Қолданбалы психологиялық зерттеулерді орталықтандыру үшін психологиялық қызмет

Әлеуметтік психология белгілі деңгейде қоғамдық ғылымдарға жататындықтан, марксизм теориясының іргелі теориялық қағидаларын (қоғамдық қүбылыстар, адам табиғаты, қоғам) қабылдауына болады. Бүл тұрғыдан алғанда, қоғамдық құбылыстардың нақты әлеуметтік — психологиялық феномендерді зерттеуде қандай көрініс беретінін қарастыру. Сонымен бірге әлеуметтік — психологияның әдіснамалық құрал-жабдықтары марксизм теориясының негізгі қағидаларына сүйенеді. Әлеуметтік — психологиялық білімнің маңызды теориялық негіздері К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин және де Г.В.Плеханов, А.В.Луначарский, А.Трамшит, т.б. еңбектерінде керсетілген. Ұзақ уақыт бойы кеңестік психологтардың көзқарасында маркстік теориялар үстемдік етіп келді. Қазіргі кезде, әрбір ғалым-зерттеушінің қандай теорияны негізге алуы, зерттеу мақсат — міндеттеріне сәйкес өзінің тізгінінде.

XIX ғасырдың басы, әсіресе бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең, әлеуметтік психологияның эксперименттік ғылымға айналу кезеңі деп саналады. Ресми бастамасы ретінде Европада В.Мид, АҚПІ ғалымы Ф.Оллпорт ұсынған, әлеуметтік психологияны эксперименттік психологияга айналдыру қажет деген талаптары болды. Әсіресе, Америкада капитализмнің қауырт дамуына байланысты, әлеуметтік психологтардың өзекті әлеуметтік — саяси мәселелерге көңіл аударып, қолданбалы зерттеулерді жүргізу қажеттілігі туындады.

Бұл кезеңде теориялық тұрғыдан Макдугалл тұжырымдамасын сынға алумен қатар, әлеуметтік психологияда негізгі үш тұрғы: психоанализ, бихевиоризм және гештальт-теория бағьптары анық көріне бастады. Әсіресе, эксперименттік пәнді тұрғызуғ негіз болатын бихевиористік тұрғыға көбірек көңіл бөлінді.

Зерттеу объектілері ретінде негізгі назар — шағын топтарға бөліне бастады. Эксперименттік тәсілдерді пайдалану шағын топтардағы процестерді зерттеуге қолайлы болғандықтан, АҚШ-та әлеуметтік психологияның бір жақты, экспериментгік түрде дамуы басталды. Ғылымның теориялық жағы назардан тыс қалды.

Әлеуметтік психологияда тек шағын топтармен айналысу кезеңі, қолданбалы әдістерді пайдалану мүмкіндіктерін дамытуда оң әсерін тигізгенімен, теориялық ғылымның дамуына тосқауыл болды, себебі: 1) көпшіліктік процестерді, олардың ерекшеліктерін зерттеу мәселеден тыс қалды; 2) эксперименттік бағдар қоғамдағы нақты проблемаларды түсіндіруге бағытталғанымен, оның әлеуметтік мазмұнын түсіңдіруде ғылыми негіздерсіз қалды.

Дегенмен осы кезенде эксперименттік зерттеулер көптеп жүргізіліп жатқанда кейбір теориялық мәселелерді зерттеулер қолға алынып отырды. Бірақ, олар мардымсыз, танымал болмады.

Ал 50-жылдардан бастап, осы бағыттағы зерттеулерге баса көңіл бөлінді. Негізінде олар төрт бағыттың: бихевиоризм, психоанализ, когнитивтік және интеракционизм төңірегінде топтасты (Андреева, Богомолова, Петровская, 1978, Шихирев, 1979).

Аталған төрт бағыттың үшеуі психологиялық ойлардың әлеуметтік — психологиялық нұсқасы болса, ал төртінші бағыт — интеракционизм әлеуметтік негізде еді.

Бихевиоризм қазіргі кезде необихевиористік бағытта дамуда. Негізінен топтағы процестер емес, екеу аралық (диадалық) қарым-қатынастар зерттеледі (К.Халл, Б.Скиннер, Н.Миллер, Д.Доллард, Дж.Гибо, Г.Келли, Д.Хоманс). Зерттеулердің басым бөлігі тек жануарларда жүргізілуі (А.Бандура зерттеулерінің көбісі адамдарда жүргізілді) бұл бағъптың негізгі кемшілігі. Топтық процестерді талдаудың жеткіліксіздігінен, әлеуметтік психологияның «әлеуметтік» түрі аз көрініс береді.

Қазіргі кездегі, әсіресе, американдық әлеуметтік психологиядағы эксперименттік зерттеулерде бірнеше теориялық бағыттар аралас көрінеді. Осы да және әлі де эксперименттік болмағандықтанәлеуметтік — психологиялықзерттеулерде табысты түрде пайдаланыла бермеуі мүмкін.