ІЗ-ТАНУ (ТРАСОЛОГИЯЛЫҚ) САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ МЕН НЕГІЗГІ ОБЪЕКТІЛЕРІ

1.Сот-сараптамасы трасологиялық зерттеу қылмыстық істердің әр қилы санаттары бойынша, сонымен бірге жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы, халықтың денсаулығына және адамгершілкке қарсы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істер бойынша жүргізіледі.

Сот трасологиялық сараптаманың тақырыбы:

  • із-кескіндері бойынша әр түрлі объектілерді жекелей тендетіру;
  • заттар бөліктерінің бір бүтінге қатыстылығы;
  • із-кескіндердің пада болу шарттарын анықтаумен баланысты іс жағдаяттарын арнайы ғылыми білім негізінде анықтау болып табылады.

Сараптаманың объектілері іздер мен олардың модельдері, заттай дәлелдемелер, оқиға орнының заттық ахуалы, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер және сараптама тақырыбына жататын өзге де іс материалдары болып табылады.

Трасологиялық сараптаманың объектілері ретіндегі іздер дегеніміз: қылмыс оқиғасымен байланысты әрекеттер мен түйісу нәтижесінде болған, сыртқы құрылым белгілерінің және өзге де тұрақты кеңістіктің шекаралары бар объектілер қасиеттерінің материалдық көріністері.

Трасологиялық сараптаманың объектілері – барлық іздер емес, тек із-кескіндер, ізді қалдырған объектінің белгілері көрінген іздер жіне олардың пайда болу механизмі. Нақты жағдайларда көрінетн көрсетілгенобъектілер мен қасиеттерінің әсер етуінің материалдық көріністер іздер болып табылады. Іздерде: а) зерттеу аясына кіретін объектілердің өзара әрекет ету фактісі; б) өзара әрекет ету нысаны (механикалық, химиялық, биологиялық); в) әсер ету бағыты мен күші, із түйісуінің механизмі мен шарты; г) із қалдыруда көрінетін объектілердің қасиеттері белгіленеді, мұнда объектілердің сыртқы құрылымын анықтайтын қасиеттердің аса маңызы бар.

Іздердің криминалистік мәні ол бойынша тергелетін оқиғаның жағдаяттарын анықтау мүмкіндігімен анықталады.

Трасологиялық сараптама әр түрлі негіздер бойынша іздерді жіктеу пайдаланылады, сараптама жүргізуге материалдарды дайындау үшін іздердің шығу тегі бойынша:

  • бүтіндей адам денесімен оның жеке бөліктері қасиеттерінің белгілерін көрсететін гомеоскопиялық іздерді;
  • адам денесі асиетін және бір мезгілде денеге киілген р түрлі заттардың (аяқкиім, киім) немесе адам денесі бөліктерін ауыстыратын және белгілі бір мөлшерде олардың қызметін атқаратын (қол, аяқ, тіс протездері, балдақтар) заттарды көрсететін механогомикалық іздерді;
  • саймандар мен механизмдер қасиетн көрсететін механоскопиялық іздерді;
  • жануарлар іздерін дифференциялау тиімді.

Гомеоскопиялық іздер – адам қолдары іздеріне (дактилоскопиялық), адам аяқтары іздері, адам басының терілері іздеріне, адам тістері іздеріне, сараптама жүргізу кезінде, механогомикалық іздер – киімнің механикалық зақымдануына, бөліктер бойынша бүтнді анықтауға сараптама жүргізу кезінде, механоскопиялық іздер – бұзу аспаптары іздері мен құрал-саймандар, құлыптар, пломбылар, суық қаруға: жаппай өндірілетін бұйымдарға сараптама жүргізу кезінде зерттеледі.

Сот трасологиялық сараптаманың түрлеріне суық қаруды сот-сарапшылық жатады.

Затты суық қаруға жатқызу туралы сұрақты шешу үшін сарапшы оның белгілі бір суық қару түріне жатқызуға болатын белгілер жиынтығының бар/жоқ екендігін анықтайды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы “Қарудың жеке түрлері айналымына мемлекеттік бақылау түрі” №339-1 Заңының 1-бабы 3) тармақшасына сәйкес нысананы тікелей зақымдайтын құралы адамның бұлшық еттері күшімен әрекетке келтірілетін қару суық қаруға жатқызылады.

Сот трасологиялық сараптаманың ғылыми-әдістемелік негіздері із құраушы объектілердің морфология беттері заңдылықтарымен функционалды қасиеттері болатын, сондай-ақ олардың іздердегі белглерін көрсетуге әкелетін өзара әрекеттесму механизмдері болатын сарапшылық білім саласын құрайды. Сот трасологиялық сараптама әдістемесіне криминалистік, физикалық, химиялық, математикалық, техникалық және өзге де әдістер кіреді.

Сот тарсологиялық сараптама тағайындау үшін материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) заттай дәлелдемелердің сипаттамасы, оларды сақтау мен тасымалдау жөніндегі мәліметтер болуы керек.

Трасологиялық сараптаманың көбінт тағайындау кезінде іздердің сипаттамасы ғана емес, сонымен бірге олардың өзара орналасу ерекшеліктерінің де мәні бар. Сондықтан-да сызбалар мен түсіндрмелермен жабдықталған оқиға орнының тексеру хаттамасын да ұсыну талап етіледі.

Зерттеуге заттай дәлелдемелердің түпнұсқасы ұсынылады. Көшірмесін ұсыну тек ерекше жағдайларда, затты алу мүмкін болмаған кезде сол себептерді көрсеткен қаулымен бірге ұсынылады. Көшірме дайындалғанда, объектіні фотоға түсіруге де болады.

Дактилоскопиялық сараптама тағайындау кезінде салыстырмалы үлгілер ретінде тиісті нормативтік талаптарға сәйкес алынған дактилоскопиялық карталар ұсынылады. Сезіктілердің қол із-таңбалаымен бірге, күнделікті өмірдегі іс-әрекет барысында заттарға қолы тиюі мүмкін адамдардың да қол із-таңбалары ұсынылады.

Аяқ іздерін салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер ретінде сезіктінң (айпталушының) жаланаяқ із-таңбалары, осы адамдардың жалаңаяқтарының 2-3 көшірме бедері, аяқкиім, шұлықтар (нәскейлер), 2-3 экспериментиті түрде алнған із жолдары, оларды алу үшүін тексеретін адам баспа бояуының жұқа қабаты жағылған қағаз лентаның үстімен жүргізеду.

Тіс бедерінің экспериментті салыстырмалы үлгілердіне тістердің, жақтардың модель-көшірмелер немесе маманның көмегімен алынған олардың бедерлері жатады.

Бұзу іздеріне сараптама тағайындау кезінде қаулыда құлып механизмі қандай күйде (ашық, жабық) болғандығын көрсету, жабу құрылғысы, есік қораптары, есік босағалары, есік алдындағы еден (жер) бөлігін жазып көрсету керек.

Пломбаларға сараптама жүргізуге арналған материалдарды дайындау жағдайында сараптамаға сол адамның бекіткен 3-5 ұқсас экспериментті пломбалары жіберіледі.