СОТ САРАПТАМА ҰҒЫМЫ, ПӘНІ, МІНДЕТТЕРІ

  1. Сот сараптама ұғымы және басқа құқық пәндер мен байланысы

“Сараптама” деген сөз латынның “expertus” сөзімен байланысты, бұл “тәжірибелі”, “хабардар” дегенді білдіреді. Сараптама жөнінде жалпы айтсақ, қандайда бір арнаулы саладағы білімді тартуды қажет ететін сұрақтарды шешу үшін хабардар адамның (сарапшының) жүргізетін зерттеуін айтамыз.

Сот сараптамасы – жеке іс жүргізу әрекеті, оның мәні мән-жайларды шешу үшін маңызы бар жағдайаттарды белгілеу мақсатында арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін іс материалдарын зерттеу болып табылады. Дәл осылайша “сот сараптамасы” ұғымы Қазақстан Республикасының “Сот сараптамасы туралы” Заңының 1-бабында белгіленген.

Сот сараптамасы қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді падаланудың ең білікті нысаны болып табылады. Ол іс бойынша сотқа дейінгііс жүргізу барысында және оның сот қарауында барлық ғылыми танымның құралдарының арсеналын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, сот пен алдын ала терегеу органдарының танымдық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.

Сараптаманың негізгі сипаттарын анықтай отырып, сараптама арнаулы ғылыми білімдерді тартуды қажет ететін қылмыстық істі тергеу немесе сот қарауы барысында туындайтын проблемалық танымдық ситуацияны жеңу нысаны болып табылатындығын білу керек.

Мұндай шешім кезінде сараптаманың сипаттамасы ретінде оны тағайындау мен жүргізудің мақсаты мен шарттарын бөліп алуға болады.

Мақсаты сарапшы қортындысының жаңа дәлелдерін алу, қылмыстық істң жаңа мән-жайларын анықтау болып табылады.

Шарттарына мыналар жатады:

  • арнаулы ғылыми білім негізінде зерттеу жүргізу. Сараптамаға қатысты “арнаулы ғылыми білім” терминің пайдалануға баса назар аудару керек;
  • сараптаманы аранйы іс жүргізудің тұлғасы, қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардан оны айрықшалайтын құқықтары мен міндеттерінің жеке жиынтықтары бар сарапшының жүргізуі;
  • заңмен реттемеленген сот сараптамасының іс жүргізу нысаны, оған оны тағайындау, жүргізу, зереттеу нәтижелерін рәсімдеу және оларды бағалау, сондай-ақ сараптамаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері жатады. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін белгілеудің іс жүргізу нысаны бойынша дәлелдеме болып табылатын сарапшының қорытындысы болады;
  • зерттеушінің белгілі бір теориялық принциптері мен тәжірибесіне сүйенетін бағалаумен фактілерді түсіндіру негізінде тұжырымды зерттеу нәтижесіндегі қалыптастыру. Сарапшылық зерттеудің нәтижесі фактілерді анықтау, табу емес, ол оның өмір сүруі туралы тұжырым, ой қорытындысы. Соңғысы сарапшының өзінің арнаулы ғылыми білімдері негізінде жүргізген объектілерде аныталған белгілер мен байланыстарды жиынтықты бағалау жолымен белгіленеді. Сарапшының тұжырымы фактілерді өзгеше түсіндірудің, даласудың принципті мүмкіндіктеріне жол бере отырып, сол арқылы пікір ретінде қалыптасады.

  1. Сот сараптама пәнінің міндеттері және қылмыстық іс жүргізу құқығындағы орны

Сот сараптамасы ұғымының анық анықтамасының практикалық аса маңызы бар, ойткені онгың болмау сараптамаларды жүргізу практикасының іс жүргізу және ұйымдастырушылық сәттерінде келеңсіз көрініс табады да, сөйтіп сараптаманы жүргізуден бас тартудың, сараптаманы өзге іс жүргізу әрекеттерімен ауыстырудың, сарапшының құзретінен тыс сұрақтарды қоюдың негізделеген себебі болады.

Әдебиеттердесот сараптамасының тақырыбын анықтаудың әр түрлі жолдары бар. Әр авторлар сараптаманың тақырыбын анықтаға жататын мән-жайлар, сарапшылық міндеттер, сараптама объектілер ретінде анықтайды.

