Еңбек қатынастарын құжаттау

Еңбек қатынастарын ресімдеу. Еңбек ресурстарын басқару саласында әкімшлік алдында өзара байланысты міндеттер тұрады. Оларды мынадай кестемен беруге болады:

— Стратегиялық мақсаттардың қойылысы

ЕҢБЕКЖоспарлау- Еңбек ресурстарының барлығы және

қажеттілігін бағалау

— Еңбек операцияларын талдау

РЕСУР-Ұйымдастыру- Біліктілігі талаптары мен қызмет-

ТАРЫНттік нұсқаулықтарды құрастыру

— Кадр саясаты: қызметке тарату, іріктеу

БАСҚАРУБасқаружұмысқа қабылдау.

— Өтемақы арқылы негіздеу

Есепке алу- Жеке құрам қызметін бағалауылысы

Жоспарлау және қызметкерлерді басқаруды ұйымдастыру мәселелері өткен бөлімдерде сөз болды. Енді келесі екі мәселеге: басқару және есепке алуға тоқталамыз.

Бос тұрған қызметке үкіметкерлерді іштен әлде сырттан іздеу мәселесінне көптеген фирмалар стартегиялық мәні бар мәселе ретінде қарайды.

Өз қызметкерлерне үкіметкер ріктеудің бірнеше жолы бар. Басшылардан ұсыныс хат алу -өте жиі қолданылатын тәсіл. Кейбір фирмалар барлық қызметкерлерге қатысты толық мәліметтер жинақталған компютерлендірілген ақпарат жүйесін пайдаланады.

Жалдаудың басқа әдісі –сырттан жұмысшылар шақыру. Бұл әсірсе топтап жалдауда және жоғары білікті жұмысшыларды шақырғанда маңызды. Жұмысқа тартудың негізгі тәсілі хабарландырулар тарату болып табылады. Арнайы білімі бар жұмысшыларды жалдауда тікелей иниституттармен университеттерде тарту әдісі қолданылады. Сондай-ақ еңбекпен қамтамасыз ету бюролары мен нарықтық делдалдар да бар.

Үкіметкерлерді еңбек нарығында іріктеу –фирма үшін жауапты сәт. Дегенмен бұл екі жақты процесс. Фирма үкіметкерді қабылдау әлде қабылдамау керектігін шешеді, ал үміткер –жұмыс туралы ұсынысты қабылдай ма , жоқ па соны шешеді.

Жалдау процедурасы төмендегідей кезеңдерге бөлшектенуі мүмкін:

Біліктілік талаптар, анықтамалық мәліметтер, сондай-ақ ұсынылған жұмыс туралы білімін тексеруге арналған сұрақтар берілген форманы толтыру.

Алдын ала белгіленген сұрақтар бойынша ауызша әңгімелесу қолданылады. Әңгімелесу түрлі арнайы үлгідегі тестілермен аяқталады. Бұл тестілер кеңес қызметкерлеріне арналған типтік тестілер немесе менджерлерге арналған психологиялық тестілер болуы мүмкін. Менджерлікке үміткерлер кейде олардың келешектегі шешімін айқындауға мүмкіндік беретін іскерлік ойындар арқылы тексеруден өтеді.

Ұсыныс хаттар (мінездеме) форманың толтырылуы мен алғашқы әнгімелесудің шындығын тексеруге көмектеседі; екіншіден, басқа адамдардың үміткерге қалай қарайтынын білуге мүмкіндік береді.

Үміткердің болашақтағы басшысымен арадағы жан-жақты әңгімелесуі, біріншіден, алдыңғы кезеңдердегі жеткіліксіз болған мәліметтерді толықтыруға мүмкіндік береді. Екіншіден , үміткердің қарым-қатынас жасау, ұжымға сіңіп кету мүмкіндігін тексереді.бұл кезең үміткердің болашақтағы өз жұмысы туралы сұрап алуына мүмкіндік береді.

Сынау объективті болу үшін мұндай әңгімелесуге басшыдан өзге тағы 2-3 адам қатысады.

