Гаусс теоремасы

Диэлектриктердегі байланысқан зарядтардың металдардағы еркін электрондардың айырмашылығы тек қана олардың өз молекуласының шегін тастап кете алмауында ғана. Еркін электронның индукция векторы Д тек еркін зарядтардан басталып және өзінде аяқталады. Сондықтан тұйық беттің индукция векторы Острагадский Гаусс теоремасы бойынша табылады.

Ал диэлектриктегі электр өрісінің кернеулік векторы.

Яғни диэлектриктегі электр өрісінің кернеулік векторы ондағы зарядтардың алгебралық қосындысынан тұрады екен.

Диэлектрик пен вакуум арасында ешқашан электр өрісі болмайды. Ал ішінде индукция векторы пайда болады.

Диэлектрик пен диэлектрик шеарасында да электр өрісі болмайды. Себебі диэлектриктердің зарядталуы өз ішінде ғана жүреді, сыртқа шықпайды.

Лекция №8.

Тақырыбы: Разряд.

Жоспары:

  1. Разряд
  2. Разряд түрлері

Разряд депсыртқы әсер тәсірінде газдардағы электр тогы пайда болуына айтылады. Олар екі түрлі болады:

  1. Тәуелсіз электр немесе газ разряды деп күшті электр өрісі әсерінде газдан өздігінен ток өтуіне айтылады.
  2. Тәуелсіз электр разряды деп газдарды иондандыру сыртқы әсер арқылы болып газдардан ток өтуіне айтылады.

Разряд түрлері: бықсыма разряд мұнда берілетін кернеу 60-230 В

дейін болуы мүмкін ток күші 1мА –ден бірнеше Ампер болуы мүмкін.

  1. Солғын разряд бұларда кернеу бірнеше 10В дейін болады. Бұлар кішкене қысымды сынапты, неонды, кварсты, электр лампаларында істетіледі немесе санағыштарда.
  2. Доғалық разряд. Олардың кенеуі 10-15В ток күші 1-ден 1000А дейін болады. Бұлар үлкен қысымды сынапты лампаларда істетіледі.
  3. Тәжді разряд- мұнда кернеуі бірнеше кВ- ры болады. Бұлар дәнекерлеуде істетіледі.
  4. Ұшқынды разряд. Мұнда электр өрісі кернеулігі өте үлкен болып ионазизатордағы кернеу 100В үлкен болады. Ток күші милли амперден (1мА) бірнеше амперге дейін болады. Бұларды біз найзағайда көреміз, яғни аспандағы бұлттарда көп мөлшерде оң иондардың топталуынан болады. Сонда аспан қабаты сфералық конденсатордың бір пластинасы болса 2-ші әсер қызмет етсе зарядтардың соншалықты көп топталған ортадағы ауа қабаты диэлектрик өткізгішке айналып зарядтар ағыны пайда болады. Ал бұл жолдағы ауа молекуласын жандырып найзағайды тудырады.