Маңғыстау облысының сауда саясаты

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасынын заңында төмендегі сауда туралы ақнықтамалар берілген.

Сауда саясаты – осы Заңда белгiленген мақсаттар мен принциптердi iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдық, құқықтық, экономикалық, бақылау және өзге де шаралар жиынтығы;

Ішкi сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi;

Сауда қызметi – жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;

сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган– сауда қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

Бөлшек сауда – кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес, сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

Көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;

тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;

сауда қызметi субъектici – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

сауда объектiсi – арнайы құрал-жабдықпен жарақталған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын үй немесе үйдiң бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi – бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi, оған дейiн сауда қызметi субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын айқындауға құқылы;

сауда алаңы – тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуiне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектiсiнiң алаңы;

сауда желiсi – ортақ басқарудағы және (немесе) бiрыңғай коммерциялық белгiнi немесе дараландырудың өзге де құралымен пайдаланылатын, екi мың шаршы метрден кем емес жалпы сауда алаңы бар, екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;

iрi сауда объектiсi – сауда алаңы екi мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi;

Сауданы реттеудің мақсаттары

1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту;

2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;

3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу;

4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау;

5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестiк қабiлеттiгiн арттыру болып табылады.

Реттеудің қағидалары

1) сауда қызметi субъектiлерi құқықтарының теңдiгi;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың сауда қызметiне араласпауы;

3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау;

4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау;

5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету;

6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi;

7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiрлiгi;

8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Реттеудің формалары

1) сауда қызметiн жүзеге асыру тәртiбiн айқындау;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауарлардың өтуi шарттарын айқындау;

3) сауда қызметiн дамытуды ынталандыру;

4) сауда қызметi саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау;

5) сертификаттау.

Реттеудің әдістері:

1) сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу;

2) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тауарлардың сатылуын тоқтата тұру және (немесе) сатуға тыйым салу;

4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану;

5) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу

Сауда – облыстағы экономикалық қызметтің ең қажетті салаларының бірі. Өнім өндірудің соңғы өндрісі бола келе, өндірісті және тұтыну игіліктерін өзара байланыстыра отырып, сауда ғылыми-техникалық прогресті және тауарлар мен қызметтердің сапасын көтеруге әсерін тигізді.

Тауар айналымының есеп жүйесінде жеке тұтынуға немесе үй шаруашылығына арналған тауардың сатылу массасыныңорталық көрсеткіші болып өзгеру тенден-циясы тауар және қызмет нарығының жағдайы және дамуының маңызды бағалау уақытына қатысты бөлшек тауар айналымы табылады.

2010ж. барлық арналар бойынша сатылған тауар айналымының көлемі 78,0 млрд. теңге және өткен жылдың сондай кезеңінен 61,4% өскен. Облыс бойынша жан басына шаққандағы тұтыну тауарларын сату орташа 148,8 мың теңгені құрады,бұл 2009ж.76,5 мың теңгеге артық.

Бөлшек тауар айалымы көлемінің серпіні

Тауар айналымы көлемінің нақты өсімі айтарлықтай тауарлардың көп түрлігімен жүзеге асы-рылады. Конъюнктуралық зерттеу бойынша 2010ж. сұрау салынған сауда басшыларының 13% тауар ассортиментінің өскені жөнінде және 38% — өзгергендігі туралы хабарлады.

Аймақ бойынша өткізудің ең үлкен көлемі (жалпы бөлшек тауар айналым көлемінде) Ақтауда байқалды – 90% (70,2 млрд. теңге).
Аудандар бойынша бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі

Тауарды өткізу құрылымында да өзгерістер болды. Халықтың сатып алуларындағы азық-түлік емес тауарларының үлестік салмағы өсті, бұл халықтың табыс деңгейінің өсуін көрсетеді.

2010ж. бөлшек тауар айналымының құрылымында басым бөлігін азық-түлік емес тауарлары алып отыр – 71,2%, тауар айналым көлемі 55,5 млрд. теңгені құрады. Азық-түлік тауарлары 22,5 млрд. теңге соммасына сатылды, немесе бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінен 28,8%.

Бөлшек тауар айналымының құрылымы

(тауар айналымының жалпы көлеміне %-бен)

(в % к общему объему товарооборота)

2010ж. алкогольды өнімді сатудан түскен түсім 2629,7 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде алкогольді өнімді сатудың жалпы көлемінен 39,6% арақ, ликерарақ бұйымдары, коньякқа келеді, 18,9% — сыра, 26,6% — шарап, 3,6% — шампан.

2010ж. азық-түлік тауарларының құрылымында өткен жылдың сондай кезеңіндегідей бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің басым бөлігін ең бірінші қажеттілікке қажетті тауарлар алады: ет және ет өнімдері – 17,5%, сүт өнімдері және жұмыртқа – 12,6%, нан және ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар – 5,5%, жемістер және көкөністер – 11,0%.

Ауылдық жерлерде азық-түлік тауарларын өткізу үлесі қалалық жерге қарағанда біршама жоғары.

2010ж. қалалық және ауылдық жерлердегі бөлшек тауар айналымының құрылымы

 
Ауылдық жер Қалалық жер

Азық-түлік емес тауарларының ішіндегі бөлшек сауда құрылымында басым бөлігін келесілер алады: киімдер – 23,8%, үй тұрмысындағы электр құралдары — 5,0%, құрылыс материалдары – 3,9%, аудио-видео аппаратуралары – 2,8%, фармацевтикалық тауарлар – 1,0%.[3].

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлеміндегі мемлекеттік емес секторының үлесі ағымдағы жылдың басынан бері 99,4% құрады, оның айналымы 77,5 млрд. теңгеге есептелген.

Облыста нарықтағы және жеке кәсіпкерлердің азық-түлік тауарларын өткізудің көлемі бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінің (өткен жылдың сондай кезеңінде – 36,3%) 47,5% алады. 2010ж. нарықтардың айналымы 37,1 млрд. теңгені және 2009ж. са-лыстырғанда 44,7% құрады. Облыс тұрғындары нарықта 53,8% жуық азық-түлік тауарларын сатып алады.