Көптеген фирмалар кез келген жұмысқа алуда емтихан қабылдауды қолданады. Кейбір жұмыс түрі (жүргізушілер, ұшқыштар, спорт нұсқаушылары) үміткерлерден белгілі бір физикалық стандарттарды қажет етеді. Кей жағдайларда емтихан жұмыс орындағы қауіпсіздік үшін, медициналық қауіпсіздік және т.б.үшін қажет. Кейде түрлі деңгейдегі қарым-қатынас жасау үшін белгілі бір тілді білуі маңызды болады.

Егер үміткер іріктеу процестеріндегі кедергілердің бәрінен өтсе және еңбек келісімінің шарттары екі жақ үшін де қанағаттанарлық әрі шындыққа жақын болса, ресми ұсыныс жасауға болады. осыдан кейін жалдауды құжаттауға болады.

Фирма жалдаудың кез келген заңды үлгісін қолдануға құқылы. Бірақ жалдау барлық жағдайда еңбек туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес заңды түрде ресімделуі қажет.

Өтініш, келісім, түйін түрлері.

Жұмысқа қабылдану кезінде үміткер өтініш жазады, бұл оның ресми тілегі, әрі штатқа тіркеу үшін негіз болып табылады.

Өтініш мәтінінде жұмысқа алу туралы тілегі баяндалады, мамандығы, кәсібі, квалификациясы мен өзі ұрап отырған қызмет түрі көрсетіледі.

Өтініш қолмен жазылады және төмендегідей деректемелерден тұрады: қабылдаушы (кімге); авторы, автордың мекен-жайы; құжаттың түрі(өтініш); мәтіні;өтніш иесінің қолы, жазылу мерзімі.

Өтініште “кімнен” деген үлгідегі көрсеткіштер жазылмайды, сондай-ақ “Сізден өтініп сұраймын”, “алдын ала рахмет айтамын”, “соған қоса” және т.б. архаизмдер қолданылмайды. Өтініш А4 форматтағы қалыпты қағазға толтырылады.

Жұмысқа қабылдау туралыөтініш мынадай үлгіде болады:

“Эко” фирмасының

Бас диракторы

Сабиров А.С. мырзаға

Ахметова Гүлнар Болатқызынан,

мекен –жайы: 418048, Алматы қ-сы,

Қастеев көшесі, 12-үй, 7-пәтер.

ӨТІНІШ

Мені тасымалдау бөліміне ЭВМ операторы қызметіне жұмысқа алуыңызды сұраймын.

00.00.00Қолы (анық болсын)

Өтінішке қажетті өзге құжаттар: өмірбаян, кадрлық есепке алу жеке қағазы немесе анкета; ұсыныс хат (мінездеме); анкета мен куәлікке қажет фотосурет; білім немесе кәсіби квалификациясы туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі. Төлқұжат жекекөрсетіледі. Еңбек туралы Заң Кодексі (ЕтЗК) мекемелерден заңда көрсетілмеген құжаттарды талап етуге тыйым салады.

Кейінгі кездері кейбір фирмалар жұмысқа алуды аталған қызметке алынатын үміткер туралы объективті мәліметтер берілген түйін (резюме) талап етуде.

Түіннің құрамына төмендегідей деректер кіреді: құжаттың аты (түйін), туған жылы, отбаылық жағдайы, үйінің мекен –жайы, үйінің телефоны, жұмыстағы телефоны, білімі (нені, қашан бітірген, мамандығы), жұмыс орны мен мамандануы бұрынғы жұмыс тәжірибесі, шет тілдерін білу дәрежесі, оргтехникамен жұмыс істей білуі, жеке сапалық қасиеттері, неге әуестігі, қабылдануы мүмкін қызметі. Барлық деректер табулятордың нөлдік деңгейінен басталып азат жолсыз жазылады, бірақ әр дерек жеке жолдан басталады.

Жеке карточкасы қалыпты пішімде (т2 пішімі) болады және оған барлық талап етілген мәліметтерді енгізу қажет.

Басқа қызметке ауысуы туралы өтініш өзгеше толтырылады. Оның қалыпты пішімі ГОСТ талаптарына сәйкес сол мекемеде жасалады.

