Сегнетоэлектриктер деп – кристалды заттың ішіндегі симетия центрі жоқтарына айтылады. Ол өздігінен белгілі бір температура аралығында сыртқы электр өрісі кернеулігі болмағанда поляризациялана алады. Бұл құбылыс алғаш рет сегнет тұзының электрлік қасиетін егжей – тегжейлі зерттеген совет физигі Курилатовпен Кобеколар болды. Тексеру 1930-34 ж өткізілген сегнет тұзының екі кюри нүктесі бар.
1) -180С (255К) 2) 240С (297К)
Осы температура оның дипольдік моменттері бірдей бағдарлану шегіне жетіп паралель орналасады. Бірақ оның толық диполдық моменттері нөл болып қалады.
Домендер деп — өздігінен поляризациялану аймақтарына ие болғанына айтылады. Сыртқы электр өрісі кернеулігі әсерінен домендердің моменттері
бір тұтас өріс бағыты бойынша бұрылады. Өте жоғары температурада
сегнетоэлектриктер диэлектриктерге айналып кетеді. Сондықтан, температураның бұл аралық нүктесіне Кюри нүктесі деп аталады. Совет физигі Б.И. Буль бариді титанның Ва ТiO3 формуласы, 1250С- де диэлектрик өтімділігі алты мыңға жететіндігін анықтаған. Кюри нүктесіне жақындағанда диэлектрик өтімділік жоғалып сигнетоэлектриктердің жылу сиымдылығы күрт асатынын байқаған. Онда фазалық ауысу пайда болып кәдімгі диэлектриктерге айналады екен.
Сегнетоэлектриктердің ерекше қасиеттері.
- Диэлектрик өтімділігі өте жоғары.
- Диэлектриктер өрісі кернеулігімен индукция.
Векторлары өзара сызықты байланысқан.
- Диэлектриктік өтімділік электр өрісі кернеулігіне тәуелді.
- Поляризация уақытында дипольдық моменттердің электр өрісі кернеулігінің кешігіп жүруі.
Бұл сызыққа яғни дипольдік моменттің электр өрісі кернеулігімен кемігу сызығына гистерезис деп аталады. Мұндай құбылыс магниттелетін заттарда ұшырайды яғнни кездеседі. Сонда қалдық магнетизмнің әсерінен бір түрлі заттар өзінің магниттелу қасиеттерін сақтап қалып тұрақты магнитке айналады. Бірақ оларда өздерінің кюри температурасына ие. Мұндай зерттеулер негізінен лабараториялық жұмыстармен дәлелденген. Ал табиғатта оны бұл құбылысты өте қиын. Себебі температурадан тыс ол заттарға өте күрделі күштер әсер етуінен және табиғаттағы перомагнетиктер жер қыртысында өте шұңқырда жатады.