СОТ САРАПТАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТЕРГЕУШІ МЕН СОТТАРДЫҢ БАҒАЛАУЫ

  1. Сарапшының қортындысының мазмұны

Істі заңды, негізді және әділ шешу үшін маңызы бар мән-жайлар дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану процестерінен тұратын дәлелдеулерарқылы анықталады.

Дәлелдемелердің қатарына заң сарапшысының қорытындысын да жатқызады (ҚІЖК-нің 120-бабы).

“Сарапшы қорытындысы” деген терминнің екіжақты мағынасы бар: біріншіден, ол сот дәлелдемесінің түрі, екіншіден, ол, осы дәлелдеме баяндалған іс жүргізу актісі.

Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес сарапшы қорытындысы – ол осы заңда көрсетілген жазбаша нысанда ұсынылған, қылмыстық процесті жүргізуші орган немесе тараптар сарапшының алдына қойған мәселелер бойынша көрсетілген объектілерді зерттеуде арнаулы ғылыми білімін пайдалана отырып жүргізілген нәтижелерге негізделген қорытындылар. Қорытындыда сарапшы зерттеу кезінде қолданған әдістер, қойылған мәселелерге жауаптардың негіздемесі, сондай-ақ іс үшін маңызы бар және сарапшының өз бастамасы бойынша анықталған мән жайлар көрсетіледі. Сарапшының ауызша түсініктемесі ол бұрын берген қорытындыны түсіндіруі бөлігінде ғана дәлел болып табылады. Сарапшының қорытындысы қылмыстық процесті жүргізуші орган үшін міндетті болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келіспеушілігі дәлелді болуы тиіс.

Заң іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сарапшы қорытындысының мына ерекшеліктеріне аса назар аударады:

  • қорытындының ҚІЖК-нің 251-бабында белгіленген міндетті жазбаша нысаны болады. Сарапшыдан жауап алу барысындағы оның ауызша жауаптары қорытындыны түсіндіреді, бірақ оны ауыстыра алмайды;
  • дәлелдеме ретінде сарапшының қорытындысына оның тұжырымдарымен бірге, сараптама жүргізудің негіздерін, тапсырмаларды, зерттеу барысы мен сарапшы тұжырымдарының негіздеуі сипаттамалары да кіреді. Сонымен, сарапшы қорытындысы тек қойылған сұрақтардың жауаптарывн тұжырымдаумен ғана бітпейді. Зерттеулерді сипаттаудың болмауы қорытындыны дәлелдемелік мәнінен айырады;
  • қорытынды берілгеннен кейін сапаршыдан жауып алу жүргізу жағдайында, тіптен арнаулы ғылыми білімдерге негіздерсе, одан алынған өзге мәліметтер емес, алдында берілген қорытындыны түсіндірулер дәлелдеме болып табылады. Сарапшыдан жауап алу барысында оған қойылған сұрақтарға сарапшының жауаптары қорытындының құрамдас бөлігі болып табылады;
  • сарапшының қорытындысы қөылмыстық процесті жүргізуші орган үшін міндетті болып табылмайды, сондықтан қорытындыға сыни емес көзқарастан көрінетін мүмкін болатын қателерді болдырмауға назар аударылады. Алайда, ҚІЖК-нің 25-бабы 2-бөлігіне сәйкес ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды дегенге қарамастан, қылмыстық процесті жүргізуші орган тиісті дәлелсіз сарапшының қорытындысын қайтара алады.

Қолданыстағы дәлелдемелердің жіктеушілігі тұрғысынан сарапшының қорытындысын талдай отырып, ең алдымен, бұрынғы негіздемелеріне қарағанда, әрдайым жаңа нақты деректер болып тұруы керек. Сарапшының қорытындысы зерттелетін материалдардың мазмұнын қайталамайды және іс бойынша жаңа длелдеме болып табылады. Бұл жерде, сарапшының қорытындысы туынды дәлелдеме емес, бастапқы дәлелдеме болатындығын айту керек.

Сарапшының қорытындысы айыптау, сонымен бірге дәлелдемесі болып қызметатқара алады, өйткені сарапшы тұжырымдары субъектінің кінәсін растауы да немесе оның қылмысқа қатыстылығын растамауыда мүмкін.