Ондай өтініштің үлгісі:

Алматы электротехникалық _____________________

зауыты 0273060

ӨтінішЗауыт директоры

00.00.00.Шварц А.С. мырзаға

Өткізу бөлімінің

Технигі Н.Сағындықұлынан

Қазақ ұлттық техникалық университетін бітіруімен байланысты мені өткізу бөлімінің инженері қызметіне ауыстыруыңызды сұраймын.

Жеке қолы

Демалыс алу туралы өтініш арнайы бланкіге толтырылады: мерзімі туралы ақпарат қолымен жазылады. өтініштің бұл түрінде беттің артық жағында демалысқа бөлінген айлықтың есебі жазылады.

Қызметтен босату туралы өтініш деректемелердің құрамы мен толтырылуы жағынан басқа жұмысқа ауысу туралы өтінішке ұқсас.

Оқу демалысын алу туралы өтініш және жүкті болуына немесе босануына байланысты т.б. өтініш түрлерінің мәтінінде соны растайтын құжаттардың (оқу орнынан анықтама, аурулық қағазы және т.б.) бар екендігі көрсетіледі. Бұл құжаттар өтінішке қоса тіркеледі.

Кезекті еңбек демалысын алу мәселесі не бекітілген демалыс кестесі арқылы, не жеке өтініші бойынша шешіледі.

Нарықтық қатынастарға көшу өмірге еңбек қатынасының жаңа түрін- келісім (еңбек келісімін, еңбек шартын) толтыруды әкеледі. Келісімнің жұмісқа алу туралы өтініштен негізгі өзгешлігі, келісімде заң алдында тең екі жақтың келісілген міндеттері мен құқықтары, жалдау ережелері және еңбек дауын шешудің тәртібі көрсетіледі.

Келісім төмендегідей міндетті деректемелерден тұрады: құжаттың аты (келісім, еңбек келісім т.б.) мерзімі, индексі, толтырылған орны, мәтіні, екі жақтың қолдары, мөр. Келісім әр жаққа бір-бірден екі түпнұсқада жасалады. Еңбек келісімінің үлгі ретіндегі пішімі:

КЕЛІСІМ

00.00.00

№____________________________

Алматы қаласы

Бір жағынан: фирма (атауы), оның Жарғы негізінде әрекет етуші директоры (тегі, аты-жөні), бұдан әрі “Жалдаушы”; екінші жақтан: өз атынан әрекет етуші азамат (тегі, аты-жөні), бұдан әрі “Жұмысшы” төмендегідей мәселелер бойынша келісім жасасты:

  1. Келісім заты. 2. Еңбек шарты.3. Еңбек ақысы. 4. Еңбек тәртібі. 5. Демалыс шарты. 6. Әлеуметтік қауіпсіздендіру мен қамтамасыздандыру. 7. Келісім мерзімі және келісімді бұзудың тәртібі. 8. Басқа шарттар. 9. Екі жақтың заңды мекен-жайы.

Жолдаушы :Жұмысбшы:

Заңды мекен- жайыҮйінің мекен-жайы

Қызметі, қолыҚұжаттық мәліметтері

Қол иесінің толық аты-жөніЖеке қолы

КүнҚол иесінің толық аты-жөні

М:О:Күні

ҚР –ның еңбек туралы жаңа Заңында жұмыс беруші мен жұмысщылардың өкілетті адамдары (кәсіподақ) қол қойған жеке еңбек шарты (ЖЕШ) және ұжымдық шарт толықтай сипатталады. ЖЕШ-ның мәтіні мыналардан тұрады:

  • тараптардың деректемелері
  • еңбек қызметі
  • ЖЕШ-ның мерзімі
  • Еңбек шарттарын жүзеге асырудың бастапқы мерзімі
  • Еңбе шарттарының сипаттамасы
  • Жұмыс уақытының және демалыс уақытының тәртібі
  • Жалақының және еңбекті қорғаудың шарттары
  • Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттер
  • Жұмысшының құқықтарымен міндеттері

10) ЖЕШ-н өзгертудің, бұзудың және ұзартудың тәртібі

11) өтемақыны төлеудің және кепілдеме берудің тәртібі

12) тараптардың жауапкершілігі

Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке еңбек шартына басқа да шарттардың енгізуге болады.