Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік психологиялық аспектілері.

Тұлғааралық қарым-қатынастың пайда болуы мен нәтижелі дамуы отан қатысушылардың өзін-өзі және өзара түсінісуіне байланысты. Адамдар бірін-бірі қалай, қай деңгейде қабылдайды, түсінеді, сезімдері мен қасиеттерін қалай бейнелейді, өзге арқылы өзін қалай таниды, ортақтасу барысы да, арақатынастары да соған байланысты. Сонымен, бір адамды екінші адамның қабылдауы ортақтасудың міндетті құрамдас бөлігі ретінде шартты түрде ортақтасудың перцепциялық жағы болып аталады. Әлеуметтік перцепция – қарым-қатынас үрдісінде бірін-бірі өзін-өзі тану мен түсіну.

Бақылаушы бақыланушыны көргенде сыртқы физикалық сипаттарын қабылдайды. Ең алдымен сыртқы түрін (дене мен киім пішімін) және тәртібін (қимыл-қозғалысын) бағалайды. Сыртқы сипаттамасына қарай ішкі қасиеттері туралы да тұжырым жасайды. Бақылаушы өзі берген бағаға орай бақыланушыға белгілі көзқараста болады, оған деген ішкі эмоциялық қатынасын (ұнайды – ұнамайды) орнықтырады. Бақылаушы бақыланушының сыртқы түріне қарай оның психологиялық қасиеттерін таразылап, одан не күтуге болатынын алдын-ала болжап, ол адамға қатысты өз іс-әрекетін белгілейді.

Әлеуметтік перцепция құрылымы – адамның сыртқы келбетін қабылдау

арқылы оның тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін бағалау, талдау және оған орай өз эмоциялық қатынасын анықтау, соның негізінде бақыланушының іс-әрекетін болжау. Назар алатын жәйт: сыртқы бейнесіне қарап біз бақыланушының ішкі дүниесін «оқып», түсінгендей боламыз, оған байланысты өзіміздің сезімдеріміз арқылы іс-әрекетімізді анықтаймыз. Жалпы айтқанда, әлеуметтік перцепция барысында өзгеге эмоциялық баға беріледі, оның әрекеттерінің себептерін түсінуге тырысымыз, тәртібін алдын-ала жоспарлаймыз, өз тәртібіміздің бағытын белгілейміз. Мысалы, кімге сынақты қалай тапсыруға болатынын, кімге пара беруге болатыны, кімге дауыс көтеруге болатынынӘлеуметтік перцепцияның қызметтері:

  • өз-өзін тану,
  • ортақтасу серігін тану,
  • түсінісу негізінде өзара іс-әрекет ұйымдастыру,
  • эмоциялық қатынас орнату.

Әлеуметтік перцепцияның барысын зерттегенде екі аспекті көзге түседі. Бірінші перцепцияның барысын субъектісінің психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерімен байланысты болса, екінші тұлғааралық бейнелеу механизмін талдаумен байланысты

Адамдар бірін-бірі қабылдағанда, бағалағанда олардың жасына, жынысына, ұлтына, мамандығына, жеке мінездемесіне орай өзгешеліктер байқалады. Мысалы, жасына қарай. Балалар алдымен адамның бет қимылдарына қарап бағалайды. Ересектермен салыстырғанда, балалар көбінесе сыртқы белгілерге (киім, көзәйнек, шаш) бейімделген. Әлеуметтік статусына орай назарға алынатын жайттар: мұғалім мен шәкірттер бір-бірінің әртүрлі қасиеттеріне мән береді. Ұстаздар, ең алдымен, оқушының тәртібіне көңіл аударса, студенттер мен шәкірттер олардың әділдігін, білімдарлығын бағалайды.

Қабылдаудың субъектісінің ішкі психологиялық және әлеуметтік ұстанымдары басқа адамды қабылдау барысында, әсіресе, бейтаныс адам туралы алғашқы әсер қалыптасқанда, өзіне тән белгілі әлеуметтік перцепцияның схемасына орнықтырады. Мысалы, бай адам үшін 100 теңге аз болса, кедей үшін ол маңызды ақша болады. Аласа бойлы бастықты адамдар биік бойлы деп санаса, дәл сондай бойлы қатардағы қызметкерді қысқа бойлыларға жатқызады.

Қарым-қатынас психологиясы қабылдау объектісінің де психологиялық қасиеттерін зерттейді. Бақыланушының қай жақтары ортақтасу серігі үшін аса маңызды? Бақыланушының қандай жақтары бақылаушы үшін көп ақпарат береді? Ортақтасу серігін бағалағанда, адамдар ең алдымен неге назар аударады? «Анасына қарап қызын ал» мақалы әлеуметтік перцепцияның бір көрінісі. Анасының психологиялық қасиеттерін қызына да тән деп санаймыз, ал шындығында, олай бола бермейді.

Бақыланушының маңызды жақтарына мимикасы (бет қимылы), сезімдерін айқындайтын қол қимылы (киім, шашы), дауысы мен сөзінің өзгешеліктері жатады. Осының бәрі ортақтасудың бейсөз тәсілдеріне жатады.

Бейсөз тәсілдері ұлттық және ұлтаралық сипатта болуы мүмкін. Мысалы, басын не шашын сипалап тұру – сенімсіздікті, дайын еместікті білдіреді. Саусақтардың ұштарын қосу – ұялу, бағыну белгілері.

Белгілі ұлттық-мәдени ортада өскен бала әртүрлі сезімдерді айқындайтын (экспрессиялық) тәсілдерді бойына сіңіреді.

