СОТ ӘДІЛДІГІ ТҮСІНІГІ, ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

  1. Сот төрелігі – дегеніміз бұл құқықты қорғау істерінің бірі болып өзіне азаматтардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекемелердің немесе лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттерін іске асыру процесін қамтиды. Оның міндетіне барлық құқықты қорғау органдарының жұмысын бітіру бағындырылған. Мысалы: Сот төрелігі қылмысты істі анықтап көретін жағдайда егерде алдын ала тергеу жұмыстары яғни тергеу істері тергеу органдары мен жан–жақты тергеліп, қажетті дәлелдермен дәлелденбесе онда осы қылмыстық іс заңды, негізді, әділ шешілмейтіні даусыз. Міне осы себептен сот төрелігі – құқықты қорғау істерінің жалпы жүрегі десе де болады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына сай Қазақстан Республикасында сот төрелігі ісі сот арқылы іске асырылады делінген. Жалпы белгілі бір адамды азаматты кінәлі деп қылмысты істе айыптауда, жазаны қолданғанда немесе оны ақтап шығарғанда сот төрелігі шешуші рольді ойнайды. Жалпы сот ұйғарымы шешіліп азаматтық немесе қылмыстық істерді көріп шығу процесінде құқықтық әдебиеттерде, әділеттілік акті деп аталып заңдарға сай өз арнайы қасиеттеріне ие, оның бірі болып жалпыға бірдей міндеттілік – яғни заңды күшке ие үкім, шешім, ұйғарым, анықтама, қаулы жалпы сот шығарған шешімдер белгілі іс бойынша қабылданған ұйғарым барлық мекемелер, азаматтар, адамдар үшін Қазақстан Республикасы териториясында орындалуы міндетті. Осы сот органдары шығарған үкім, ұйғарымдарды орындамау белгілі бір жауапкершілікті туғызады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекісінің 362 бабына сай сот ұйғарымын, үкімін немесе басқа да әділеттілік актын орындамау айыппұл, қоғамдық жұмысқа жету, тарту немесе қамауға жабылуы мүмкін деп көрсетілген. Сонымен сот төрелігі дегеніміз сот органдарының қылмысты немесе азаматтық істерді көріп шығып, құқық бұзушыларға мемлекеттік мәжбүрлеу әдісін заңды қорғау тәртіпті орнату мақсатында қолданып, қылмыстың алдын алу, мемлекет системаларын, азаматтары мен адамдарын құқықтарын қорғау үшін алып баратын құқықты қорғау іс төрелігі болып табылады.
  2. Сот төрелігі дегеніміз тікелей осы сөздің өзінен алып қарайтын болсақ сот органының өмір жағдайларында белгілі бір фактілерге, адам құқықтарына, заңды қолдану арқылы олардың құқықтары мен міндеттеріне баға беру немесе осылар туралы пікірлеу, ойлау болып табылады. Жалпы сот дегенді біз әр түрлі мағанада түсінуіміз мүмкін.

1) Сот органы құқықты қорғау органы есебінде.

2) Мемлекеттік сот жүйесі.

3) Белгілі бір қылмыстық немесе азаматтық істі көріп сот төрелігін орнататын мекеме ретінде.

Ал судья деген термин арқылы кез – келген сот органының сот қызметтерінің, оның төрағасын олардың орынбасарларын түсінсек болады. Сот ісі әрекеті дегеніміз соттың өзі үкімет немесе мемлекет органы ал сот іс әрекеті болса мемлекет іс әрекетінің бір формасы ретінде көзге түседі. Сот іс әрекеті басқа мемлекеттік іс әрекеттерден – құқықтың орындалуы шарт, прокурорлық бақылау іс әрекеттері болуы арқылы ажыралып тұрады. Сөйтіп өзі өз іс әрекетін өз методтарына сай заңдылықты орнату мақсатында тек сот органының өзіне тән методтары мен арнайы тәртіп арқылы жүзеге асырады. Біздің қоғамымызда, жалпы мемлекетімізде құқықтық актілер, жалпы мемлекетіміздің заңдары ережелері адамдармен, азаматтармен, лауазымды адамдармен мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекемелер жағынан бұлжытпай орындалуы қажет екндігі және де заңдарды сыйлау керек екендігі үлкен түсіністікпен қабылданады, дегенмен кез-келген қоғамда, мемлекетте кездестіндей құқық нормалары бізде де бұзылып отырады осындай жағдайларда құқық бұзушыларға, тәртіп бұзушыларға мемлекет мәжбүрлеу тәсілін қолданады.

Құқықтық келіспеушіліктерді, түсініспеушіліктерді , әр түрлі мемлекеттік дәлірек айтатын болсақ әр түрлі құқықты қорғау органдары алып барады, осылардың ішінде сот органының алатын орны басқаша және өте үлкен. Құқықты бұзу өз характеріне сай және қоғамға қауіптілігіне қарай отырып әкімшілік құқын бұзушылық қылмыс, азаматтық құқық бұзушылық болып кездесуі мүмкін.

1) Әкімшілік құқық бұзушылық бұл мемлекет тәртібіне, қоғамдық тәртіпке адамдар құқығына, адамдар бостандығына белгіленген басқару тәртібіне қарсы істелінген іс әрекет немесе әрекетсіздік қасақана немесе абайсызда қылынған әкімшілік жауап кершілікке тартылатын іс-әрекет болып табылады. Оларды әкімшілік органдары, полиция, арнайы ведомостволар., инспекциялар арнайы әкімшілік шараларын көруі арқылы шешуі мүмкін. Заңдарда көрсетілген тәртіпте соттарда әкімшілік материалдарды көруі мүмкін.

2) Қылмыс дегеніміз қылмыстық заңдармен көрсетілген, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік болып , мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке қарсы қылынған адамдардан, азаматтардан, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекемелерге қарсы қаратылған іс-әрекет болып табылады. Қылмыскерлерге мемлекеттік мәжбүрлеу әдісі формасы түрінде қылмыстық жауапкершілік , жаза қолданылады.

3) Сонымен бірге соттар азаматтық істерді де атап айтсақ азаматтық неке және отбасылық еңбектік және т.б. келіспеушіліктерді қарап шығып реттейді.

  1. Сот төрелігі белгілерінің бірі болып — әділеттілік сот заң билігі бойынша танылады.

1)Ол мемлекеттік іс-әрекет түрі бола отырып тек арнайы іс шаралар арқылы шешіледі. Бұл іс әрекет белгілі бір лауазымды адамдар немесе органдар жағынан істелініп атқарылуы тиіс. Қ.Р. Президенті жарлығымен (Соттар және судьялар мәртебесі туралы 20.02.95

1) Осы заңның 1 бабында көрсетілгендей. Сот төрелігі сот үкіметі тек қылмыстық, азаматтық істердің жүргізілуі арқылы орнатылады делінген.

2) Сот төрелігінің тағы да бір арнайы белгісі, сот төрелігі арнайы тәртіп арқылы арнайы процедуралар арқылы (қылмыстық істерді жүргізу; Қ.І.Ж.К;азаматтық істерді жүргізу арқылы ГПК) осы кодекстер арқылы іске асырылады.

3) Сот төрелігінің ең қажетті белгілерінің бірі болып сот билігінің тек сот органы арқылы іске асырылады деген қағида яғни басқа ешқандай орган сот міндетін атқаруы мүмкін емес.