В.Д. Арсеньев ұсынған сот сараптамасының тақырыбын анықтамасы ең толықтауы болып табылады: “сот сараптамасының тақырыбы тараптар, оның объектісінің қатысы ( негізгі және қосалқы), олар іс үшін мәні бар және тиісті білім саласы аясына кіретін сұрақтарды шешу мақсатында сараптаманың осы саласымен зерттеледі және оның құралдарымен (әдістерімен, әдістемелерімен) танылады”.

Осы анықтаманың мәні оның философиялық мағынадағы таным затын дұрыс түсінуге негізделгенінде болады. Егер оған дейін барлық анықтамалар таным процесінің бір жағын ғана қамтыса, В.Д.Арсеньевтің анықтамасы сараптама тақырыбының толық үш жақты “формуласын” – танымның субъектісін, міндеттерімен әдістерін көрсетеді.

Алайда, көбіне практикада, сарапшылық зертте негізінде анықталатын, оны шешу үшінмәні бар нақты деректер ретінде (іс мән-жайлар) сараптама тақырыбының ықшамдалған анықтамасы жиі пайдаланылады.

Әдебиеттерде нақты сараптама тақырыбымен тектік (түр) тақырыбы түсінігі ажыратылады.

Сараптаманың тектік (түр) тақырыбы белгілері бір мамандықтағы сарапшының құзіреті, осы тектік (түр) сараптаманың мүмкіндіктерін анықтайды.

Қылмыстық іс бойынша тағайындалатын нақты сараптаманың тақырыбы сарапшының алдына қойылған сұрақтардың ауқымымен анықталады. Ол сараптаманы тағайындау кезінде қажетті ғылыми құзіреттілікке сәйкес сарапшының таңдауымен себептеледі.

Сарапшылық білім саласының сипаттамасы ретіндегі сот сараптамасы тақырыбының ұғымы тиісті сарапшылық міндеттерді анықтау мен жіктеу үшін негізболып табылады.

Сарапшылық міндет – сарапшының алдына қойылған сұрақтағы тапсырманы сарапшының қабылдауы. Гносеологиялық тұрғыдан қарағанда ол оның түпкі мақсаты (ізделінетін факт) мен оған жетудің шарттарын, яғни сараптаманың тағайындау кезінде сарапшыға ұсынылған алғашқы мәлметтерді сиппаттайды.

Сараптаның міндеттері ұғымы көбінші сарапшыға қойылған сұрақ ұғымына ұқсас. Белгілі мағнада міндет ол белгілі бір үлгідегі сұрақтардың мағынасын ғылыми қорытын түсіндіру деген сөз.

Сараптама міндеті дегеніміз тергеу-сот практикасның қажеттілігіне және сот сараптамаларының жетістіктері мен әдістеріне сәйкес сот сараптама тақырыбы мақмұның қорытындылап тарататын нақты деректерді анықтаудың мүмкіндіктері.

Криминалистік сарапшылық міндеттерді жіктеу мен тұрпаттандыру мәселелеріне келсек, қазіргі күндер сот сараптамасы теориясында көрінген осы мәселедегі жолдарға қысқаша талдау жасау керек.

Сарпшылық міндеттерді жіктеу мәселелеріне А.Р.Шляхов жұмыстарында көп назар аударылған. Автор жіктеу үшін көптеген негіздердің бар екендігін, атап айтқанда, “сот сараптамасы міндеттерін дифференциалауды дәлелдеуге жататын (немесе қызыметшілерді азаматтық іс бойынша шешім шығару үшін) қылмыстық с мән-жалары топтарын ескере отырып жол берген жөн және пайдалы деп көрсетеді. Олардың дифференциясын қылмыс құрамының төрт белгілерінің элементтері бойынша жүргізген қызықты болмақ (одан әрі істердің жеке санапттар бойынша, ал мұны ешкімде әлі жасаған жоқ). Оларды сот сараптамасы объектілерінің негізгі топтары бойынша бөлуге болады, осы негіз бойынша бөлу тергеушілер мен судьялар үшін біріншіге қарағанда мәні төмен болса да, бірақ сарапшылар үшін ол қызықты болуы мүмкін. Міндеттерді олардың шешу дістері бойынша бөлу – сараптама әдістерін іздеумен әдістемелерін әзірлеу процесінде зерттеу мәніне ие болады” деп көрсетеді.

