Көбев ХХ ғасыр басындағы әдебиетімізде көрінген жазушы әрі педагог. Ол Ыбырай Алтынсариннің шәкірті. Жасында орысша білім алып, 1901 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін халық мұғалімі болған. Спандияр 1905 жылғы революция әсерімен ерте оянып, феодалдық құрылысқа, ескі әдет- ғұрыпқа қарсы шығады. 1908 жылы өзінің «Қалың мал » атты реалистік романын жазады. Ол тұңғыш рет 1913 жылы жарыққа шыққан.
1951 жылы оның «Орындалған арман» дейтін мемуралық повесі басылды. Ұзақ жылдарға жемісті педагогикалық еңбегі үшін с. көбеев 1938 жылы Ленин орденімен наградталған. 1947 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланған.
Қазақ әдебиетінде роман жанрының негізін салушы С. Көбеев болған еді. Қазақтың тұңғыш романы «Қалың малдың» бас тақырыбы әйел теңсіздігі десек те, онда тап күресінің де таңбасы айқын.
Романда С. Көбеев ескі салтты, әсіресе қалыңмал алу дәстүрін сынайды. Ұнамды бейнелері-Ғайша, Қожаш, қыз тағдырына болысқан Серіғазы, Тұрлығұл мен көкшалғын шабындығы үшін күреске түсіп жүрген кедей ауыл жігіттері-Бірлығұл, Жүніс, Әлкендер. Ұнамсыз бейнелер- фиодал Тұрлығұл, парақор бейлер-Байғазы мен Құрымбай, Итбай молда. Романда Тұрлығұл ескілік пен фиодалдық озбырлықтың символы ретінде көрсетілсе, ысқатқа алған баспақ, тоқты-торымға місе қылмай, байларға жетемін деп әуре болған Итбай молда көбіне мінез жағынан сатиралық пішінде көрсетілген. Итбай жаңаша баю жолына салынған адам. Бірақ онысы қаны шыққан ескілік болып көрінеді.Жалпы алғанда «Қалың мал » ағартушылық идеиасындағы роман болды. Шығармада Н.В Гоголь сатирасының ізі, әсері бар.