Атом, қатты денелер ,атом ядросы және элементар бөлшектер физикасының өркендеуінің негізгі басқыштары

  1. Көне заманнан адамдар өздерін қаршап тұрған әлемді үйренуге және түсінуге ұмтылып жасаған. Мұндай адамдар негізінен Грецияда , Бавилонда және Египетте жасаған . Бірінші болып б. э. д. Шамамен 624-547 жж жасаған Милеттік көпес Фалес Грек ғылымының әлем жайында пікір айтқан.Бұл материяның негізі «су» деп атаған. Оның оқушысы Александр (шамамен 610-546жж) материяның негізгі анықталмағанзат болып «апейрон» ал Александра Анаксимен (588-525) материя негізі ауа деп санағанал біздің шығыс ғалымдарымыз материяның негізі етіпсу, топырақ, ауа және от деп санаған олар өзара әерлесіп жаңа материя туылады деп атаған.

2.Материянң атомистік немесе атомнан тұру пікірі біріншіболыпЛевкап (б.э.д 500-440ж) оның оқушысы атақты Димокрит (б.э.д 460-370 жж) бірінші болып айтып өткен соның үшін Демокрит атомын басқа ешнәрсе жоқ деген Демокрит . Эгейтеңізі жағалауындағы Абдера қаласында жасаған , ол өте көп мемлекетті Бабилон,Египет, Индия , Эфиофияда болып жер шарыныңүлкен бөлігін айналып шыққан .

  1. Демокрит ілімінің негізі:

1) Атомнан және таза кеңестіктен немесе вакуумнан немесе жан заттық жоқ жерден басқа еш нәрсе жоқ,-деген.

2) Атом сан жағынан да пішіндері түрліше жағынан да шексіз.

3) Өз-өзінен еш нәрсе пайда болмайды.

4) Ешнәрсе өз-өзінен келіп шықпайды. Ол үшін белгілі бір негіз және оған мұқтаждық керек.

5) Заттардың ерекшеліктері олардың атомдарының сандық шамалары, пішіндері және орналасу тәртіптерінің ерекшеліктерінен атомдар арасында сапа жағынан ерекшелік болмайды. Бірақ Демокрит және оныңк ілімін идеалистер діншілдер көре алмайды. Мысалы, Плопон өз оқушыларына Демокрит шығармаларын жоғалтуды бұйырды. Бірақ ұлы атомизм пікірі идеалистер мен топтар арасындағы шайқаста жеңіп шығып қазіргі ғылым қорына кіріп келді.

4.Ядролық физиканың басталу эрасы 1932ж болып, сол жылы атом ядросының түзілісі бекітілген.

Ол бойынша:

1) Барлық заттардың өлшемдері шамамен 10-10м болған нейтраль (зарядталмаған) бөлшектерден немесе атомдардан түзілген. Бұл дәлел ХХғ тәжірибе жүзінде тиянақтытүрде орнатылды.

2) Химиялық кез-келген Х элементтің атомын түзуші бөлігі оның реттік номері болып саналушы ядросындағы протондар саны немесе заряды болып есептелуші Z және атомдық массасы немесе протондар мен нейтрондардың қосындысы болған А болып есептеледі.

N=A-ZA=Z-NZ=A-N

3) Атом орталығында оның шомбал ядросы орналасқан болып оның өлшемі шамамен 10-15м-ге тең Ал ядро заряды оң болып +Ze-ге тең болады.

Z-протон саны.

Ядроны электрондық қабықша деп аталатын, жалпы массасы атом массасымен салыстырғанда ескерілмейтін электрондар бұлты айналып жүреді. Сол үшін атом массасын анықтағанда электрон массасы ескерілмейді.

Электрондар бұлты атоммен өте кіші энергиямен байланысқан. Шамамен ~10эВ

Әртүрлі текті түрлендірулерге келтіруші электрон бұлттары болып саналады. Себебі олар өте кіші күштермен өз орындарын өзгерте алады және олар заттардың түзілісіндегі химиялық және көптеген физикалық (мысалы, оптикалық) қасиеттерін белгілейді. Атом ядросы өте орнықты бөлшек болып басқа бөлшекпен болған байланыс энергиясы , мысалы, протонмен нейтронның арасындағы энергиясы 10МэВ-ке тең. Бұл шамаәрбір атомның дискрет немесе меншікті екендігін білдіреді. Сонда атом ядродан оның ішінде протон нейтрон болады және оны қоршап тұрған біртегіс болмаған электроннық қабығынан тұрады. Электрондық қабығының толық заряды ze -ге тең болады. ze екендігін алғаш рет 1913ж Н. Бор және 1915-16жж Зоммерфельттер анықтаған.

Атом ядросы Z протоннан және n нейтроннан түзілген болып оның атом массасы :A=ZP+(A-Z)n тұрып, бұған ядроның протон, нейтрондық моделі делінген. Бұл мазмұнды 1932ж Д. Иваненко және Е. Гапондар ұсынған. Бұған дейін атом ядросының протон нейтрон моделі қолданылған болып, ядро AP+(A-Z)e=2A-Z тең болады.