А.И.Винберг пен Н.Т.Малаховский ұсынған диагностикалық, жіктеушілік, тендестірушілік, ситуациялық деңгейлер міндеттерін бөліп шығаруға әкелетін сарапшылық міндеттерді жіктеудің “деңгейлік” амалы кең түрде танымал болды.

Диагноситкалық сарапшылық зерттеудің мақсаты объектілерді танып білу болып табылады. Олар объектінің табиғатын, олардың қасиеттерімен күйін, белгілі бір сипаттан ауытқуын, осы өзгерулердің себептерін және оларды қылмыстық оқиғамен байланысын анықтауға бағытталған .Диагностикалық деңгейдегі міндеттердің мысалдары затты оқпен атылатын қаруға жатқызу, адамды теңдестіру үшін саусақ таңбаларының жарамдылығын анықтау болып табылады.

Жіктеушілік сарапшылық зерттеудің мақсаты объектілердің белгілі бір кластарға, соның ішінде стандартталғандарға қатыстылығын анықтау болып табылады. Осы міндеттердің мысалдары ретінде биологиялық текті объектілердің, лакты бояу материалдарының, есірткілердің жіктеушілік қатыстылығын анықтауды айтуға болады.

Теңдестірушілік сарапшылық зерттеудің мақсаты жекелей белгілі объектілердің тепе-тендігін немесе материалдық белгілер көріністері бойынша олардың шығу көздерін анықтау болып табылады. Теңдестірушілік міндеттерді шешу екі кезенде жүзеге асырылады: 1-тендестірілетін және тендестіруші объектілердегі жалпы (толық) белгілердің сәйкес келуін анықтау, 2-дараланатын объектілердің сәйкес келетін және белгілерінің жиынтығы бойынша жекелей — белгілі объектілердің тепе-теңдігін анықтау. Егер объектіні дараландыруға сәйкес келетін жеке белгілер жеткіліксіз болса, онда тендестірушілік міндетті шешу объетінің топтық қатыстылығын анықтаукмен аяқталады. Тендестірушілік мндеттердің мысалдары жазуы бойынша қолжазба мәтінінің орындаушысын, атылған оқ-дәрілері бойынша атыс қаруының нақты данасын, бөліктердің бір құжатқа қатыстылығып анықтау болып табылады.

Ситуалогиялық (ситуациялық) зерттеудің мақсаты жеке оқиғаларды анықтау блып табылады, олардың негінде қылмыстық іс ауқымындағы жалпы оқиға механизміне қайта құру жүргізіледі. Ситуологиялық міндеттерге, мысалы, нақты жағдайларда мылтықтың өздігінен атылып кету мүмкіндігін анықтау, суық қарумен зақымдар салу шарттарын анықтау жатады.

Бүтіндей, деңгейлік амалды мойындай отырып, көптеген авторлар жіктеу деңгейлері мен негіздері тізбесінің өз нұсқаларын ұсынады. Бұл тәсіл сарапшылық таным деңгейі туралы көз-қарас пен сарапшылық технологияға бағдарланған.

Н.Т.Малаховская диагностикалық, жіктеушлік, тенестірушілік және ситуологиялы деңгейлер туралы айта отырып, “бұл — сарапшылық зертеудің негізгі әдістерінің деңгейлері… олардың негізінде жеке әдістер және нақты сараптамаларды зерттеудің әдістемелері әзірленеді, басқаша болса, олар методологиялық деңгейлер болып табылады” деп шынайы көрсеткен.

  1. ҚР сот сараптама органы және жалпы ғылыми ерекшеліетері

Заң мазмұнынан шықсақ, сараптаманың объектілері қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген ақпараттық заттандырылған көздері – қылмыстық іс материалдары болып табылады. Әдебиеттерде сот сараптамасының объетілері, көбіне сарапшылық зерттеуді қажет ететін іс мән-жайының материалдық жеткізгіштері ретінде, я болмаса, арнаулы білімдерді пайдалану арқылы алынатын фактілер мен уақиғалар, фактілер деректердің көздері туралы ақпараттың жеткізгіштері ретінді белгіленеді.

