Атомның ядролық моделінің негізі атом ядросының болатындығы және оның қасиеттері жөніндегі түсінік дұрыс болып шықты.Бірақ атом ішінде электрондар орбита бойынша қозғаладыдеген ұйғарым көптеген тәжірибе деректеріне ең алдымен атомның орнықтылығына қайшы келді.
Электрондардың ядроны дөңгелек немесе басқа орбита бойынша айналуы үдемелі қозғалысты келтіріп белгілі бір уақытта олар ядроға құлап түсуі керек еді.
Классикалық электродинамика заңдарына сәйкес үдемелі қозғалатын заряд электромагниттік толқындарды шығарады.Алолар арқылы энергия тасымалданады.Демек атомдағы электрон энергиясы кемиді.Энергия кемілген сайын ол ядроға жақындай береді.Ақырында ядроға құлауғеа тиіс.Ал бұл процессөте қысқа уақытта 10-11с ішінде болатындығын қарапайым есептеулер арқылы көз жеткізуге болады.Ал шындығында бұлайболмайды.Сыртқы әсер жоқта атомдар орнықты болады