Қарым-қатынас барысында өзін-өзі, өзгені білу және тану механизмдеріне идентификация, эмпатия, аттракция, рефлексия жатады.

Идентификация — өзгенің орнына өзін қойып, оның ішкі дүниесін түсіну, өзгені тану тәсілі, өзін өзгеге ұқсату. Идентификациялану барысында өзгенің құндылықтары, мінез-құлықтары, әдеттері өз бойына сіңіріледі. Идентификация, әсіресе, жасөспірімдерге тән құбылыс. Өздері идеал, кумир ретінде таңдаған кісі (олардың ойы бойынша) не істесе, бұлар да өз іс-әрекетін соған ұқсатуға тырысады. «Оның орнында болсам, мен не істер едім?» сұрағына жауап іздейді. Кішкентай қыз ойнағанда өзін мамасына теңестіреді, анасы қалай сөйлесе, сондай дауыс ырғағымен бұл да қуыршағымен сөйлеседі. «Болмасаң да ұқсап бақ» деген мақал соның дәлелі болар.

Эмпатия – эмоциялық түсіну, өзгенің ішкі жағдайын өз сезімдері арқылы қабылдап білу. Эмпатияның негізінде жатқан жәйт — өзгенің ішінде не болып жатқанын, ол не сезіп тұрғанын, дүниені қалай бағалайтынын дұрыс елестетіп білу. Эмпатиясы жоғары алдын-ала сеземіз. дамыған адамның айырмашылығы – бір оқиғаны әр адам әртүрлі қабылдайтынын, солай қабылдауға мүмкіндігі, құқығы бар екенін мойындауында. Эмпатия, ортақтасу серігімен эмпатиялық қарым-қатынас құру – педагогтардың, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің маңызды кәсіби қасиетінің бірі. Эмпатиялық қабілеттерді дамыту адами ортақтасумен тікелей шұғылданатын мамандардың басты міндеті болып табылады. Бұндай қабілеттер психологиялық машықтар арқылы шынығады.

Аттракция — өзгені танып білудің ерекше түрі, ол өзгеге қатысты тұрақты жылы сезім қалыптастыруға негізделген. Ортақтасу серігін жақсы түсінуге, оған қарай достық не сүйіспеншілік сезімдеріне негізделген қарым-қатынас себепкер болуы даусыз.

Әлеуметтік рефлекция – қарым-қатынас барысында өзін-өзі тану механизмі. Ортақтасу серігі мені танып-білу туралы білім, өзге адам мені қалай қабылдайтынын («сен мені қалай білетініңді мен білемін») елестету қабілеті әлеуметтік рефлекция деп аталады. Басқа адамдармен неғұрлым байланыстары көп болса, басқалар туралы елес мол болса, өзіне басқалар қалай қарайтынын талдай алса, соғұрлым адам өзін терең танып біледі. Өзгелерге өзін аша білу — өзіндік танудың шарты. Ортақтасу барысында басқаларға өзіміздің ішкі дүниемізді айқара ашқан кезде өзіміз де өз жанымыздың байлығына сүңгиміз. Сондықтан, «өзіңді білу үшін өзгеге ашыл» ережесін пайдалануға болады.

Тұлғалық атрибуция — әр оқиғаның себепшісін, әр жағдайда нақты кінәлі адамды іздеп табатындардың тәсілі. Мысалы, балгерлер «жаныңда бір сары кісі жүр екен, содан сақтан» дейді. Кеңес өкіметі «халық жауларын» іздеп құртуды көздеген. Мұғалім бүкіл сыныптың олқылығын старостыға жүктеп қоюға дайын тұрады.

Жағдайлық атрибуция – нақты адамды емес, жағдайды кінәлайтындардың тәсілі. Мысалы, «газ жоқ болғандықтан, тамақ піскен жоқ»,

Стимулдық атрибуция – адамның өзін, заттың өзін кінәлайтындардың тәсілі. Күзе құлап сынды – күзе өзі кінәлі. Әйелін күйеуі ұрса — әйелдің өзі кінәлі. Мысалы, жетістіктердің себептері деп адам өзін санаса, ұтылыстың, жеңілістің себебін жағдайға сілтей салады. Емтиханды жақсы тапсырса – һзі «кінәлі», ал тапсыра алмаса – не мұғалім, не жаман жағдай «кінәлі».

Кей кезде психологиялық проекция жала жабу мен қарсы келумен көрінеді. Топаралық деңгейде екі негізгі атрибутивті процесс жүреді.

  • каузальды атрибуция, яғни басқа адамның мотиві мен қимыл әрекетінің қабылдау себептерінің процесінде адамның интерпретациясын көрсетеді.

Каузальды атрибуция зерттеулері көрсеткендей: — адамдар бір-бірін тани отырып іштей бақыланып алынған мәліметтермен тоқталмай сонымен қатар олардың мінез-құлық себептерін анықтауға тырысады.

  • бақылау процесінде алынған ақпарат негізінде басқа адамдар жайлы жақсы нәтижелер алу үшін жеткіліксіз болғандықтан, бақылаушы олардың мінез-құлқы жайлы мүмкін болатын себептерді алады және оларға қосымша жазып береді.
  • Бұндай себепті интерпритация бақылаушының өзінің әрекетіне және қылықтарына оның басқа адамдармен қарым-қатынасына әсер етеді.

Қорыта келгенде, атрибуцияларды назарға алу ортақтасудың тиімді болуына септігін тигізеді.