Сарапшылық зерттеуге тек нақты заттар ғана емес, егер олар жөнінде ақпарат заттандырылған көрініс тапса, онда, соныменбірге әр түрлі процестер (оқиғалар, құбылыстар, әрекеттер) жатқызылуы мүмкін.

Сараптама объектісінің жалпы ұғымымен бірге заттық, нақты және тікелей объектілер ұғымы деп ажыратылады.

Заттық объект – сараптаманың белгілі бір клас, тегі, түрі аясында зерттелетін қасиеттердің ортақтығымен бірлескен ақпараттың материалдықжеткізгіштерінің жиынтығы. Заттық объекті ұғымы сараптамалардың жеке кластарын, тектерін, түрлерін ажыратқан кезде елеулі рөл атқарады.

Сараптаманың нақты объектісі нақты сарапшылық зерттеудің өзіндік ерекшелігін көрсететін дара және қайталанбас объекті деп аталады.

Зерттеудің тікелей объектісі, ол ақпараттың сол бір материалдық жеткізгіші сараптамалардың әр түрлерінің объектілері болуы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Сондықтан да, объектінің зерттеуге ұшырайтын сол жақтарын, қасиеттерін анықтаған орынды болмақ. Мысалы, нақты құжатты зерттеу кезінде тікелей объектілер ретінде құжаттағы қолжазбаны орындаған жазу (сот жазутану сараптамасының объектісі) және мөр бедері (құжаттардың сот-техникалық сараптамасы) болуы мүмкін.

Объектілер іс жүргізу нысандары бойынша диференциаланады (ҚІЖК-нің 248-бабы 1-б.). Осы белгілер бойынша олар былайша бөлінеді: заттай дәлелдемелер, құжаттар, көзі тірі адамдар (бұл жағдайда адамның денесімен қатар, психикалық, психологиялық, физиологиялық және басқа да процестері зерттелуі мүмкін); сарапшылық зерттеу үшін үлгілер; қылмыстық іс материалдарында көрінген сараптама затына жататын мәліметтер; берлілі бір іс жүргізу мәртебесі жоқ объектілер (яғни қылмыстық істезаттай дәлелдемелер ретнде немесе моральдық – этникалық түсініктер (мәйіттер) бойынша, я болмаса, оларға заттай длелдемелер режимін (ғимараттар, үй-жайлар) қолданудың нақты мүмкін еместігі бойынша.

Сарапшы оның қарамағына ұсынылатын материалдарды зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды беретіндіктен, қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде сарапшылық зерттеу мен сарапшы қорытындысының сапасы, көбінде, сараптама тағайындаған органның объектілермен болатын іс-әрекет ережелерін дәл және ұқыпты орындаумен анықталады. Тиісті талаптар заңда баяндалған.

Атап айтқанды, процесті жүргізу аталған орган сарапшылық зерттеу объектілерінің сенмділігі мен оларға жол берілетндігіне кепілдік береді (ҚІЖК-нің 248-бабы 2-б.).

Сарапшылық зерттеуге арналған іс материалдарының сенімділік кепілі, сондай-ақ оларды зақымдауды немесе олардың қасиеттерін өзгертуді болдырмауды қамтамасыз ету үшін сарапшылық зерттеу объектілері, егер олардың көлемі мен қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйде беріледі. Басқа жағдайларда сараптаманы тағайындаған адам сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізуді, оларға бөгетсіз қол жеткізу және зерттеу жүргізу үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етуге тиіс (ҚІЖК-нің 248-бабы 3-б.).

Сарапшылық зерттеу объектілерін басқаша пайдалану ҚІЖК-де ҚР Әділет министрлігінің 1998 жылғы 12 қарашадағы №121, ҚР Бас проркуратурасының 1998 жылғы 1-желтоқсандағы №1043, ҚР ҰҚК-нің 1998 жылғы 8 желтоқсандағы №73, ҚР Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №598, ҚР ІІМ-нің 1998 жылғы 2 желтоқсандағы №429, ҚР мемлекеттік табыс министрлігінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы №111 бірлескен бұйрықтарымен бекітілген “Соттардың прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық істер және құқық бұзушылық туралы істер бойыншазатта дәлелдемелерді, құжаттарды алудың, есепке алудың, жіберу мен жоюдың тәртібі туралы” Нұсқаулықта көздерген заттай дәлелдерді алудың, іске қоса тігудің, сақтау мен жоюдың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.