Жеке құжаттар

куәләндіруші тұлға немесе сенімхат беруші адам дауыстап оқып беруі тиіс .

Құжат дайындалғанан кейін, сенімхат беруші тұлғаның қолына беріледі, немесе оның өтініші бойынша сенімхат алушыға беріледі немесе жіберледі.

Ұйым басшысы мынандай жағдайларда сенімхатты куәландырмайды:

  • Егер сенімхат өз атынан емес туысқанының я басқа бір адамның атынан берілсе, сол сияқты сенімхат өз атына емес туысқанының,я басқа бір адамның атына берілсе;
  • Егер сенімхат мазмұнында айтылғандар заңға қайшы келсе;
  • Егер сенімхаттағы датталар жазбаша жазылмаса.

Қолхат

Қолқат-кәсіпорыннан немесе жеке адамнан уақытша пайдалану үшін қандай да бір материалдық бағалы зат (мүлік,ақша,құжат) алынғанын куәландыратын ресми құжат.

Қолхаттама қайтару мерзімі міндетті түрде көрсетіледі,көрсетілген міндеттемесі болады.

Қолхаттың міндетті құрама бөліктеріне; құжат аты, мазмұны, бағалы затты білдіретін адамның аты,құнды заттың санамалы бөліктерінің жалпы саны, кейде бағасы санмен, (жақшаның ішінде сөзбен) қолхат берушінің қолы, күні, айы, жылы көрсетіледі.

Қолхат

Мен “Балаларға базарлық” әмбебап дүкенінің меңгерушісі Худьякова Лариса Сергейқызы азамат Болат Байырбек ұлы Атымбаевтан нақ сондай балалар жұмсақ ойыншығына айырбастап беру үшін құны 276 (екі жүз жетпіс алты) теңге тұратын

“Miky Mause” ойыншығын қабылдап алдым.

12,04,2005жқолыХудьякова Л.С.

Қолхатта әр жолдың ара қашықтығы сақталуға тиіс.