Мақта өсіру Оңтүстік Қазақстан облысының ежелдегі маңызды салаларының бірі болып есептеледі. Бұл саланың еліміз бен облыс экономикасындағы орны мен маңызы бар. Ол халықтың мақта бұйымдарына қажетін қанағаттандырумен ғана шектелмейді, сонымен қатар басқа салалардың да шикізат пен дайын бұйымға деген сұранысын өтеуге мүмкіндік жасайды. Оңтүстік Қазақстанда мақта өсіруді дамыту мақташылыққа жанама салалар мен өндірістің дамуына да себеп болып отыр.
Қазақстан республикасының, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы ауыл жылдарында (2003-2005ж.) индустриалды аграрлық бағытта дамыды. 2003-2004 жылдары облыстық ЖІО-нің 66 % ауылшаруашылығы өнімдері, 34,8 % мақта дақылы құраған. Мақта өсіруге мамандандырылған өңірлер аграрлық секторға бағытталған материалдық ресурстардың басым бөлігін пайдаланады. 2004 жылы облыстың барлық суармалы жер көлемінің 45,3 % мақтаның үлесіне тиді. Мақта өсіру мен өңдеу саласында облыс халқының еңбекке белсенді бөлігінің үштен бірі еңбек етеді. Бұл көрсеткішке шеттен келіп жұмыс жасағандар енгізілмеген. Жоғарыда көрсетілген факторлар мақтаның Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасында айрықша маңызды екендігін дәлелдейді.
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өсірудің соңғы жылдардағы жағдайын талдау ауылшаруашылығын жекешелендіру мен нарықтық қатынасқа өту кезеңіндегі тоқырау бұл салада да орын алғаны анықталды. Мақта шаруашылығының бұрынғы қалыптасқан жүйесі бұзылып, экономикалық байланыстар үзілген. Ондаған жылдардағы мақта өсірудің ғылыми негізделген технологияларын сақтап қалудың мүмкіндігі болмады.
Суармалы жер мен мүлікті жекешелендіру нәтижесінде облыста 45 мыңнан астам мақта өсіретін ұсақ шаруа (фермер) қожалықтары ұйымдастырылды. Олардың 85 %-дан астамының жер көлемі 5-7 гектарға тең. Жоғарыда көрсетілгендей, ұсақ шаруа (фермер) қожалығында агротехнологияны кешенді механикаландыру, несие алу, еңбек өнімділігін арттыру мүмкіндіктері жоқ. Ұсақ шаруа (фермер) қожалықтарына жерді және капиталды біріктіріп, шаруа (фермер) қожалықтарының қауымдастығын құруға ұсыныс берілді. Сонымен қатар шаруа қожалығының жер көлемі, капитал мөлшері және тиісті техникалармен қамтамасыз етуілуі бойынша есептеулер мен дәйектер келтірілген.
Мақта өсірумен айналысатын шаруа (ферма) қожалығын тиімді жүргізу үшін бизнес- жоспар дайындаудың маңызы зор әсер етедi. Шаруа қожалығының қаржы, банк мекемелерінен несие алуы үшін экономикалық негіздемелер дайындаудың үлгісі келтірілген. Несие егін шаруашылығымен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарына 1 жыл мерзімге, ал мал шаруашылығымен айналысатындарға 3 жыл мерзімге беріледі. Сонымен қатар серіктестікке қатысушыларға лизинг қызметін пайдаланып, 7 жылдық мерзімге жаңа техника алып беру жоспарланған.
ЖШС-нің ішкі ереже тәртібі және ұлттық банктің талабына сәйкес серіктестікке қатысушы болу үшін айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 100 еселенген мөлшері, яғни 91900 теңге салым құюы керек. 2003 жылдың 28 наурызында қабылданған Қазақстан Республикасының “Несие серіктестігі” туралы заңы жоғарыдағы бастаманы құқықтық, заңдылық тұрғыдан негіздеп берген.
Қазақстан Республикасының “Кредиттік серіктестіктер” туралы заңы агробизнесті дамытуға, оған несие бөлуге жаңа мүмкіндіктер туғызды.
Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту, су жүйелерінің магистральды және ішкі жүйелерінің техникалық деңгейін көтеру мақсатында Үкімет пен шетел банкілері инвестиция арқылы қаржы салуды жалғастырып мелиорация, ирригация қорларының экономикалық тиімділігін арттыру керек. Осы сала бойынша инвестиция көрсеткiшi 2005 жылы 67 млрд. құраса, 2007 жылы 160 млрд. көбейдi.
Мақта өсіруде озық агротехнологияны, әсіресе қоза зиянкестерімен күресте биологиялық әдісті дер кезінде тиімді қолдану үшін ғылыми негізделген индустриалды технологиямен жабдықталған болжау және биологиялық орталықтарды ашу ұсынылады.
Шитті мақтаның сапасы мен бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында жинау, дайындау, бастапқы өңдеу, сақтау және тасымалдаудың жаңа технологиясын енгізуге ұсыныс жасалған. Осы мақсатта тәуелсіз мемлекеттік сұрыптау, сертификаттау зертханаларын ұйымдастыру қажет.
Мақта егістігінің жалпы өнімi және өнімділік туралы зерттеулер мен сараптаулар облыста экстенсивтік факторлардың ықпалымен дамып отыр.
Мақта кешенінің қазіргі жағдайына талдау жасасақ, бұл сала жаңа, ашық экономика жағдайында дамып келеді. Мақта өндірісінде түптен жасалған мұндай өзгерістер бұл саланың және оның қосалқы салаларының экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Мұндай жағдайлар мен үдерістер біздің пікірімізше макроэкономикалық және микроэкономикалық ғылыми зерттеулерді талап етеді.
Ірілендірілген агроқұрылымды ұйымдастырудың өндірістік- экономикалық тиімді болуы «Кетебай» өндірістік кооперативі негізінде айқын дәлелденді. Мақта өсіретін өңірлерде ірілендірілген агроқұрылымдардың сандық үлес салмағы 2,6 % құраған, жер көлемі бойынша 9,3 % , жалпы өнімділігі 5,8 %.
Мақта өсірудің технологиясын жетілдіру мақсатында ғылыми-зерттеу орталықтары ұсынған және озық тәжірибеде дәлелденген экономикалық тиімділігі жоғары жаңа технологиялардың жетістіктерін кең көлемде қолданыуға ұсыныс жасалды. Ол үшін ауылшаруашылық мәшинелерінің сервис орталығы мен мәшине-техника стансаларын ұйымдастыру қажет.
Мақта кешенінде нарықтық реформалар толығымен жүзеге асыру үшін несие-қаржы, инфрақұрылымдар мен маркетинг сату жүйесін жетілдіру қажет. Әсіресе, өндіруші шаруа (фермер) қожалықтары, кооперативтер және серіктестер, яғни дайындаушы мен өңдеуші мақта зауыттарының арасындағы арақатынас тең құқықты, өзара тиімді, әділ болуына қол жеткізу аса маңызды.
Мақта шикізаты мен оны терең өңдеу республика, облыс экономикасындағы маңызды саласы. Сондай-ақ мақтаны алғашқы өңдеу, май алу, жіп иіру, дайын киім-кешек тігу жеңіл өнеркәсіп, тоқыма және тамақ салаларына негіз қалап, республиканың ішкі рыногының қажеттіліктерін толық қанағаттандырудың стратегиялық бағдарламасын әзірлеу қажет.
Облыста мақта кешенінің жаңа экономикалық жағдайынан туындап отырған проблемалар мақта рыногының әлемдік конъюнктурасын терең зерттеу қажет екенін көрсетеді. Осы орайда мақта өсірудің шетелдік тәжірибесін пайдалану өте бағалы іс-шара болар еді.
Мақта өсіру саласында басқа дақылдармен бірге егіс жер көлемінің құрылымын жетілдіру арқылы негізінен интенсивтік әдісті дамытудың бағдарламасын жасау қажет.