Дәлелдеме тақырыбына қатыстылығына байланысты сарапшы қорытындысы іс бойынша тікелей немесе жанама дәлелдеме болады. Көп жағдайларда қорытынды жанама дәлелдеме болады, алайда бірқатар жағдайларда ол тікелейдің қатарына жатқызылуы мүмкін. Көбінде ол сот-медициналық сараптама саласындағы қорытындыларға қатысты болады.

Істің нақты мән-жайларын анықтау үшін сарапшының қорытындысын пайдалану кезінде тергеу және сот практикасының елеулі кемшліктері ітегі бар қорытындыларды пайдаланбау не оларды тиісінше пайдаланбау болып табылады.

Қорытындыларды тиісінше пайдаланбау әр түрлі нысандарда көріні мүмкін:

  • үкімде және басқа да іс жүргізу актілерінде қорытындыны дұрыс түсіндірмеу (мысалы, тектік (топтық) қатыстылық тужырым жеке тепе-тендік туралы тұжырым ретінде, ихтималды нысандағы тұжырым кесімді тұжырым ретінде баяндалады);
  • қорытындыны толық пайдаланбау – сарапшының бір тұжырымдарыда ескеріледі де, екіншілері еленбей қалады;
  • сарапшының анықтаған фактілерін дұрыс түсіндірмеу.

  1. Сараптамашылық зерттеудің сатылары

Сарапшының қорытындысын анықтаушысы, анықтау органы, тергеуші, прокурор, судья дәлелдемелерді жан-жақты, толық және объективті қарудың жиынтығына негізделген өздерінің ішкі сенімдері бойынша, заң мен ар-ожданды басшылыққа алып, дәлелдемелерді бағалаудың жалпы ережелері бойынша бағалайды (ҚІЖК-нің 25-бабы 1-б.).

Сарапшының қорытындысы іс бойынша басқа дәлелдемелер бағаланатын негіздерде бағаланады. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сарапшы қорытындысын бағалауға іс бойынша оның қатыстылық, жол берушілік, сенімділік және дәлелдемелік маңызын анықтау кіреді.

Егер нақты деректер іс бойынша маңызы бар мән-жайлардың өмір сүруі туралы тұжырымдарды растайтын, растамайтын немесе күмән келтіретін болса, дәлелдеме іске қатысты деп танылады. Сарапшы қорытындысының қатыстылығы әдетте күмән тудырмайды, өйткені ол ең бастан қылмыстық процесс шеңберінде қалыптастырылады. Бұл жағдайда бағалау, негізінде, сараптама объектілерінің қатыстылығын, сондай-ақ сарапшының өзінің бастамасы бойынша жасаған тұжырымдарын тексеруге бағытталуы тиіс.

Жол берушілік – ол оны нақты деректердің (мәліметтер, ақпараттар) заңды көздері тұрғысынан, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңына көзделген тәртіпте, осындай көздерде болатын нақты деректерді алудын тәсілдері мен бекіту нысандарын сипаттайтын дәлелдеме қасиеті.

Сонымен, егер дәлелдеме Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген тәртіпте алынған болса, оған жол беріледі деп танылады.

Дәлелдеме ретіндегі жол берушілікке төрт критерий кіреді:

  • дәлелдемелерді алуға бағытталған іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқықты тиісті субъект;
  • дәлелдеме мазмұнынан құралған … нақты деректердің тиісті көзі;
  • дәлелдемелерді алу үшін пайдаланылатын тиісті іс жүргізу әрекеті;
  • дәлелдемелерді алу үшін пайдаланған іс жүргізу әрекетін өткізудің тиісті тәртібі.

Сондай-ақ сарапшы қорытындысын бағалау туралы мәселе адам құқығын сақтау тұрғысынан сарапшы пайдаланған арнайы әдістер мен әдстемелерге жол берушілік проблемасымен байланысты. Бұл жерде объекті ретінде адам болатын сараптама түрлері жайында сөз болып отыр.

Сарапшы қорытындысының жол берушілігін бағалауға бірқатар элементтер кіреді:

  • ғылыми құзіреті және іс бойынша іс жүргізу барысында нақты адамға ұсынылатын іс жүргізу талаптарын қанағаттандыру тұрғысынан сарапшының өзін бағалау;
  • алудың заңды амалдары мен тәсілдері тұрғысынан сарапшылық зерттеудің объектілері ретінде ұсынылатын материалдарға жол берушілікті бағалау;
  • сараптама тағайындау кезінде сот және процестің өзге де қатысушылары іс-әрекеттерінің заң талаптарына сәйкестиігін бағалау.
  • Сот сараптамасын жүргізу барысында сарапшының, сот сараптамасы органы басшысының соттың және процестің өзге де қатысушыларының әрекеттерінің заң талаптарына сәйкетілігін бағалау.
  • Сарапшының қорытындысына немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға оны бекіту нысандарының заң талаптарына сәйкеситілігі тұрғысынан баға беру.

Егер тексеру нәтижесінде оның шындыққа сәйкестілігі анықталса, дәлелдеме сенімді болып табылады.

Сарапшы қорытындысының сенімділігінің, яғни оны шындыққа сәйкестігін анықтау оны бағалаудың ең қиын кезені болып табылады, өткені оның анық формалды критерийлері болмайды.

Сарапшы қорытындысының сенімділігін бағалау екі амалда жүргізіледі:

  • сарапшы қорытындысының негізділігін бағалау, оның барысында ол басқа дәлелдемелерден бөлек алынып,жеке зерттеледі;
  • сарапшы қорытындысының дұрныстығын, оны іс бойынша өзге дәлелдемелермен салыстыру және басқа дәлелдемелермен сәйкестігін анықтау арқылы бағалау.

Көптеген әдебиеттерде баяндалған ұсыныстарға сәйкес сарапшы қорытындысының негізділігін бағалау мына параметрлер бойынша тексеруді көздейді:

а) сарапшы қолданған зерттеу әдістемесінің сенімділігі;

б) сарапшыға ұсынылған материалдардың дұрыстығымен жеткіліктігі;

в) жүргізілген зерттеудің толықтығы;

д) сарапшы анықтаған белгілерді дұрыс түсіндіру;

е) сарапшы тұжырымдарының жүргізілген зерттеуге сәйкестігі, зерттеу нәтижелері мен сарапшы тұжырымдары арасындағы лгикалық байланыстың болуы.

Сарапшы қорытындысын бағалаудың соңғы кезеңі оның дәлелдемелік маңызын анықтау болып табылады. Сарапшы қорытындысының дәлелдемелік маңызы сарапшының анықтаған мән-жалары іс бойынша дәлелдеу тақырыбына кіретіндігіне көп байланысты (ҚІЖК-нің 117-бабы). Тікелей дәлелдеме болып табыладыт сарапшы қорытындысы, негізінде, іс бойынша аса маңызды болады. мысал ретінде есірткілерге, суық және атыс қаруға жүргізілген сараптама нәтижелерін келтіруге болады.

Жаңама дәлелдеме болып табылатын сарапшылар қорытындыларының дәлелдемелік маңызы бірқатар факторларға байланысты және іс бойынша нақты ситуациямен анықталады. Олар іс жүргізу шешімінің негізіне тек істің өзге мән-жайларымен, ондағы тізбектің бірі ретінде жиынтықты болуы мүмкін.

Сарапшы анықтаған мән-жайлардың мәнділігі қорытындының мазмұны мен нысанына байланысты түрленеді, ол жөнінде сөз алда болады.

Сарапшының қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламасы сот дәлелдемесі бола алмайды, өйткені онда қылмыстық істің мән-жайлары жөнінде нақты деректер болмайды. Алайды, оны бағалау қойылған сұрақтардың жауаптары бар сол сарапшы қорытынды бағаланатын принциптер бойынша жүргізіледі. Осыныдай шешімдерді бағалау кезіндегі қылмыстық процесті жүргізші органның қатесі оларды сенімге ал болып табылады, алайда олар көбінде сарапшының ұсынылған материалдарды дұрыс бағаламау, қойылған міндеттерді дұрыс түсінбеу, сараптамаларды тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу және ұйымдастырушылық ережелерін бұзу салдарынан болады. осыған байланысты, сол сұрақтар және сол объектілер бойынша тағайындалған қайталама сараптама тергеудің (соттың) мүдделі сұрақтарына кесімді түрде шешу мүмкіндігін береді.

  1. Сараптама нәтижелерін қолдануы, тергеуші және соттардың бағалауы

Сарапшылар қорытындысын бағалаудың ерекшеліктері көбінде жүргізілген сараптама түрлерімен, сарапшылық қорытындының мазмұнымен, сондай-ақ тұжырымдардың логикалық нысанымен анықталады, сондықтан да тектік (топтық) қатынастылық туралы тұжырымдардан, сондай-ақ ықтималды, шартты және баламалы нысандағы тұжырымдардан тұратын қосымша және қайталама сараптама жүргізудің нәтижелері бойынша қорытындыларды бағалаудың жағдайын қарастырған лайықты болады.

Қайталама сараптама жүргізудің нәтижелері бойынша қорытындыны бағалау тек бастапқы сараптама қорытындысымен жиынтықта, ал қосымша сараптама жүргізудің нәтижелері бойынша қорытындыны бағалау – негізгі қорытындымен жиынтықта жүргізіледі. Бұл жағдайда бағалау элементі қорытындыны салыстырмалы талдау болып табылады.

Бастапқы және қайталама сараптамаларда қайшылықтардың болуы кезінде сот бір қорытындының екіншіден артықшылығын дәлелдеу немесе қайшылықытарды жою үшін жаңа сараптама тағайындауы керек.

Тектік (топтық) қатыстылық туралы тұжырымдарды бағалау кезінде олардың дәлелдемелік күші объекті жатқызылған кластың таралушылық дәрежесіне кері пропорционалды. Осы таралушылық туралы білу сарапшылық қорытындысын дұрыс бағалаудың қажетті шарты болып табылады.

Ықтималды нысандағы сарапшы қорытындысының дәлелдемелік маңызын бағалау сот сараптамасы теориясымен практикасында талас пікірдегі мәселе болып табылады. Ықтималды қорытындылардағы жол берушілік, соның ішінде оларды ықтималдылық теориясы тұрғысынан түсіндірудің жақтастарыда бар. Алайда, ықтималды сарапшылық қорытындыларға жол бермеу туралы пікірлер кең тараған. Мысалы, В.Д.Арсеньев қойылған сұраққа толық кесімді түрде жауап беру мүмкін болмаған кезде, сарапшы оған ішінара, бірақ кесімді жауап беруі керек деп есептейді. Сарапшылық болжамның барынша немесе аз негіздерген болжамды жауабына қарағанда,кесімді жауаптың длелдемелік маңызы болады.

Сарапшының қорыныдыда болжалды тұжырымдар келтіруі, негізінде, қылмыстық процесті жүргізуші органның (адамның) қарауына сарапшылық болжамдарды шешудің нұсқаларын ұсыну болып табылатындана келіскен жөн. осыған байланысты аталған тұжырымдар іс бойынша іс жүргізу шешімінің негізіне қойылмайды.

Алайда, сарапшы хабарлаған фактілер іс бойыншща дәлелдемелердің жылпы жүйесіне қосылатындықтан, тергеушінің (соттың) ықтималды нысандағы тұжырымдары бар сарапшы қорытындысын дәлелдемелік мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі бар. Актінің зерттеу бөлімінде баяндалған сарапшының анықтаған аралық фактілердің әдістемелік маңызын сарапшылық түснідіру жөнінде сөз болып отыр. Бұл шешім сарапшылық зерттеудің ақпараттық және дәлелдемелік жақтарын айыруға мүмкндік береді.

Фактінің мүмкіндігі туралы тұжырым тек ол расталмаған нысанда тұжырымыдалғанда ғана, дәлелдемелік маңызы болады. Фактінің мүмкіндігі туралы тұжырым көбінде тек ақпараттық рөлді атқарады.

Сарапшы өзара бірін-бірі шығаратын екі не одан да көп нұсқаны келтіретін баламалы тұжырымды бағалаудың ерекшелігі, олардың жиынтығында дәлелдемені бағалай отырып, қылмыстық процесті жүргізуші адам тексерілетін нұсқалардың санын шектеп, беруін тандап алуы мүмкін.

Шартты тұжырымдар сарапшы келтірген шарттың шынайлығы сарапшылық зерттеу шегінен басқа іс материалдарымен расталған кезде дәлелдеме ретінде пайдаланылуы мүмкін.