Криминалистік сәйкестендірудің жалпы түсінігі.
ХХҮШ ғ. екінші жартысында белгілі француз криминалисі Альфонс Бертильон бірнеше мәрте усталған кылмыскерлермен жумыс жургізу барысында тарихта бірінші болып «иден-тификация» терминін колданды.
«Идентификация» — латын тілінен аударғанда — дәл соның өзі, тең, тендес, теңдестіру, теңестіру, ұксастыру, сәйкестіру деген мағынаны, яғни белгілі бір объектінің немесе жеке тулғаның жалпы және жекелеген белгілері жиын-тығы арқылы бір-біріне ұксастығын айқындауды білдіреді.
Кез келген кылмыс кунделікті адам өмір сүріп отырған ор-тада жасалатындықтан, қылмыс болған жерде әр түрлі іздердің қалмауы мүмкін емес. Бул материяның өзінін белгілерін қор-шаған ортаға, басқа нәрсеге беру касиетіне тығыз байланысты Сондықтан, қылмысты тергеуде, ашуда іздерге және олардын баска бейнелеріне карап, адам қолданған зат немесе басқа объектілердің дәлелдеме ретінде кажетгілігі анықталады.
Криминалистік сәйкестендіру — дегеніміз қылмысты зерт-теу және алдын алу мақсатымен көптеген ұқсас объектілердін ішінен тек өзіне ғана тән белгілері мен бейнелері негізінде кажетті объектіні аныктап дәлелдеу
Криминалистік сәйкестендіру» терминін уш мағынада қол-данады:
а) зерттеудің максаты, міндеті және корытындысы;
ә) ұксастықты, тепе-теңдікті табу ушін орындалатын әрекет-тер жуйесі;
б)криминалистиканың жалпы теориясының кұрамына кіретін жеке ғылыми теориялык тужырымдап,
ТМД елдерінің ғалымдары криминалистік сәйкестендіру теориясынын дамуын 3 кезеңге бөледі:
1-кезең — 1940-50 жылдар — бұл негізгі теорияның, оның бастапкы кағидалары мен бағыттарының кдлыптасуы.
2-кезең- 1950-60 жылдар — жалпы сәйкестендіру негізінде объектілер түрлеріне байланысты ілімдер бағыттарының кебеюі: сот-із теңдестіру, сот-графикалык, тендестіру т.с.с. бағыттар-дың даму кезеңі;
3-кезең — XX ғасырдың 60 жылдарынан басталып бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Бұл кезенде криминалистік сәйкестендіру көптеген ілімдері мен бағытгары кдйта каралып, жаңа бағыттары пайда болды. Сәйкестендіру мүмкіншіліктерін, зерттелетін объектілер түрлерін көбейту, кеңейту мәселелері қарастырып, олардың мәлімет, дәлелдеме жинау және оларды логикалық ендеу жағына көп көңіл бөлінуде. Криминалистік сәйкестендіру жүргізу процесінде математика және кибернетика әдістерін кеңінен енгізу қолға алынып, даму үстінде.
Криминалистік сәйкестендіру философиялык диалектика әдісінің: уғыну ілімі, бейнелену, үксастық, айырмашылық, даралылык, тұрақтылык, өзгешелік, касиет, белгі деген категорияларына негізделген. Кылмысты тергеу мен ашу барысында түрлі затгардың, бөлек фактілер мен жағдайлардың кылмыспен байланысын анықтауды қажет. Ал, материяның негізгі касиеттерінің бірі болатын бейнелену материалдык әлемдегі езгерістерді түсінудің бірден-бір кілті болып табылады.
Криминалистік сәйкестендіру журпзгенде негізгі қолдана-тын тәсіл — салыстыру тәсілі. Салыстыру — екі немесе бірнеше объектілердің өзіне тән белгілерін теңеп, ұқсастырып көру. Үксастыру ете күрделі логикалық талдауды кажет ететін ойлау процесі. Екі не бірнеше объектілерді салыстырғанда, алды-мен әр объекті жеке алынып зерттеледі, яғни, салыстырудың бірнеше сатысында зерттеліп отырған объектілерге тән қаси-еттер мен белгілер сұрыпталып алынады.
Криминалистік сәйкестендірудің обьектілері..
Криминалистік сәйкестендіру зерттеу үрдісі болғандыктад оның бірінші мақсаты оған қажетті объектіні анықтау, Криминалистік сәйкестендіру субъектілеріне кылмысты ашу процесіне катынасатын тергеуші, анықтаушы, сот, сарапшы, жәбірленуші, күдікті және т.б. жатады. Олардын әркайсысы өздерінің іс-жүргізу жағдайына сәйкес, занға қайшы келмейтін жолдармен тевдестіру немесе сәйкестендіру өткізуге катысты міндеттерін орындайды. Мәселен:
а) сарапшы (эксперт) баллистикалык сараптау жолымен октың қандай бір тапаншадан атылғандығын анықтайды;
ә) кылмыскерді кәрген куәгерлер, оның сыртқы пішінін есте устап калып, оны тани алады.
Бұлар — объектілердің әртүрлі бейнелері, белгілері арқылы дәл сол керек объектіні аныктайтын тәсілдер.
Сонымен, объектілердің бейнелену бағытына байланысты криминалисті сәйкестендіру 4 түрі болуы мүмкін:
1) Адам ойында сакталған бейне аркылы объектілерді теңестіру. Бүл жұмыс кылмысты тергеу барысында іске асыры-лады. Мысалы: кылмыскерді, сезіктіні баска ұқсас адамдардың арасынан тану үшін көрсеткенде колданылады.
2) Жазбаша сипаттау аркылы объектілерді теңестіру негізінен қылмыскерді, жоғалған затты іздегенде, белгісіз мәйіттерді анықтағанда және криминалистік тіркеу, есептеу жұмыстарын-да қолданылады.
3) Материалды бекітілген бейнелерге байланысты объек-тілерді теңестіру (іздерге, суреттерге, қолжазбаға т.б.), криминалистік сараптау ісін жүргізу барысында орындалатын крими-налистік сәйкестендіру көп кездесетін жағдай.
4) Объектінің бөлшектері арқылы теңестіру — осы бөлшек-тердің бүрын бүтін бір бөлікті кұрағанын анықтау кажет бол-ған жағдайда қолданылады.
Криминалистік сәйкестендіру процесіне қатысушы объектілерді:
-тендестірілмекші (идентификацияланушы);
-тендестіруші (идентификациялаушы) деп екіге бөледі.
Криминалистік сәйкестендіру іс жүргізу және тергеу процесінен тыс екі нысанда да жүргізіледі.
Біріншіден, тергеу ісін жүргізу барысында криминалистік сәйкестендіру:
-сәйкестендіру сараптау өткізуде; -танытуда және беттестіруде;
— тергеу қарауында және куәлендіру кезінде;
-тінту жүргізуде және заттай айғақты алуда;
— тергеу тәжірибесін жүргізу барысында колданылады. Екіншіден, жедел іздестіру барысында (іс жүргізу емес):
— маманның, жәбірленушінің, куәгердің зерттеуі, тексеруі, қарауында;
-тергеушінің өзі айғақ заттарды салыстырып қарауында қолданылады;
Бейнелеу түрлерінің сипаттамасына байланысты тергеу прак-тикасында криминалистік сәйкестендіру 5 бағытта жүзеге асырылады: