстары.
Студенттердің өзбетінше орындайтын жұмыстары университеттің барлық оқу процесінің негізгі құрамы болып табылады. Өзбетінше орындайтын жұмыстардың негізгі бағыттары – лекция материалдарын оқуға, кезекті практикалық және лабораториялық сабақтарға, курстық жұмыстарды орындауға, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу т.с.с. септігін тигізеді.
Студенттерге өзбетінше жұмыстар тек аудиториялық сабақ кезіндегі білім мен дағдыларды бікіту үшін ғана емес, дер кезінде ағымдағы тапсырмаларға есеп беру үшін емес, өзбетінше жұмыстарды орындау барысында студент, оны ұйымдастырудың тиімді жолдарын, кітаппен жұмыс істеуді үйрену, өзбетінше білімін толықтыру, өз білімін ұштау, өз ойын тұжырымдау және жеткізе білуге үйренеді.
Мұндай жұмыс барысында студент әртүрлі техникалық, педагогикалық ситуацияларды талдау және олардың дұрыс шешімдерін табуға үйренеді.
Өзбетінше жұмыс студентті, ойлау қабілетін жетілдіру және ешкімнің көмегінсіз ойын тұжырымдау, педагогке ең қажетті болып табылатын шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретеді.