Шешен, билердің демократтық, халықтық сипатын ашудағы пікірлерінің маңызы

Шешендік дауларды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал дауы, және ар дауы деп беске бөлеміз. Қалыптасқан мемлекеті, қабылданған заңы жоқ феодалдық қоғамда дбарлық дау талап мәселесі қалыс ағайынның қазылығымен,, жол –жоба білетін тәжірибелі адамдарға жүгінумен шешілген. Халықтың осындай қарапайым тәжірибесінен қазылық институт, билік-төрелік айту дәстүрі, әдет заңы қалыптасқан.

Шешендік дау ұзын түре айтыс, немесе төрелік сөз болуы шарт емес. Әдетте, шешен айтлыс дауда ұзақ сөзбен ұтпайды, бір ауыз ұрымтал оймен ұтады. Шешендік дау дегеніміз – айтыс үстінде тауып айтылған сол бір ауыз айтылған ұрымтал сөз. Ол кейде дау, кейде билік, тіпті кіріспе сөз болуы да мүмкін.

Шешендік сөздердің бірсыпырасы мал дауымен байланысты туған. Әсіресе, осы мал дауына байланысты сөздерде ру басыларының үстемдігі, мал дауына байланысты сөздерде ру басыларының үстемдігі, мал-мүлк теңсіздігі айқын көрінеді. Болмашы нәрсені сылтау ғып күшті ру басылар елсіз ру, момын шаруалардың малын айдатып алып, білсе “барымта”, білмесе “сарымта” деп сіңіріп жіберген.

Ар дауы жеке адамдар арасындағы намыс жыртумен шектелмейді. Жер, жесір, құн, барымта дауларының бәрінде де бір жағынан дүние мүлік таласы болса, екінші жағынган атақ-абырой үшін тартыс жатады. Әсіресе ел-елдің арасында жүргізілетін елшілік келісім сөздерде елші ең алдымен елінің намысын қорғайды. Өйткені, жердің бүтіндігі, елдің дербестігі, әр халықтың өзін-өзі билеу правосы және табан ақы, маңдай термен тапқанына өз иелігі т.б. сайып келгенде, әр халықтың ары мен намысы болып табылады.

Сөйтіп, шешендік даулар екі кісі арасындағы мал-мүлік үшін болатын дау-шардан бастап, екі ел арасындағы мәміле-бітім сөздерге дейін қамтиды.

Қорытып айтқанда – шешендік сөздер, негізінде, халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялн көрсетеді. Өмірге, дүниеге көзқарасын, ой-өрісін бейнелейді.

Шешендік сөздердің шеберлігі, құндылығы сөз сайысында, алқа топтың алдында бағаланған.

Шешендік сөздерді құрылысына қарай термелі сөз, пернгелі сөз деп екіге бөлуге болады. Құрылысы өлең –жырға ұқсас шешендік сөздерді тертмел сөз дейміз.

Көркем қара сөзбен айтылатын шешендік сөздерді пернелі сөз дейміз. Шешендік пернелі сөздің ерекшелігі сөздері сұрыпталған, сөйлемдері іріктелген, бірі мкен –бірі көлемі жжағынан қарайдлас, ықшам келеді.

Шешендік сөздердің құндылығы тек шындығында емес, ойының тапқырлығында. Қиядан жол, қиыннан сөз табу – шешеннің бағалцы қасиеті.