Кристалдағы энергиянымүмкін болатын мәндері зоналарға топталады. Атомдар жақындаған сайын күшейе түсетін өзара әсер пайда болады. Барлық атом үшін бірдей болатын бір деңгейдің орнына өте жақын орналасқан, бірақ бір-біріне дәл келмейтін бірнеше деңгей пайда болады, оңашаланған деңгейге ажыратылады да зона түзіледі. Нашар ажырасқан деңгейлердің пайда болған төменгі зоналар электрондар мен толықтырылады. Сөйтіп олар кристалда өздерінің атомдарымен берік байланысын сақтайды. Валенттік электрондар энергиясының рұқсат етілген мәндері кристалда аралықтармен бөлінген валенттілік зоналарға бірігеді, ал осы аралықтарда энергияның рұқсат етілмеген мәндері болады. Бұл аралықта тыйым салынған немесе рұқсат етілмеген электронсыз зоналар деп аталады.
Валенттік зона атомының негізгі күйінде валенттік электрондар болатын деңгейлерден пайда болады. Рұқсат етілген аса жоғары зоналар электрондарды босболады, яғни бос зона (143 сурет) түзіледі.
Валенттік зонаны электрондар толық толтырмайды . электр өрісін электрондарға әсер етуінен туған қосымша энергия электронды бос жоғары деңгейге көшіруге жеткілікті. Сондықтан электрондар электр өрісінде үдетіліп, өрістің бағытына қарама-қарсы бағытта қосымша жылдамдыққа ие болады да ток пайда болады. Кейбір жағдайда толтырылған зоналар қабысып (мұндай заттарға менделеев кестесінің периодтық тобының Ве, Мд, Са,Zn жатады) олардың арасындағы тыйм салынған зона жабылады. Сонымен энергетикалық деңгейлерінің осындай схемасы бар кристалдар – металдар болып есептеледі. (144 сурет).
Валенттік зонаның деңгейлерінде түгелдей электрондар орналасқан. Электрондарды бос зонаға өткізу үшін оның энергиясы тыйым салынған зонаның () енінен кем болмауы тиіс. Егер үлкен болмаса, онда жылулық қозғалыстың энергиясы электрондардың бір бөлігін жоғары бос зонаға көшіруге жеткілікті болды. Сонымен қатар валенттілік зона электрондарының оның бос қалған жоғары деңгейіне көшуіне мүмкіндік туады сондықтан осындай зат электрондық өткізгіш деп аталады.(145 сурет).
Егер тыйым салынған зонаның ені үлкен болсаонда жылулық қозғалыс бос зонаға электрондарды жеткізе алмайды. Мұндай кристалдар изоляторлар деп аталады.