Мақта кешенінің экономикалық тиімділігін арттырудың әлемдік және жергілікті жерлердегі іс-тәжірибелері мол, олар үш топқа бөлінеді және бірнеше бағытта ықпал жасайды:
- экономикалық;
- ұйымдастыру;
- техникалық;
Экономикалық сипаттағы кешенді іс-шараларға төмендегілер кіреді:
- мақта кешеніндемемлекеттік реттеудің тиімді жолдарын қолдану;
- мақта өнімін тұтынудың ішкі рыногын қалыптастыру, осы жолымен бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету, сондай-ақ бұл саланың тиімді дамуы үшін жаңа технологиялар мен техникалық прогресті ендіруге ұмтылу.
- шитті мақтаны кешенді түрде терең өңдеу мақсатында мақта- тоқыма, тамақ өнеркәсіптері кластерлеріне бірігу; Мақта жібі, мата, дайын киім-кешек, тағы басқа дайын өнімдермен бірінші кезекте ішкі рынок тұтынушыларын қанағаттандыру, онан соң жоғары құнды мақтаны экспортқа шығару.
Мақта кешенін дамытып, аталған саланың бәсекелестік қабілетін арттыруда ұйымдастыру және техникалық іс-шаралардың ерекше маңызы бар. Оған мыналар жатады:
- мақта өсіретін шаруа қожалықтарын ірілендіру арқылы ғылыми
- техникалық прогресті, жаңа технологияны, ауыспалы егісті ендіру;
- мақта өсіруге қызмет жасайтын инфрақұрылымдарды жетілдіре түсу;
- мәшине-технологиялық стансалар, су пайдаланушылар кооперативтері, биозертханалар, несие-қаржы жүйесі, т.б.
Мақта өндірушілердің егістік көлемін ірілендіруді ынталандыру мақсатында: баға инвестициялық, несиелік, салықтық, басқа да қолдау саясаттары жүзеге асырылады.
- Мақта өндірушілер мен бастапқы өңдеуші кєсіпорындарға техника мен жабдықты лизинг жолымен жеткізуді ұйымдастыру.
- Мемлекеттік бюжеттен қаражат бөлу арқылы “Мақта” ғылыми-өндірістік Орталығын ұйымдастыру, кешенді Ғылыми зерттеулер жүргізу, жаңа технологияны өндіріске ендіру мақсатында селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту, мақта өсірудің ғылыми негізделген технологиясын ендіру, мелиорация мен суландыру, өсімдіктерді қорғау бойынша ғылыми зерттеулер мен іс-тєжірибелерді үйлестіру.
- Мақта рыногына қатысушыларға ақпараттық-маркетингтік қызметтерді ұйымдастыру.
- Мақта өсіру бойынша мемлекеттік бағдарлама дайындауды жүзеге асырады, мақта рыногының стратегиялық даму жолын айқындайды.
- Мақта өсірудің мемлекеттік қолдау бағдарламасын бекітеді, инвестиция салу үшін тартымды жағдай туғызады жєне мақта рыногын кеңейту, дамыту, оның тұрақтылығын қолдау бойынша іс-шаралар жасауды ұйымдастырады.
Қорыта айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысында мақта кешенін дамытудың маңызы зор. Бұл мақта –тоқыма кластерін ұйымдастыруда, жалпы экономиканы дамытуда ықпалды сала болып қала береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Қазақстан республикасыныд Заңды «Шаруа (фермер) қожалығы туралы», Алматы, юрист, 2002 жыл.
- Қазақстан республикасыныд Заңды «Жер кодексі», Алматы, юрист, 2003 жыл.
- Қазақстан республикасыныд Заңды «Су кодексі», «Егемен Қазақстан»,
23 шілде, 2003 жыл.
- Үмбетаев И., Батькаев Ж.Я., «Қазақстан республикасыныд Одтүстігінде қозаны баптау жүйесі» Құс жолы, 2000ж.
- Әбділдин С. «Агробизнесті ұйымдастыру». Алматы 2001 ж. 467б.